Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны бір түнде 30 пайызға артқан! Соңғы ресми ақпаратқа сәйкес, жұқпалы індеттен 80 адам көз жұмған. Бүгінде Қытай билігі вирустың шығу ошағын анықтауда. Әзірге нақты себеп табылмады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вирустың ел аумағына таралмауы үшін Үкіметке нақты шараларды қабылдауын тапсырды. Атқарушы билік қауіпті індеттің Қазақстанға өтіп кетпеуі үшін не істеп жатыр? Қытайда оқып жатқан жүзге жуық отандасымыздың …
Подробнее...Новости
Астанада қасқыр қаптап жүргені рас па?
Астанада қасқыр қаптап жүр! Кешелі бері ватсап желісі арқылы осындай сарындағы видеолар сағат сайын келіп жатыр. Болжам бойынша, көк бөрілер ақ түтек бораннан ұйығып келген. Ал қатты шошынған жұрт, үйлерінен шыға алмай отырған көрінеді. Тіпті түз тағысын атып, қолға түсіргендері де бар екен. Жалпы алаңдауға негіз бар ма? Бұл ақпарат қаншалықты рас?
Подробнее...90 отандасымыз вирус аймағынан шыға алмай отыр
Қытайдағы короновирустық инфекциядан көз жұмғандар саны 25 адамға жетті. 800-ден астамы дертті жұқтырған. Індет салдарынан көршілес ел билігі бақандай 13 қаланы жапты. Қазіргі уақытта вирус шыққан шаһарда 90-нан астам қазақстандық қалып қойған. Жерлестерімізге Сыртқы істер министрлігі көмектесе ме?
Подробнее...Шетелден көлік әкелгендерге бір жыл уақыт берілді
Елімізге шетелден көлік әкелгендерге бір жыл уақыт берілді. Не біздің елдің талабына сай тіркейді иә болмаса автосы елден шығарылады. Бүгін Президент Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы және өзге де өзекті мәселелер көтерілді. Жиын барысында он жылда 7 триллион теңге ақшаны алуын алып, бірақ жөнді нәтиже көрсете алмай келе жатқан мемлекеттік холдингтер де сынға ілікті. Сонымен, мемлекет басшысының тапсырмасын …
Подробнее...Тараздағы педофил 25 жылға сотталды
Таразда мектеп дәретханасында 7-сынып оқушысын зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты. Азғын мәжбүрлі химиялық кастрациядан бөлек, енді өмірінің 25 жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Бұл елімізде қарастырылған максималды жаза екен. Қылмыстық істі қараған фемида өкілі дәл осындай шешім шығарды. Сондай-ақ, ол қыздың отбасына 5 млн теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді.
Подробнее...Алыс аудандарда да кинотеатр ашылады
Алдағы уақытта елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Алматыда өткен Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының жиынында мәлім болды. Осылайша еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ.
Подробнее...Қызылордалық шенеунік тілшілердің шамына тиді
https://youtu.be/gpTnala-Rzc Бұқаралық ақпарат құралдары заман талабынан қалып келеді! Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысы Ғалым Әміреевтің осы сөзі журналистерінің ашу-ызасын тудырды. Шенеунік Ютуб желісінде блогерлерге берген сұхбатында телеарналар мен газеттердің жойылуына сәл-ақ қалғанын сөз еткен. Мұнымен келіспеген Қызылордалық бір топ журналист шенеунікті дөңгелек үстелге шақырып, базынасын айтты.
Подробнее...Тұтас ауыл ауызсусыз отыр
Түркістан облысында шенеуніктердің кесірінен бүкіл ауыл ауыз судан қағылды. Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде екі тәуліктен бері су жоқ. Аудан әкімдігіне қарасты сумен қамтамасыз ету мекемесі электр жарығын тарату компаниясына алдында қарызға белшесінен батқан. Сөйтіп, қыстың көзі қырауда мың шақты абонентті тіршілік нәрінен айырып отыр.
Подробнее...Тоқаев үкіметтің есебін тыңдайды
Ішкі істер министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылуы мүмкін. Ертең Президенттің қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты қоғам белсінделері осындай болжам жасап отыр. Әдетте жаңа жылдың басында өтетін дәстүрлі жиында атқарушы биліктің жұмысына баға беріледі. Кейбір министрлер, әкімдер, тіпті Премьер-министрдің өзі мемлекет басшысынан сын естіп тарайды. Ал президент болғалы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен екінші рет өткелі тұрған кеңейтілген Үкімет …
Подробнее...Қытайдағы індеттен 17 адам көз жұмды
Қытайдан шыққан қауіпті індет күллі әлемге тарай бастады. Коронавирустан қаза тапқандар саны бүгінде сәт сайын артып келеді. Соңғы деректер бойынша инфекцияны 570 адам жұқтырып, оның 17-сі қаза тапқан. Мамандардың айтуынша, қауіпті дерттің кәдімгі тұмаудан айырмашылығы жоқ екен. Тек соңы өлімге апаруы мүмкін. Коронавирустан қалай сақтанамыз? Бізде бұған қарсы вакцина бар ма?
Подробнее...






