10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Қазақстан футболы: үміт пен күдік

FIFA биылғы жылды қорытындылап, футболдан ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады. Қырғыз, өзбек, әзірбайжан, беларусь, орыстар өз алдына, сонау Африка құрлығындағы Мозамбик, Зимбабве, Нигерия мемлекеттерінің өзінен қалып қойыппыз. Әйтеуір, әкімдіктер, ұлттық компаниялар есебінен қаржыландырылатын клубтарда өнер көрсететін бір шөкім ойыншыларымыз бар. Соларға үміт артудан басқа амал қалмай келеді. Жалпы, қазақстандық футболда не жаңалық? Не өзгеріс?

Подробнее...

Сыйлық табысталды

Жаңа жыл қарсаңында жұрт жақындарына сыйлық жасауға асығып жатқанда, біздің арна кішкентай көрерменнің көңілін аулады. Анығын айтқанда, баланың арманын орындады. Шымкенттік 5 жасар Нұрмұхан Уәлихановқа «Еуразия» бірінші арнасының ұжымы су жаңа автокөлікті табыс етті. Аяқ астынан сыйлыққа ие болған балақай машинаға отыра салысымен, барша қазақстандықтарға алғысын айтып, көлігімен зуылдай жөнелді.

Подробнее...

Желіні жарған жаңажылдық образдар

Жаңажылдық кештің басты кейіпкерлері әдетте мейірімді әрі сүйкімділігімен есте қалушы еді ғой. Ал бұл образдардың ұсқынсыз болғаны соншалық, балабақшадағы сәбилердің зәре құтын қашырды. Бүгінгінің аяз атасы мен ақшақары қандай? Жаңажылдық кештердің қызықтарын тілшіміз топтастырып көрді.

Подробнее...

Пайдаң тисін…

Жыл соңы. Демек, биылғы «Басты Жаңалықтардың» жұмысын қорытындылауға да әбден болады. 2019-шы жыл ұжымымыз үшін жемісті болды. Шынымен де жемісті. Тілшілеріміз «өлілер тізіменде» жүргенді «тірілтті», жарық пен ауыз суы жоқ, қоғамдық көлік келмейтін елді-мекеннің мәселерерін шешті. «Еуразия» Бірінші арнасы» тілшілері басқа кімге қолғабыс болды? Кімнің алғысын алды?

Подробнее...

Апатқа әуежай да кінәлі болуы мүмкін

Ұшақ апатына әуежай қызметкерлерінің де қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі мәлім етті. Қазір тергеудің қызған шағы. Борттағы қара жәшік алынып, зерттеуге жіберілген. Ал ұшақты құрастырған компания өкілдері елге келіп, тексеруге ат салысып жатыр екен.

Подробнее...

2019 жылғы саяси оқиғалар

2019 жылы еліміздің саяси өмірінде елеулі өзгерістер, тарихи шешімдер қабылдаған оқиғалар көп болды. Мәселен, Мемлекет басшысы ауысты. Бірқатар әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Тіпті, рұқсат сұрамай митинг өткізу, Парламенттегі оппозициялық партиялардың рөлін күшейту секілді бұрын-соңды болмаған бастамалар заң аясында қолға алынды.

Подробнее...

Жұлдыздардың гонорары қанша?

Желтоқсанның 30 мен 31-і өнер иелерінің нағыз ақша тауып, қалтасын қампайтанын уақыты. Бұл күндері олар 20 минуттық концерттері үшін миллион сұрайтыны белгілі. Осы ретте шоу-бизнес өкілдерінің биылғы гонорары қандай екенін білдік. Былтырғыға қарағанда оларға сұраныс азайғаны рас па? Танымал өнерпаздар мерекені қайда қарсы алады?

Подробнее...

Ұшақ құлаған үй иесі сұхбат берді

Тақырыпты жалғастырамыз! Дәл осы ұшақ құлаған үйдің иесі қазақстандықтарға үндеу жасады. Решет Қалибек Fokker 100 ұшағы құлаған күні журналистерге сұхбат бергенін, алайда олар ақпаратты жариялауға рұқсат сұрамағанын айтты. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтқан азамат, қираған баспанасына өтемақы өндіріп алу туралы мүлдем ойламағанын жеткізді. Тіпті оған үйіндіге айналған үйінің шығын артығымен өтеп алуға кеңес бергендер болыпты. Сонымен, баспана иесі қандай шағым …

Подробнее...

5 айлық қызым жансыз жатқандай көрінді

Астанаға аттанған азаматтар ажал рейсіне мінгендерін біліп пе еді? Бірі анасына, екіншісі баласына, үшіншісі қу тіршіліктің қамымен, жұмыстың бабымен бара жатты. Бақытқа орай, көңілге медеуі – аман қалғандар бар! Ауруханада ауыр халде жатқандардың өмірі үшін ақ халаттылар күресіп жатыр қазір. Аман алып қалудың қамымен елорданың үздік деген дәрігерлерімен қатар, бауырлас қырғыз елінің де білікті хирургтары көмекке келді. Қолдан келгенше ел …

Подробнее...

«Fokker-100» бен «Bek Air-дің» ендігі тағдыры

28 желтоқсан, еліміздің тарихындағы 8 ші жалпыұлттық аза тұту күні ретінде тарихқа еніп отыр. Жалпы ұшақ апаттарымен байланысты 3-ші траур. Бұл трагедия мыңдаған жанның жадынан өшпейтіні анық. Бірақ болар оқиға болды. Азаматтарымыздан айырылдық. Бұл күн ертең — өткен күн боп есте қалады. Ал проблема қашанда қасымызда. Біздің жағдайда ол әуе қауіпсіздігі. Еске сала кетейік, апат болған күні БЕК Эйр әуе …

Подробнее...
X