2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Кесарь тілігімен босанған ана көз жұмды: нәресте аман

Алматы облысында кесір тілігімен босанған келіншек көз жұмды. Құрсағындағы баласына 8 айлық болғанда әйел өзін жайсыз сезініп, Текелі қаласындағы перзентханаға «Жедел жәрдеммен» жеткізілген екен. Дәрігерлер шақалақты аман алып қалғанымен, анасының ертесі күні демі үзілген. Ал, марқұмның ата-анасы болса бұған дәрігерлерді кінәлауда. Ақ халаттылардың уәжі қандай? Жас келіншекті ай-күні жетпей босандыруға не себеп болды?

Подробнее...

Жұмысшылар «тиран» басшыларының үстінен шағымданды

«Басшымыз бізді құлша жұмсайды!» Ақтөбедегі локомотив пайдалану депосының жүздеген жұмысшысы шу шуғарды. Бастықттарының боқтап-балағаттағаны былай тұрсын, үйінің жұмысына жегіп қойғанын айтты. Сорақысы — кім онымен амандаспаса, соның соңына түсіп, сыныққа сылтау іздеп, қызметте төмендетті дейді. Ал шыдамағандар жұмыстан кетіп тынған. Машинистерді жыларман күйге түсірген тиран басшы кім?

Подробнее...

Имидждік жобалар азайып, қымбат көліктер алынбайды

30 миллиард теңге! Осыншама қомақты қаржы биыл имидждік шараларға жұмсалмақ болыпты. Түсіндіре айтсақ, шенеуніктер миллиардтар көмегімен Қазақстанды шетелде кеңінен танытпақ болған. Біздің еліміз биыл Дубайда өтетін ЭКСПОға да қатыспақ. Халықаралық көрмеге де еліміз қыруар қаржы дайындап отыр. Бірақ, биліктегілердің ой-жоспарына бір-ақ «ұсыныс» кедергі болуы мүмкін.

Подробнее...

Нұрлан Қоянбаевтың жаңа киносы таныстырылды

My love is Aisulu. Алматыда осындай романтикалық комедияның тұсаукесері өтті. Продюсер Нұрлан Қоянбаев алғаш рет өзіне мүлдем таңсық рөлді, яғни ғашық жігіттің бейнесін үлкен экранға алып шықты. Фильм Қазақстан мен Америкада түсірілген. Кино картинаның түпкі мағынасы — «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген тәмсілмен астасып жатыр. Сондай-ақ кез келген кедергіден сүрінбей өтетін көзсіз махаббат баяндалады. Алдын ала көрсетілімге жүзден астам көрермен …

Подробнее...

Қармен күреске 200 млн теңге бөлінді

Ақ апокалипсис немесе боранды коллапс. Еліміздің бас қаласын басқан қарды тазалауға техника жетіспеуде. Коммуналдық қызметкерлердің жігерін құм қылған боранның салдарынан билік өкілдері үкіметтің материалдық резервінен қосымша техника алуға мәжбүр. Елордада төтенше жағдай жарияланғанымен төтенше жайттың төресі қала сыртында.

Подробнее...

Тоқаев Әмірліктермен қандай келісімге келді?

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 40 миллиард доллардың инвестициялық ұсыныстарын жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация Дубайда осы елдің ірі бизнесмендерімен кездесу өткізді. Енді міне, бір тәулік өтпей, тараптардың пікір алмасуы елімізге қомақты қаржы тартты деуге болатындай. Сонымен қатар, Қазақстанға Ислам банктері келуі мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары қандай келісімдермен аяқталды?

Подробнее...

Сатушыны 30 рет пышақтап өлтірген

Өмір бойына бас бостандығынан айырылсын! Ақтөбеде сатушының мойнына 30 рет пышақ сұғып, оны асқан жауыздықпен өлтіргендерге жақындары мен ауылдастары ең ауыр жаза тағайындауды сұрап отыр. Қанды қылмыс Қарғалы ауданының Бадамша ауылында болған еді. Феруза Пірманованы қанға боялып жатқан жерінен күйеуі тауып алған. Осы уақытқа дейін ауылдықтарды үрей құшағында ұстап келген қылмыскерлер кім? Олар неге жазаларын толық мойындамай отыр?

Подробнее...

Астанада төтенше жағдай жарияланды

Қолайсыз ауа райына байланысты елордада төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы астанада өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Өткен түннен бері тыншымаған ақтүтек боран бүгін кешкісін қайта күшіне мінгендей. Салдарынан рейстер кешігіп, білім беру орындарында сабақтар уақытша тоқтатылды.

Подробнее...

Қар құрсауында қалғандардың жанайқайы

Еліміздің басым бөлігінде тағы да ақ түтек боран. Салдарынан республикалық маңызы бар жолдардың басым бөлігін қар басып жатыр. Төтеншеліктердің ескертпесін елемей жолға шығып, қар құрсауында қалған жолаушылардың саны 1 мыңға жуықтаған. Оның 100-ге жуығы бала. Алыс жолды былай қойғанда, Елорда маңындағы Қосшы, Қоянды, Лесная Поляна елдімекендерімен байланыс үзілген. Адам шығыны бар ма? Боранның беті қашан қайтады?

Подробнее...

Тоқаев ресми сапармен Әмірліктерге барды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.Мемлекет басшысы Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Айта кетейін, Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мемлекетке ел президенті ретіндегі алғашқы рет барып отыр. Бүгін бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылып, іскерлік ортаның кездесуі өтеді деп жоспарланған.

Подробнее...
X