18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Жезқазғандағы «Қазақмыс» басшысын неліктен пышақтаған?

Таңнан бері Жезқазғазғандағы жанжал жайлы түрлі ақпарат тарап жатыр. Қазақмыстың сол жақтағы басшысын Кәсіподақ төрағасы пышақтап, өзіне қол салған. Дауға не түрткі болғанын тергеу органдары ашып айтар емес. Арнамыздың тілшілері қолға пышақ алуға не итермелеуі мүмкін болғанын өздігінен анықтап көрген болатын.

Подробнее...

«Бек эйр» әуе компаниясының жағдайы нашар

«Бек Эйр» әуе компаниясының жағдайы мүшкіл. Қанағаттандырмайды. Әуе апатынан кейін тексеруге кіріскен азаматтық авиция комитеті осындай байламға келді. Ресми органның мәліметіне қарағанда компаниядағылар бір ұшақтың қосалқы бөлшегін өзгесіне алмастырып, жыртығын жамаған. Бұған да жолаушы тасымалдаушы мекеме жауап тауып, ғаламторда айтысып жатыр.

Подробнее...

Абайдың 175 жылдығы басталды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған ресми іс-шаралар басталды. Соның алғашқысы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордада өтті. Ақынның мерейтойы қарсаңында қандай дүниелер қолға алынады? Абай елінің азаматтары биылғы жылдан не күтеді?

Подробнее...

Әкімдерге алдандым!

Әкімдердің уәдесінен шаршадым! Он екі жыл бұрын пәтер кезегіне тұрған қызылордалық Әйгерім Сәрсенбаева осылай деп, біздің арнамызға жанайқайын жеткізді. «Күміс алқа» иегері пәтер кезегі қанша жақындағанымен, баспаналы болу арманы сонша алыстап бара жатқанын айтып отыр. «Көпбалалы отбасы»санатында үй кезегінде тұрған 6 баланың анасына облыс пен қала әкімі «желтоқсанда баспаналы боласыз» деп кезекті уәдесін үйіп-төгіпті.

Подробнее...

Қоғамдық көліктердегі түйткіл

Елордадағы қоғамдық көлік төңірегіндегі қиындықтар әлі де азаймай тұр. 2014 жылы қыруар қаржыға орнатылған ақпараттандыру таблоларынан уақыт өтпей ақау шығып, шетінен сынып жатыр екен. Ол жерден жолаушылар автобустардың қанша уақытта келетінін бақылай алушы еді. Ал, оң жағалаудағы құрылғы жетпей қалған бөліктегі тұрғындар автобусты сағаттап күтеміз деп отыр.

Подробнее...

Елорда іргесіндегі ауылды қар басты

Елорданың іргесіндегі ауыл тұрғындары қалың қардан үйлерінен шыға алмай отыр. Талапкер ауылыныңдағы тұтас бір көшенің халқы су таси алмай, жұмысқа бара алмай, әбден қиналуда. Бір аптадан бері әкімдікке хабарласып, күдер үзген ел-жұрт ақпарат құралдары арқылы Үкіметтен көмек сұрады.

Подробнее...

Ұлыма клизма жасап, шешіндірген!

Көршім ұлыма қинап клизма жасап, бірнеше рет шешіндірген! Алматылық ерлі-зайыпты көршісінің күмәнді әрекетін қылмысқа балап отыр. Олардың сөзінше, 31 жастағы жігіт далада ойнап жүрген баланы пәтеріне алдап кіргізіп, қатарынан екі рет клизма жасаған. Сосын оны жуындырып, үйіне жіберіпті. Жеткіншек болған жағдайды отбасына айтып берген бойда, әкесі бірден полицияға хабар беріпті. Бүгін осы іске қатысты қылмыс іс қозғалғаны анықталды.

Подробнее...

Жаңадан салынған үйлер құлағалы тұр

Шымкенттегі шағын аудандардың бірінде 30-ға жуық тұрғын үй құлауға шақ тұр. Пайдалануға берілгеніне небәрі 3 жыл болған баспана жылдан жылға тозып барады дейді біздің арнаға шағымданған пәтер иелері. Жұрт сапасы сын көтермейтін пәтерлерін 20 жылға ипотекаға сатып алған. Ал, мердігер компания сыннан қорытынды шығарудың орнына кепілдік мерзімі аяқталғанын айтып, ақталып әлек. Сондықтан бүгін ашуға берілген жұрт көшеге шығып, наразылықтарын білдірді.

Подробнее...

Кәсіпкерлікті қолдау ма, қорлау ма?

Үкімет тарапынан орта және шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 14 млрд теңге бөлінеді екен. Ал, «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсібін көркейтпек болғандар мекемеден 1 жылдан бері ойлаған жеңілдігіне қол жеткізе алмай келеді. Кәсіпкерлер бітпейтін қағазбастылық қажытты деп отыр. Қор өкілдері болса, кепіл затың болса ешқандай қиындықсыз керекті сомаңды алуға болады деуден танбайды.

Подробнее...

Бала күтуші 1,5 жасар сәбиді аяусыз ұрған

«Аузыңды жап! Үніңді өшір!». Алматыда 1,5 жастағы сәбиге бас-көз болып жүрген келіншектің сұмдық әрекеті әшкере болды. Бала күтушісінің жұмысын жасырын тексермек болған бүлдіршіннің әкесі бөлмеге камера орнатып, сырттай бақылаған кезде жағасып ұстапты. Әлі тілі шықпаған ұлды аяусыз сабаған әйел, бұл тірлігін күнде қайталап отырғанға ұқсайды. Оған көршілерінің шағымы да дәлел. Қатігездігімен қолға түскен келіншек өз кінәсін мойындаудың орнына, полиция қызметіндегі …

Подробнее...
X