Сұмдық оқиға! 20 жыл құлдықта болған елордалық Шолпан Көшербаева басынан өткен жантүршігерлік жайттарды айтып берді. Ол 3 адамның өлімін өз көзімен көріпті. Енді дәл қазір оны да өлтіреміз деп артынан қалмай қорқытып жүр. Басынан өткенін айтсаң, адам нанғысыз. Көзін қышқылмен күйдірген, апталап тамақ бермеген, арақты мәжбүрлетіп ішкіздіріп, зәбір көрсеткен. Сорақысы мұның бәрін істеп жүрген бөтен адамдар емес, күйеуі мен оның …
Подробнее...Новости
Тергеу изоляторында жас жігіт көз жұмды
Жұмбақ өлім! Алматыдағы №18 тергеу изоляторында жас жігіт жұмбақ жағдайда көз жұмды. Абақтыдағы дәрігерлер азаматтың уколдан кейін жағдайы нашарлағанын айтты. Ал марқұмның туыстары мұнымен келіскісі жоқ. Өйткені, мәйітте көгерген іздер бар болып шықты. Ал оның денсаулығында бұрын ешқандай кінәрат болмаған. #
Подробнее...Жылы аялдамаларды жағымсыз иіс жайлаған
Елордадағы миллиондаған қаржыға салынған жылы аялдамалардың кейбірі қазірде бомждардың мекеніне айналған. Іші қоқысқа толып, адам көргісіз кейіпке еніпті. Қыста қалқан болуы тиіс аялдамаларға автобус күткендер кірмек түгілі, айналып қашуға мәжбүр. Бұған тұрғындардың өздері де кінәлі дейді жауаптылар. Сонда қалай?
Подробнее...Болашақ басқарушылар Тоқаевқа не айтты?
Қазақстанға мемлекеттік басқарудың адекват моделі керек. Президенттің кадрлық резервіне кірген жастармен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті. Президент сондай-ақ, мемлекеттік орган басшыларының түрлі қызметке инелікше секіріп, бір орында тұрақтамайтынын алға тартты. Ал бастық болғандардың командасымен көшіп-қонып жүретінін тоқтату керек, деді ол. Сонымен, жаңа жасақталған президенттік кадрлық резервіндегілер бұл олқылықтарды біле ме? Таңдалғандардың ішінде бай-манап, шен-шекпенділердің, лауазымды басшылардың балалары бар …
Подробнее...Балалардың дене бөлшектерін қалдырып кеткен
Полицейлердің салғыртығынан ер адам қос перзентін екі мәрте жерлеген. Қызылордада көлік аялдамаға соғылғанда мерт болған балалардың жан-жаққа шашырап кеткен дене бөлшектерін тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнына қалдырып кетіпті. Алайда содан бері екі ай өтсе де салғырттық танытқан тәртіп сақшылары тиісті жазасын алмаған. Бұған ашынған отағасы істі Ішкі істер министрі өз бақылауын алса дейді.
Подробнее...Әйелін ұратындарға жаза жеңілдеді
Заңды қатайту керек! Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа барғандарға тек ескерту жарияланып, еш шара қолданылмайтыны қоғам белсенділерінің келіспеушілігін тудырып, түрлі пікірлер қалыптастырып жатыр. Отбасындағы ұр да жық әрекеттер жазасыз қалмау керек деген азаматтардың сөзіне бүгін құзырлы органдар жауап берді. Заңның бұлай өзгеруіне де себеп бар болып шықты. Тіпті осы арқылы үйінде «батырсынатындардың» бәрі енді қатаң түрде тіркеуге алынып, полицияның уысынан құтылып кете алмайды …
Подробнее...Жастар арасында жұмыссыздық көбейген
Елімізде жұмыссыз жастар саны көбейіп барады. Дәл қазіргі уақытта 85 мыңға жуық қыз-жігіт үйінде бос отыр. Бұл ресми статистика. Дер шағында жастардың екі қолға бір күрек таппай отыруына не себеп? Мамандар не айтты?
Подробнее...Енді доллар айырбастасаңыз аты-жөніңізді көрсетесіз
Аты — жөнің кім? Алдағы айдан бастап еліміздегі ақша айырбастау пункттерінде азаматтардың ныспысы тіркеуге алынады. Бұл шетелдік валюта айырбасын жасайтын жандарға ғана қатысты талап. Одан бөлек, еліміздегі айырбас пункттерінің жұмыс істеу уақыты шектелмек. Ал, валютаны сатып пайда тауып отырған кәсіпкерлерге жарғылық талап деген ереже де бекітіледі. Бірақ, Ұлттық банктің бұл реформасымен кәсіпкерлер келіспей отыр. Себебі неде? Бұдан қарапайым халық зардап …
Подробнее...Туысы мүгедек қызды екі жылдан бері зорлап келген
Ақтөбеде мүгедек қызды туысқаны екі жыл қатарынан зорлап келген. Сұмдық жайтты ДЦП дертіне шалдыққан 28-жастағы қыз әке-шешесіне ыммен түсіндіріп беріпті. 55-жастағы еркек туыстарының сеніміне әбден кіргені сондай, ешкім жоқ кезде бойжеткенге бас-көз болып, массаж жасап жүріп, қорлап кеткен.
Подробнее...Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгерді
Ленин орнына Абай! Қарағандының бір дегенде он көшесінің атауы өзгеретін болды. Шаһарда осы мәселеге қатысты қоғамдық тыңдау өткен болатын. Әдеттегідей даусыз болмады. Совет заманынан бері мызғымай тұрған көше атауларын қалдыруды қалағандар қарсылыққа тап болса, ауыстыруды құп көргендер қошемет естіді. Әкімдік есебі бойынша, көшелерді өзгертуге кететін шығын 3 млн теңгенің маңында екен. Оны кім төлейді?
Подробнее...






