14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Келіншектер күйеуінің қорлығын неге жасырады?

Жылдар бойы күйеулерінен зәбір көрген келіншектерге полиция қызметкерлері көмекке келуге дайын. Тек Батыс Қазақстан облысының өзінде тәртіп сақшылары аймақтағы 200-ден астам нәзік жанға қол ұшын созып, тұрмыстық жанжалдан құтқарыпты. Кейде тіпті өз өмірін қауіпке тігуден де тайсалмайды.

Подробнее...

Айына бір судья парақорлық күдігімен ұсталады

Айына бір судья парақорлық күдікпен ұсталады. Биылғы жылдың нәтижесі осы. Бұл жайлы Жемқорлыққа қарсы агенттік хабарлады. Құлқынның қамын күйіттеген судьялардың біразы бүгінде ресми түрде қылмыскер деп танылған. Орташа есеппен бір судья күніне 10 шешім шығарады. «Парамен ұсталғаны оның барлығына әділ қарады ма?» деген сұрақ туындайды. Тілшіміз Олжас Сайлаубекұлы бұл сауалға жауап іздеп, министр депутаттарды әңгімеге тартқан еді.

Подробнее...

Зейнетақы қорында қандай жаңалық бар?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоттарының саны 10,5 миллионнан асты. Ал ондағы салымшылардан жинаған қаржысы 11 трлн теңгеге жуықтаған. Қазақстандықтардың жинақтарының орташа сомасы қанша? Салымшылар инвестициялық табыс есебінен қанша пайда көреді? Бұдан бөлек, алдағы жылы әйел адамдар зейнетке неше жастан бастап шығады?

Подробнее...

Жаңажылдық мереке мектепте өтпейді!

Бұл аптада тек корпоративтер ғана емес, мектеп оқушылардың да ертеңгіліктері жаппай өтуде. Бұрындары мектеп қабырғасында өтетін мерекелік қойылымдар, қазір бизнеске айналған ба дерсіз?! Қонақ үйлерді, концерт залдарды жалға алған кәсіпкерлер түрлі жаңажылдық шоуларды ұйымдастырып, оқушыларға тарту етіп жатыр. Тегін емес әрине. Кейбір сыныптарға жаңа жылдық мерекені мектепте емес, ЭКСПО ғимаратына барып өткізесіңдеп деп, билет сатып жатқан көрінеді. Екіншіден, оның мазмұнын …

Подробнее...

Сот шешімі шықты

«Астана су арнасы» мекемесінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды. Елорда аудандық соты апталдай 4 азаматтың өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған екі қызметкердің айыбын растап, шешім шығарды. Сонымен сот, қандай жаза кесті?

Подробнее...

Әлеуметтік саланы қолдау

Елдегі барлық мектептер бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Келешекте алаңсыз өмір сүру үшін зейнетақы қорыңызда 11 млн теңге болуы керек. Ал мүмкіндігі шектеулі жанды жұмысқа алғысы келмегендер өтемақы төлеуі мүмкін. Бүгін үкіметтегі әлеуметтік бағытқа жауапты басшылар журналистер алдында есеп берді. Жұмыстың көптігі сонша, премьердің орынбасары Бердібек Сапарбаев той тойлауға уақытым жоқ деді. Келер жылдан тағы не күтеміз?

Подробнее...

Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталды

Мемлекеттік қызметшіден бастап, болашақ министрлерге дейін дайын тұр. Нақтырақ айтқанда, Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталды. Оның құрамына үздік деген 300 маман енді. Алдағы уақытта сынақтан сүрінбей, озық шыққандар мемлекеттік орган, ұлттық компаниялар мен түрлі салалардағы қызметтерге тағайындалмақ. Бұл іріктеу өзі қалай жүрді? Тесттен әсіресе, шенеуніктердің балаларының сүрінбей өтуі жай ғана сәйкестік пе? Жоба жалғасын таба ма?

Подробнее...

Мәжілістің қорытынды отырысы

Биыл аса қауіпті 31 экстремизм мен терроризмге қатысы бар шетелдік азамат ұсталып, елден шығарылған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілі хабарлады. Бүгін Мәжілістің 2019 жылғы соңғы отырысы өтті. Жаңа жылға қарамай қызу жұмыс істеп жатқан депутаттардың бірі «АрселорМитал Теміртаудың» былығын ашық айтса, екіншілері Массагеттерге ескерткіш қою керек деген бастама көтерді.

Подробнее...

Жаңа жылда қандай түс трендте?

Жаңа жыл қарсаңында саудагерлердің ғана емес, астролог пен нумерологтардың да жұмысы көбейіп, кәдімгі кәсібі қызып жатыр. Жұлдыз-жорамалшылар келер жылы қандай түс бақыт әкеліп, қай реңдегі киімдер сәттілікке баланатынын жарыса жариялауда. Және қызыл десе қызыл, ақ десе ақ түсті киім сатып алып, айтқандарына шүбәсіз сенетіндер аз емес. Туған айың мен күніңе қарап, сәттілігіне серік болатын түсті анықтай салу сәуегейлік пе, бизнес …

Подробнее...

Қазақша сөйлеу үшін жоғарыдан пәрмен керек пе?

28 жыл. Міне, тәуелсіздік алғаннан бері осынша уақыт өтсе де, әлі күнге мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қажеттілігін арттыратын заңды әзірлей алмай келеміз. Ана тілімізде ешқандай статус жоқ. Бұл мәселе өзі қызық. Бір кездері көтеріліп, қып-қызыл талқыға түседі де, дастархан басында айтылған әңгіме сияқты кейін жайына қалады. Айбек Қосан осыған дейін сөйлеймін деп сөз беріп алып, аузынан қағылғандар мен сөйлегісі келіп …

Подробнее...
X