Ішімдік ішіп рөлге отырғандарға жаза қатаңдатылса да, айылын жимаған жүргізушілер табылуда. Жаңа заң күшіне енгелі бері еліміздің әр өңірінде араққа сылқия тойып алып көлік тізгіндегендер табылуда. Алайда, ондайлар заң талабын белшеден басып, мәселені ақшаның немесе тамыр-таныстың көмегімен шешуге тырысуда. Бірақ, дегендері болмай жатыр. мас күйінде көлік жүргізсеңіз қандай жазаға кесілесіз.
Подробнее...Новости
90 отбасы баспанасынан айырылуы мүмкін
Көкшетауда 90 отбасы басыбайлы баспаналарынан айырылып қалуы мүмкін. Өйткені, олар тұрып жатқан бес қабатты үйді қала билігі тұруға жарамсыз деп таныпты. Сөйтіп, оның орнына басқа үй салу жөнінде шешім шығарған. Алайда, ондағы пәтерлерді жұртқа тек арендалық жолмен бермек. Ал заң бойынша, мұндай пәтерді жекешелендіруге, сатуға немесе мұрагерліккке қалдыруға болмайды. Тығырыққа тірілген халық шенеуніктерден мүліктеріне меншік құқын сақтап қалатын балама жолды …
Подробнее...Қоғам белсендісі сотқа шақырылды
Шымкентте атышулы қоғам белсендісіне қатысты кезекті сот отырысы басталды. Ел арасында Руслан Жанпейісов деген атпен танылған ер адамды бұл жолы жол патрульдік полициясының қызметкері мен жеке кәсіпкер сотқа беріпті. Алайда, бүгінде аты-жөнін Бейбарыс Райымбеков деп өзгертіп алған айыпталушы өзіне тағылған кінәмен келіспей отыр. Оның сөзінше, барлығы заң аясында өрбіген. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
Подробнее...Жастар неге озбыр боп барады?
Буллинг туралы естігеніңіз бар ма? Аты әдемі болғанымен, заты мүлдем басқа. Мамандардың балалар арасындағы әлімжеттікті, олардың бір-біріне көрсетіп жүрген қорлығын, төбелес пен мазақты жұмсартып, осындай атау берген. Елімізде әр бесінші оқушы дәл осы буллингтің құрбаны болады екен. Жастар арасындағы депрессия мен суицидтің белең алуына да бірден-бір себепші осы көрінеді.
Подробнее...30 шақты пәтерді бірнеше адамға сатып жәберген
Елордада тағы да баспана дауы. «Аниса» тұрғын үйінің төңірегіндегі шу одан сайын ушығап барады. Құрылысқа жауаптылар істі болғанымен, алаяқтардың жасап кеткен былығының зардабын қарапайым жүрт әлі күнге дейін тартуда. 30-ға жуық пәтерді әккі айлакерлер екі реттен сатып жіберген. Бір баспанаға таласқан тұрғындар 8 жылдан бері ақиқатқа қол жеткізе алмай келеді.
Подробнее...Ақтөбе облысында бір ауыл үрей құшағында отыр
Ақтөбеде бүтін бір елді мекен үрей құшағында отыр. Алға ауданы Бесқоспа ауылының тұрғындары мектептің мұғалімі туберкулезге шалдыққанын жақында білдік дейді. Әрі ұстаздардың індетке шалдыққаны бірінші рет емес. Осыдан үш жыл бұрын мұғалім ауырып, емделіп шыққанын айтты. Осыдан кейін тиісті мекемелер дереу шара қолданбаса, ауылды дерт жайлай ма деп отыр . Құрт ауруы анықталған мектепте неге карантин жарияланбады? Ауылдың халқы неге …
Подробнее...334 млнға салынған аттракцион бұзылатын болды
Желге ұшқан миллиондар! 334 млн теңгеге салынған Рудныйдағы атышулы аттракцион сүрілетін болды. Жергілікті соттың шешіміне сәйкес, ол қауіпсіздік талаптарына еш сай келмейді екен. Қызығы, бұл нысанның жобасы да болмапты. Тіпті оны кім салғанын, қаражаттың кімге бөлінгенін ешкім білмейтін болып шықты.
Подробнее...Бір жыл өтсе де қорықшыны өлтіргендер неге сотталмауда?
Сот созылып кетті! Тура бір жыл бұрын Қарағанды облысында «Охотзоопром» қорықшылары Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкқа браконьерлер шабуыл жасап, алғашқысы көз жұмған еді. Сұмдық жайтқа қатысы барлар төрт күнде қолға түссе де, бір жылда сот әлі де олардан жауап алмапты. Марқұмның жақындары Фемида істі әдейі созбалақтап жүр деген пікірде.
Подробнее...Иран 176 адам мінген ұшақты атып түсіргенін мойындады
Иран мен АҚШ-тың бір-біріне қабақ шытуынан көз жұмған адамдардың саны 200-ден асты. Ислам мемлекеті Тегерандағы әуе апаты елдің Қарулы күштерінің қателігінен болғанын, яғни жолаушылар ұшағын зымыраны атып түсіргенін мойындап, әлемді дүр сілкіндірді. Бұл қадамды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды шешімге балады. Тараптарды ұстамдылық танытуға шақырды. Ал Иранның өз азаматтарын қырғанына ашуланған топ митингке шығып, полицямен теке-тіреске түсті.
Подробнее...Балалар стадионының орнына жатақхана салынбақ
Алматыда мектеп стадионының орнына 9 қабатты студенттік жатақхана салынбақ. Ал сол маңда тұратын жұрт қала басшылығы мұндай шешім қабылдағанда біздің пікірімізді ескермеді деп отыр. Спорт алаңы балалар мен зейнеткерлердің ең сүйікті орнына айналғандықтар, олар жаппай наразылық білдіруде.
Подробнее...






