20:55 Тікелей эфир Многосерийный фильм «ЮРОЧКА»
0:30 Эфирде әрі қарай Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»

Новости

«ЕРЕКШЕ» АТТЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛУДЕ

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың шексіз мүмкіндігі, күш-қуаты мен қайтпас қайсарлығы туралы бірегей фильм түсірілуде. «Ерекше» фильмі отандық кинода тұңғыш рет балалар арасындағы бочча спортының паралимпиадалық түрі туралы баяндайды. Жобаны Kinopark Group Tiger Films және Бочча федерациясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Түсірілім 4 қарашада Алматы, Астана және Ақтау қалаларында басталды. Кәсіби актерлардан басқа кадрда әр елден келген нағыз спортшылар жұмыс істейді.

Подробнее...

КҮЙЕУІНЕН АЙЫРЫЛҒАН КЕЛІНШЕК ӘДІЛДІК ІЗДЕП ЖҮР

Адамның құны 19 мың теңге. Алматы облысында жол апатынан қаза тапқан жүргізушінің туыстары істі қайта қарауды талап етіп, әділдік іздеп жүр. Себебі, бұрылыстан шыққан көлікке соғылған темір тұлпар тізгінінде жүргізуші куәлігі жоқ, 17 жастағы жасөспірім болыпты. Тәртіп сақшылары ұлдың ата-анасына 19 мың теңге айыппұл салып, істі қысқартып тастаған. Заңгерлер жәбірленуші тарап, кешірім бергеннің өзінде іс сотта қаралу керек деп отыр.

Подробнее...

ОҚУШЫЛАР ҮЙДЕ ОҚЫП ЖАТЫР

Жамбылда Жылыбұлақ ауылының балалары қабырғасы қақыраған тап-тар ғимаратта білім алып жүр. Бұрындары тұрғын үй болған мектепке оқушылар сыймайды. Сыймағасын дене шынықтыру сабағын да қатырып өтпейді. Өйткені онда арнайы алаң мен жаттығу залы жоқ. Ал, жоғары сыныптың ұл — қыздары 7 шақырымды артқа тастап, көрші ауылда оқуға мәжбүр.

Подробнее...

БАЛАСЫ БАРЛАР ЖҰМЫСТАН ЕРТЕ ШЫҒУЫ МҮМКІН

Енді баласы бар қызметкерлердің жұмыс уақыты қысқартылуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ата-аналарды үйіне бір сағат ерте жіберуді ұсынды. Депутатың сөзінше, баламен өтетін қосымша осы бір сағаттың өзі – оның болашағына салынған баға жетпес инвестиция. Ал Үкіметтегілер бұл туралы не ойлайды екен? Бастамаға аналардың пікірі қандай?

Подробнее...

БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ АЛДАДЫ

Білім алу да кредит, тіл білу де қарыз! Оқу орталығынан оңбай алданған ата — аналар бас көтерді. Астана мен Алматыда балам оқысын, миына тоқысын деп бар тірнектеп жиғанын берген. Тиыны жетпегендер тіпті несие де рәсімдепті. Олардың ақшасын санап алған мекеменің иелері енді ұшты — күйлі жоқ. Сан соққан мыңнан аса жанның жайы не болады? Ұл — қыздардың үмітін өшіргендер қайда …

Подробнее...

ҚАРАШАДА ҚАҒЫНҒАН ВИРУС

Елімізде жедел респираторлық-вирус өршіп барады. Соңғы бір аптаның өзінде 183 мыңнан аса адамнан анықталыпты. Қызуы көтеріліп, берекесі кеткендердің басым бөлігі үйде емделіп жатыр. Соған қарамастан, ауруханалардағы төсек орындардың 80 пайызы бос емес, — дейді министрлік. Қарашада қағынған ауру несімен қауіпті? Қашанға дейін жалғасады? Үкімет басшысы қандай үндеу жасады?

Подробнее...

СУДАГЕРЛЕР БАС КӨТЕРДІ

Жалға беру ақысын шарықтатып жіберді. Жамбылда осылай деген 300-ге жуық саудагер «Гранд базар» алдында наразылық білдірді. Кәсіпкерлердің айтуынша, сауда орнының басшылығы орын пұлдың бағасын бірден 25 пайызға аспандатқан. Киім — кешек сатып әрең күн көріп жүргенде бұл «жығылғанға жұдырық болды», – дейді жыларман күйдегі сатушылар.

Подробнее...

ЖІГІТТЕР ЖАППАЙ ДЕКРЕТКЕ КЕТСЕ НЕ ІСТЕЙМІЗ?

Ер мен әйелдің арасындағы теңсіздікке тосқауыл қойылады. Елімізде декретке шыққан әкелердің құқығы заңмен қорғалмақ. Қолданыстағы жүйеде, тек жұмыссыз ана бала күтімімен үйде отырса, бұл кезең оның еңбек өтіліне қосылатын. Енді ол, ер азаматтардың да жұмыс тәжірибесі ретінде есепке алынуы мүмкін. Тепсе темір үзетін жігіттер тегіс декретке кетсе не істейміз?

Подробнее...

АЛАПАТ ЖАРЫЛЫС БОЛЫП, 18 ОТБАСЫ ДАЛАДА ҚАЛДЫ

Алматы облысында газ балоны жарылып, 18 отбасы далада қалды. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, бәрі жер сілкінді деп ойлаған. Төтенше жағдай мамандары өре түрегеліп, оттты өшіріп, тұрғындарды эвакуациялады. Талғар ауданының әкімдігі газ балонын тұтынып, жанын шүберекке түйіп жүрген жұртқа қазандық орнатып береміз деп үш жылдан бері алдап келіпті. Ақыры адамдар зардап шекті.

Подробнее...

АҚШИ ХАЛҚЫ АШУЛЫ

Алматы облысында бүтін бір ауыл халқы бір ұрттам суға зәру. 10 мыңға жуық тұрғын бір айдан бері тіршілік нәрін сатып ішеді. Жұртты жарылқайтындай не бір көлік, не жұмысшы жоқ әкімдікте. Жергілікті биліктен көңілі қалған ағайын облыстың басшысын іздеп жүр.

Подробнее...
X