Алматыдағы Алатау ауданының экс-әкімі қамауға алынды. Әлеуметтік желіде шенеунікті ұстау кезіндегі видео тарауда. Жемқорлыққа қарсы агенттіктің хабарлауынша «аудан басшысы мен оның орынбасары бюджет қаржысын талан-таражға салды» деген күдікке ілінген. Бұл қаражат «аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген екен. Сондай-ақ әкімнің орынбасары «мердігер ұйымға қамқорлық көрсеткені үшін пара алды» деп айыпталып отыр. Қазір күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу …
Подробнее...Новости
Еріктілер 82 жастағы зейнеткерге көмектесті
Елордалық еріктілер 82 жастағы кейуанаға көмектесті. Бір топ азамат жалғызбасты зейнеткердің үйінің ауласын қалың қардан аршып, көмірін тасыды. Қария 15 жылдан бері өз күнін өзі көріп келеді екен, ешкімнен көмек сұрамап едім, дейді. Тек соңғы жылдары бойынан әл-қуат кетіп, жанары сыр бере бастағанда еріктілерге жүгініпті.
Подробнее...Қытайға бармауға шақырды
Еліміздің бас санитарлық дәрігері қазақстандықтарға Қытайға барудан бас тартуға шақырды. Әсіресе вирус өршіп тұрған Хубей аймағы мен Ухань қаласына жоламаған дұрыс, дейді. Соңғы деректерге сәйкес, коронавирусты жұқтырғандардың саны 200-ге жақындаған.
Подробнее...Полицейдің қылмысы әшкерелене ме?
Тобылда полицей өзгенің өмірі үшін өз жанын берсе, Алматы облысында әйелін өлімге итермелеген тәртіп сақшысы жайбарақат жұмыс істеп жүр. Қапыда қызынан айырылған ана, күйеу баласының қорлығын журналистерге әшкерелеп берді. Оның сөзінше, полиция қызметкері болып істейтін жігіт келіншегіне 13 миллион теңге ұрладым деп хат жаздырып, бүкіл әулеттің алдында масқаралаған. Тіпті баласынан да бас тартуға мәжбүрлепті. Бұған шыдамаған әйелі өз-өзіне қол салыпты.
Подробнее...Пәтердің шаршы метрі 40 мыңға қымбаттайтыны рас па?
Пәтердің әр шаршы метрі 40 мың теңгеге қымбаттайды. Қазақстандықтарды осындай жағымсыз жаңалықпен кім және не үшін қорқытып отыр? Жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалдың тұрақтамай, керісінше жыл санап мың түрленетінін былайғы жүрт жақсы біледі. «Өз үйім, өлең төсегім» болса шіркін деп жүгендерден бұл арман жыл санап алыстап бара жатқандай. Сонымен, 2020 жыл бастала салысымен тағы қымбаттаудың қарқынына куә боламыз ба?
Подробнее...Мектеп оқулықтарында қателер өріп жүр
«8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығында қате өріп жүр: автор өз қатесін мойындады». Дәл осындай тақырыппен еліміздің ақпараттық порталдарының біріне материал жарияланды. Алайда, кітаптың авторы мұнымен келіспейді. «Ақпарат құралындағы мұндай тақырып тым артық, айтарлықтай ештеңе жоқ» деп азар да безер. Сонымен, қате жазылған оқулықпен қанша буын тәрбиеленіп жатыр?
Подробнее...Судья мен адвокаттар текетіресі
Судьяның дөрекі қылығын ғаламторға жариялаған адвокаттар лицензиясынан айырылуы мүмкін. Оларға қарсы Әділет министрлігі шағым айтса керек. Басы дауға қалған адвокаттар болса, заңнан аттап баспадық деп отыр. Жоғарғы соттың жасанды кедергісінің кесірін тартудың аз-ақ алдында тұрмыз деуде. Заңгерлердің дауына қатысты алғашқы шешім де шықты.
Подробнее...Мазар салу мен жерлеудің жоралғысы өзгереді
Бірінен бірі асып түсетін зәулім зираттар салудан бәсеке тыйылмай тұр. Шариғатта астамшылдыққа жол жоқ дегенді алға тартқан діни басқарма мәйіттерді жерлеудің жаңа стандарттарын даярлап жатыр. Арнайы қызмет көрсету бюролары, тіпті, зираттарға қатысты мәселелерді заң жүзінде реттеу керек деп есептейді. Сонымен, мәрмәрдан құйылған мазарлар мен зәулім сарайдай молалар салуға енді тыйым салына ма? Жаңа стандарттар қандай болмақ?
Подробнее...Ақтүтек боран әуреге салуда
Қаңтардағы коллапс! Дүлей бораннан елімізде бірнеше жол жабылып, ұшақтар әуеге көтерілмей жатыр. Салдарынан жолаушылардың бірі трассада, енді бірі әуежайда қаңтарылып отыр. Бұрқасынға қарамастан жолға шыққан көліктегілер түрлі видео түсіріп, құтқарушылардан көмек сұраған. Жолда қаңтарылған жүздеген көліктер қалай құтқарылып жатыр? Адам шығыны бар ма?
Подробнее...Шетелдік көліктерді заңдастыру қанша тұрады?
Шетелдік көліктерді заңдастыру қанша тұрады? Алматыда соңғы күндері бұқара арасында көп талқыланған тақырыпқа қатысты брифинг өтті. Қалалық әкімшілік полиция басқармасы басшысы шетелдік көліктерді тіркеу құны 500 мың мен 4 млн теңгенің төңірегінде болады дейді. Бұл сома көліктің қашан, қай жылы шыққаны, қай елден әкелгеніне байланысты екен. Әрі ол көлік кедендік тексерістен өтуі керек. Ал стандартқа сай келмейтіндерін тіркеу мүмкін емес. …
Подробнее...






