«Бір мезетте қызыл жалынның астында қаламыз ба деп қорқамыз». Елордада мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген 24 қабатты «Самұрық Тауэрс» үйінің тұрғындары дабыл қақты. Қаланың ең көрікті жерінде салынған нысанда өрт сөндіру жүйесі қосылмаған, жеделсаты жиі істен шығып, жертөле су астында қала береді. Тұрғындар шешілмеген мәселелер амалсыздан мойнымызға жүктелуі мүмкін, дейді. Өйткені жауапты пәтер иелері кооперативінің кепілді қызмет мерзімі жақын арада бітпек.
Подробнее...Новости
Нумеролог: Әскерилер мен дәрігерлердің жалақысы көбейеді
10 қаңтарда, яғни ертең ай тұтылады. Жылдың басындағы табиғи құбылысқа астрологтар өздерінше болжам жасап отыр. Жалпы, 2020 жылы әлемде, елімізде қандай елеулі оқиғалар болады?
Подробнее...100 теңгелік челлендж
100 теңге бер де, арманымды орында. Жыл басталғалы бері әлеуметтік желіде осындай өзіндік бір челлендж пайда болды. Ол үрдістің басты мақсаты, жұрттан ақша сұрау, яғни тілену. Ал, көптеп көмектеп жиналған қаржыға тұрғындар мұқтаж жандарға көмектесеміз десе, енді бірі демалысқа Мальдив аралдарында демалып келмек екен.
Подробнее...Торға түскен шенділер
Ақтөбеде білдей бір ауданның басшылары балық аулаймыз деп бастары бәлеге қалды. Шенділер анау-мынау емес, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа демалуға барыпты. Құр қол бармай, асай-мүсейін артынып-тартынып жетіпті. Бір қызығы, кілең ығай мен сығайдың өзге адам аяғын аттап баспайтын қорыққа қалай кіріп кеткені беймәлім. Шортан аулаймыз деп барып, өздері ауға түскен шенділер кім? Олардың арасында әкімнің де болғаны рас па?
Подробнее...АҚШ доллары арзандады
Таяу Шығыстағы шиеленіс доллардың құнсызданып, төл теңге бағамының өсуіне ықпал етуде. Мұндай болжамды экономистер айтуда. Бүгін еліміздің бірқатар ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 377,378 теңгеден сатылып жатыр. Жалпы сан құбылатын доллар тағы да арзандай ма? Дәл қазіргі жағдайда ақшаны қай валютамен сақтаған дұрыс? Экономистер не дейді?
Подробнее...2 жасар қыз тіс емханасында комаға түсті
Екі аптадан бері есін жимады! Елордада тіс дәрігерінің салғырттығынан 2 жасар бала өлім аузында жатыр. Стомотолог анасының рұқсатынсыз балаға дәрілерді егіпті. Салдарынан ол аллергиялық шок алып, комаға түскен. Ал ақ халаттылар жаңажылдық демалыс деп, балаға дұрыс көмек бермепті. Тек әлеуметтік желіге пост жазып, шу шығарған соң ғана қимылдай бастаған дейді анасы.
Подробнее...Алаяқтың құрбаны болдық
Елорда шетіндегі ықшамаудан тұрғындары «алаяқтың құрбаны болдық» деп ашынып отыр. Кезінде мәжбүрлеп көшірілген жұрт әлі күнге дейін салған баспаналарының құжаттарын ала алмай жүр екен. Салдарынан әлеуметтік көмекке мұқтаждары жәрдемақыға жарымай қалған. Ал тегін көшіремін дегені керісінше ақша сұрап, тұрғындардың мазасын қашырып жүрсе керек. «Үркер» шағын ауданының тұрғындары енді кімге үміт артып отыр?
Подробнее...«Шалбарымды шешпеші, ұрмаңызшы» деп жалынған
Зорлады ма білмеймін, есімде жоқ!. «Ар-намысымды таптап кетті» деп арнамызға хабарласқан жалғызбасты келіншек осылай дейді. Алматы тұрғыны үш баласымен не баспанасы жоқ, не ақшасы жоқ, өлместің күнін көріп жүрген екен. Енді жығылғанға жұдырық болып, жұмыстас жігіт аяусыз соғып, тыр жалаңаш шешіндіріп тастаған. Қорлағаны рас, зорлағанын білмеймін деп отыр.
Подробнее...Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Бүгін таңертең Тегераннан Киевке бағыт алған әуе көлігі апатқа ұшырады. Украинаның әуекомпаниясына тиесілі Боинг-737 лайнері әуежайдан көкке көтеріліп, 2 минуттан кейін апатқа ұшыраған. Кеме бортында 167 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болыпты. Алдын-ала мәлімет бойынша ұшақтың қозғалтқышынан өрт шыққан. Алайда, кейбір сарапшылар әуе көлігіне қасақана шабуыл жасалды дегенді де жоққа шығарып жатқан жоқ. Ал, Парсы шығанағының үстінен ұшып өтетін Отандық …
Подробнее...Иран АҚШ-қа зымыран атты
Ал, өткендегі қақтығыстан кейін, Иран тарапы АҚШ-тың әскери базаларын зымыранмен атқылады. Ондаған адам көз жұмған. Қан төгілсе де Дональд Трамп саспайды. Ол «бәрі де жақсы» деп, халықты сабырға шақырды. Парсы шығанағындағы жағдайға қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев та шұғыл жиын өткізді. Онда не айтылды? Қос елдің қақтығысы Қазақстанға қалай әсер етпек? Сарапшылар не дейді?
Подробнее...






