Ақтүтек боран елорда көшелерін қар құрсауында қалдырды. Жол апаттары жиілеген. Полицейлер көліктерді қойып, автобустарға көшуге кеңес берсе, төтеншеліктер жұмыс уақытын қысқартуды ұсынуда. Қаладан шығар жолдар тарс жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілуде. Бірақ оған қарамай жолға шығуды мақсат еткендермен тәртіп сақшылары барынша күресіп әлек.
Подробнее...Новости
Жүздеген жан боранда қалып қойды
Боранға байланысты 100-ден астам жолаушы тас жолдарда қалып қойған. Оларды құтқарушылар әлі де қауіпсіз жерге жеткізуде. Ірі трассаларды жапқанымен, тыңдамай шығып кететіндер баршылық. Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында табиғат әлі екі күн «мінезін» көрсетпек.
Подробнее...Медициналық туризм қолға алынады
Енді таксистер арнайы тексерістен өтуі мүмкін. Өйткені таяқ тастам жерге 60-70 мың теңге сұрап құныққандар шетелдіктерді сөйтіп қорқытып алатын көрінеді. Одан бөлек елімізде медициналық туризмді дамыту қолға алынбақ. Ауыр диагнозы бар пациенттерді емдеу үшін бізде де барлық жағдай жасалған. Оны шетелдіктерді тартудың басты тетігіне айналдыруымыз керек дейді дәрігерлер. Тіпті сол үшін тур агенттіктерімен бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлап қойыпты.
Подробнее...Бір топ шенді парамен ұсталды
Күні кеше ұсталған Байқоңыр ауданының әкімі пара ретінде соңғы үлгідегі смартфон және 4 млн теңге алған. Ал, Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен оның орынбасары мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қыруар қаржыны жымқырды және мердігер компанияларға «бас-көз» болу үшін ауызбастырық алды деп айыпталуда. Одан басқа ұсталған лауазымды тұлғалар кімдер?
Подробнее...Жаркент тұрғыны: жылудың тарифі 35 мың теңгеге жетеді
Алматы облысында жылу бағасына қатысты дау шықты. Жаркентте «Жұмыспен қамту» бағдарламасымен пәтер алған тұрғындар тарифтің қымбаттығына наразы. Жұрт айына 1 бөлмелі үй 15 мың теңге төлесе, 2 бөлмелге 25 мың, ал, 3 бөлмелі алғандар 35 мың теңгеден төлеп отыр. Мұндай баға еліміздің ешбір қаласында жоқ шығар, — деп арнамызға мұңын шақты. Тіпті, кейбірінің пәтері жылынбайтындықтан, электр жылытқышын қосып отыр. Сөйтіп, …
Подробнее...Бензин бағасы тағы шарықтай ма?
Екі-үш күннен бері қаладағы жанармай бекеттерінде бензин қымбаттады. Халықаралық аренада мұнайдың бағасы көтеріліп, елімізде доллар төмендеп жатқанда жанар-жағармайдың шарықтауын сарапшылар қалай түсіндірді? Бұл жайт көлік иелеріне қалай әсер етуде?
Подробнее...Антибиотик қабылдағанша, шөппен емдеуді ұсынады
Ал, Алматылық емші ағзаға зиянды антибиотиктерді қабылдағанша тау-таста өсетін шөппен ақ емделуге болатынын айтады. Қазақ даласында өсетін сан алуан өсімдіктен дәрі жасап жүрген Сүлеймен Маралбай жылына екі мың адамның құлан таза айығып кетуіне жәрдемдесемін дейді. Ол осылайша халықтық медицинаның негізін қалаған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының дара жолын жаңғыртпақ.
Подробнее...Шенеуніктер саны қысқармақ
Елімізде шенеуніктер саны қысқарып, мемлекеттік қызметке қабылдау тоқтауы мүмкін. Кешелі бері ақпарат құралдарында Президенттің мораторий жариялау жайындағы қаулысы тарауда. Құжат қазір қоғамдық талқылауға шығарылыпты. Халық қолдаса, Мемлекет басшысы құжатқа қол қоюы мүмкін. Елдегі өзгерістер 98 мың шенеуніктің қайсысына қатысты? Мамандар не дейді?
Подробнее...Авторлар қаламақыларын ала алмай отыр
Алматыда 3 жарым мыңнан астам автор бір жылдан бері қаламақыларын ала алмай келеді. Билікке таласқан тараптар бір-бірінің есеп-шоттарын бұғаттап тастаған. Ортақ шешімге келе алмаған екі жақ енді бір бірін сотқа сұйрелеуде. Екі ортада оның зардабын авторлар тартып отыр.
Подробнее...Шамадан тыс қар қозғалысты қиындатты
Қар көп пе, әлде коммуналдық қызмет нашар ма? Ақ ұлпадан аяқ алып жүруі қиындаған астаналықтарды дәл қазір осы сұрақ мазалайды. Көшеде адам түгілі көліктің жүруі қиындап, қозғалысқа кедергі келіп жатыр. Мұндай тау болып үйілген қарды бұрын-соңды көрмедік деген жұрт, әкімдіктің жұмысына көңілдері толмайтынын айтып қалды. Ал тазалыққа жауапты мекемедегілер болса, барлығына табиғаттың тосын мінезі кінәлі дегенді алға тартты.
Подробнее...






