9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Австралиядағы өрт

Алапат жалынның ортасында қалған Австралияда орман өртінің 200-ге жуық ошағы әлі де жанып жатыр. Әсіресе, Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Виктория штаттарында төтенше жағдай өршіп тұр. Мамандар әлі күнге ауласынан тірідей жанып кеткендердің денесін шығаруда. Ал ел билігі тірі қалған түйелерді өлтіру керек деген шешім шығарған. Неге?

Подробнее...

«Bek Аir» басшысы: Түрмеге отыруға дайынмын!

«BEK AIR» басшысы түрмеге отыруға дайын! Нұрлан Жұмасұлтановтың ағынан жарыла айтқан сөзі ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны популизм дейді, бірі мақтауға тұрарлық әрекетке балайды. Кім кінәлі екенін ресми түрде айту әлі ерте. Тергеу аяқталған жоқ. Бірақ қазірдің өзінде компания басшылығы мен Үкімет мүшелерінің сөздерінен қайшы тұстар байқалып-ақ тұр.

Подробнее...

Автобус паркі банкротқа ұшырады

Шымкентте ең ірі жолаушылар тасымалдайтын компания аяқ астынан банкротқа ұшырады. Автобус паркі қожайыны 100-ден астам серіктестікке 3 млрд теңгеден астам ақша қарыз екен. Берешегінен өздігінен құтыла алмасын білген компания жетекшісі амалсыз өздерін банкрот деп жариялаған. Бір қызығы, бұл компаниядан 800 млн теңгедей алашағы бар серіктестік сот отырысында әріптесінің банкрот болып танылуына титтей де қарсылық білдірмеген көрінеді. Сонда кім ұтты, кім …

Подробнее...

Қаңтардан бастап не өзгерді?

Бір балаға – 100 мың теңге, төрт балаға – 167 мың. Бұл мемлекеттің бір рет төлейтін жәрдемақы көлемі. Өткен жылмен салыстырсақ, көрсеткіш біршама өскен. Сондай-ақ, 2020 жылы ең төменгі зейнетақы 38 мың, ең жоғарысы 121 мың теңгені құрады. Сондай-ақ қылмыстық заңнамада айтарлықтай өзгерістер бар. Осы жылы қазақстандықтарды бұдан өзге тағы нендей жаңалықтар күтіп тұр? Төлемақылар қалай өзгереді?

Подробнее...

Ұшақ апаты: ауруханадағы ахуал

Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 23 адам ауруханадан шығарылды. 30 жан әлі де ем алуда. Дегенмен дәрігерлер олардың денсаулықтарына қауіп жоқ екенін айтады. Зардап шеккендердің жағдайлары күннен -күнге жақсарып келе жатыр екен.

Подробнее...

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс

Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетуі мүмкін. АҚШ-тың Иранға қарата атқан оғынан кейін, Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты сарапшылар осындай пікір айтуда. Иран билігі де, генералдың өлімі үшін АҚШ-тан кек алатынын ашық айтты. Сонымен, Иран, Ирак, Американың арасында не болып жатыр? Бұл шиеленістің біздің елге салқыны тимей ме?

Подробнее...

Халыққа қызмет көрсетілмеді

Жылдың басы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы дау-дамай, қарбаластан басталды. Редакциямыздың телефонына тыным жоқ. Тұрғындардың бірі көлік құралын тіркей алмай, енді бірі жүргізуші куәліктерін ала алмай сандалып жүр. Демалысты пайдаланып елордаға басқа қаладан келгендер, амалсыз енді жұмыстарынан қалуға мәжбүр. Себебін білмекке, біздің тілшілерде барды орталыққа. Сөйтсе, бүкіл мәлімет сақтаулы бірыңғай жүйе істен шығып кетіпті. Базадағы ақаудың қашан жойылатынын әріптесімнің аузынан …

Подробнее...

Ішімдікке қарсы челлендж

Әлеуметтік желіде бір топ белсенді азаматтың түрлі спирттік өнімдерді құдыққа лақтырып, үндеу жолдап жатқан видеосын сізде көрген шығарсыз?! Олардың мақсаты ауылдағы барлық алкогольді ішімдіктердің көзін жою. Десе де кейбір қоғам белсенділері арақты бұлай лақтырғаннан түк пайда жоқ дейді. Тіпті кейбірі оны «хайп» немесе көзбояушылыққа теңеп отыр.

Подробнее...

Жаңа жыл қалай басталды?

Әне-міне дегенше, жаңа жылдың алғашқы аптасы да өте шығыпты. Креативті құттықтаулар, көздің жауын алар отшашулар, көңілді билер, әсем әндерің бар, жалпы түрлі қызыққа толы күндер болды көбі үшін. Алайда ойын-күлкімен қатар, қайғылы оқиғалар да аз тіркелмеді өкінішке қарай. Серігемін деп, мертігіп қалғандар да жоқ емес.

Подробнее...

Жаңа жыл кешіндегі кезекшілік

Желтоқсанның жиырмасынан бастап бірі отбасына, басқасы туған-туысына барып, тосын-сый жасап, жақындарын қуантуға асығады. Осындай меркелік қарбаласта жолаушылар саны да күрт артып, бірнеше есе көбейсе, сәйкесінше «Қазақстан теміржолы» қызметкерлерінің жұмысы да қиындай түседі. Жауапкершілік артады өйткені. Жаңа жылын жұмыста қарсы алатындар туралы алдағы сюжеттен көріңіз.

Подробнее...
X