10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Семей: Халық не дейді?

Абайдың 175 жылдығын тойлауға Семей шаһары барынша әзірлену үстінде. Әсіресе, мәдени саладағы қызметкерлер мәз. Өңірдегі біраз тарихи ескерткіштер жөнделетін болды деп. Қарапайым тұрғындардың да үміті зор. Бірақ қалағаны басқа. Бірі Семейге статус берілгенін қаласа, енді бірі зауыттарды қайтаруды сұрауда. Семейліктердің қалауы не?

Подробнее...

Алаяққа жем болған мектеп директоры қамауда отыр

Алматыда алаяққа жем болған мектеп директоры қамауға алынды. Білім беру мекемесінің арбауға түскен басшысына тергеушілер күзетпен ұстау шарасын қолданған. Алайда әріптестері араша сұрап, тілшілердің көмегіне жүгінді. Айтуларынша, директор жәбірленушіден күдіктіге айналыпты.

Подробнее...

Ұшақ апаты: Қанатына мұз қатқан

Қанатына мұз қатқан! 12 адамның өмірін жалмаған «Bek Air» әуе кемесінің апатына қатысты алғашқы болжам осындай. Қайғылы жайтты зерттеп жатқан Үкіметтік комиссия әуе кемесінің қанатарына ұшар алдын мұз қатуына қарсы сұйықтықты құймағынын анықтаған. Қайғылы оқиғаға Алматы облысының Талғар ауданының лауазымды тұлғалары да қатысы бар болып шықты.

Подробнее...

Азық-түлік қымбаттады

Елімізде халық күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы екі есе өскен. Нан, сүт, ет өнімдерінің құны тіпті аспандап тұр. Бағаның бұлайша құбылуына қала тұрғындары да наразы. Ал сатушылар болса, көрші елден келген жеміс-жидектердің өзі қымбаттап кетті деп ағынан жарылды. Сонымен, бағасы шарықтаған тауарлар қайсы? Қымбатшылыққа не себеп?

Подробнее...

Qalayym Live: Алғашқы той

https://youtu.be/_P9uM3Ve1-Q Рейтингі ең жоғары «Қалауым лайф» жобасы бүгін бір-біріне ғашық жүректерді жүзіктермен қосты. Биылғы маусымның алғашқы үйлену тойы студияның ішінде, тікелей эфирде өтті. Өмірлік серігін көп іздеген жұп көптің алдында заңды түрде некелерін қиды.

Подробнее...

Үйленетін жастар алдымен дәрігерлік тексеруден өтсін

Бүгінде әлемнің бірқатар елінде жастарды некеге тұрар алдында толық денсаулық тексеруінен өтуге заң жүзінде міндеттейді. Отау құрғысы келетін екі жас дәрігерге қаралып, қандай да бір сырқатының бар-жоғын анықтайтын анализдер тапсыруы тиіс. Әр елде талап әртүрлі. Ал, біздің елімізде заң қандай? Статистикаға сүйенетін болсақ 14 мыңнан астам жұп бедеу ретінде тіркелген. Олардың 15 пайызы жас жұбайлар. Ажырасудың жиілеп кетуіне медициналық тексеруден …

Подробнее...

Балабақша тәрбиешілері 5 айдан бері жалақы алмаған

Маңдай термей тапқан жалақыларын ала алмай жүрген тәрбиешілер көмек сұрайды. Байқоңыр қаласында ашылып, бес ай бойы жұмыс істеп келген қазақ тілді балабақша жарты жылға жетпей жабылып қалған. Мекеме құрылтайшысы бәрін былықтырған Қармақшы ауданының әкімдігі дейді. Ал ондағылар балабақша басшылығына сілтеуде. Сонымен, кім кінәлі?

Подробнее...

Жұмысқа тұрмаса, жәрдемақы берілмейді

Жұмысқа тұрмаса, жәрдемақы берілмейді! Алматы облысына қарасты Көксу ауданының тұрғыны Толқын Дүйсеғұлова бұл талапқа наразы. Жүйке ауруына шалдыққандықтан жұмыс істей алмайтынын айтады. Ал, атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу үшін 3-топтағы мүгедектер еңбекпен қамтылуы тиіс екен. Болмаса, жұмысқа жарамсыздығы туралы дәрігерлердің анықтамасын өткізуі қажет. Оның өзі қол-аяғы сау жандарға беріле бермейді. Осылайша, жүйкемді одан сайын тоздырып, әуре-сарсаңға түстім деп отыр.

Подробнее...

Сапарбаев: Жастар жұмыс істеуі керек!

Жатып ішер жалқаулардың заманы өтті. Жастар жұмыс жоқ деп шағымдана бермей, іске кірісуі керек! Премьер-министрдің орынбасары осындай пікір білдірді. Күні кеше бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген Бердібек Сапарбаевқа әріптесім Айбек Қосан қосымша сауал қойып, ойын тарқатуын сұрады. Бұл күні елімізде жұмыс көп, керісінше құлқы жоқтардың саны көп пе? Әлде жұмыспен қамту орталықтары ұсынған қызметтерде бір гәп бар ма?

Подробнее...

Оқушылар көрші ауылға қатынайды

Түркістан облысында Ақсукент ауылында жаңа мектептің құрылысы тоқтап тұр. Салдарынан оқушылар өзге елдімекендерге қатынап оқуға мәжбүр. Ал, білім ұясының құрылысын аяқтауға қажетті аз ғана қаражаттың бір бөлігін облыстық құрылыс басқармасы қайдан табарын білмей отырған көрінеді.

Подробнее...
X