Теміржол бойында трагедия! Өртеніп жатқан пойыз ішінде 70-тен астам адам тірідей жанып кетті. Тағы бірнеше жанның денесі күйіп, жарақат алған. Бүгін Пәкістанда жолаушылар пойызы өртке оранды. Бір қаладан екіншісіне бағыт алған вагондардан неге аяқ астынан өрт шықты? Ал аман қалғандар бар ма?
Подробнее...Новости
Томография бөлмесі ашылды
Қарағанды облысының тұрғындары енді ауруларына ем іздеп шетелге сабылмайды. Өкпе қуыстары, буын, онкологиялық, туберкулер тіпті бас сүйектің түрлі ауруын анықтайтын компьютерлік томография бөлмесі ашылды. Қалалық № 1 емханада бүгінде адам ығы-жығы. Өйткені, аппаратта тексерілу тегін. Бар болғаны сәулелі ренгеннің ішіне кіріп, 30 минут ішінде кеселіңіздің қайдан шыққанын біле аласыз.
Подробнее...Элеваторлар жұмысы жанданды
Еліміздегі ең, ең деген 4 ірі элеватор жұмысы жаңаша жанданбақ. Бұрын ресейліктердің иелігіндегі нысан қазір отандық меншікке алынды. Бесеуі де Қазақстанның инвестициялық қорымен аукционда саудаға түскен болатын. Енді оны басқаратын қожайындары да өзгерді. Инвесторлар білек сыбанып жұмысқа кірісіп кетті. Солтүстіктіктегі науқан — жаңа қожайындар үшін алғашқы егін жинағы.
Подробнее...Кәріз құдығындағы өлім
Метан газына тұншығу үшін 20 секунд жеткілікті екен. Елордада мамыр айында мерт болған «Астана су арнасының» 4 қызметкері жөнінде осындай тың деректер шықты. Бүгін арада 6 ай уақыт өткен соң алғашқы сот отырысы басталды. Айыпталушылардың қатарында екі басшы бар. Ал, қайғылы жағдайдан тірі қалған куәгер жұмыс кезінде улы газдан қорғайтын бетперделерді алуды ұмытып кеткен. Басшылық қауіпсіздік техникаларын сақтауға арналған нұсқаулық …
Подробнее...Ұлттық университеттегі дау
Ұлттық университеттегі дауға Білім және ғылым министрлігі араласты. Осыдан үш күн бұрын елордадағы оқу ордасында мұғалімнің үстіне төбедегі плитка құлаған еді. Шошынған маман сабақты әрі қарай жалғастыра алмайтынын айтқанда, университет диспетчері мұны дәрісті үзудің амалы деп айыптаған. Оның соңы жан-жалған ұласты. Зардап шеккен мұғаліммен тілшіміз тілдесіп келген еді.
Подробнее...Қарызға белшеден батқандар
Алматылықтардың мемлекет алдындағы берешегі 5 миллиард теңгеге жеткен. Қарызға белшеден батқандар қатарын полицейлер мен әскерилер бастап келеді. Олардың арасында жылдар бойы салық төлемегендер бар. Мамандар қарызды жабу үшін оларға коттедждері мен қымбат көліктерін сатсын дейді.
Подробнее...Мектептерге шетелдік инвестордың есімі беріле ме?
Астанадағы бірнеше мектепке Шейхтердің есімі берілгелі жатыр. Шетелдік инвестордың атын қоюды ұстаздардың өзі сұрап жатқан көрінеді. Нұр-Сұлтандық мұғалімдердің бұл бастамасын ономастикалық комиссияда қолдап жіберді. Қазір мектептің іші-сыртында арабша жазулар да тұр.
Подробнее...«Мәнізоров» майданы
Бағдат Мәнізоровтың айналасында кәдімгі ақпараттық майдан басталған секілді. Алматы облысы әкімінің орынбасарын бірде қылмыскер дейді, бірде судан таза, сүттен ақ дейді. Жемқорлыққа қарсы агенттік тергейді, прокуратура істі жабады. Шыны керек, тек ақпараттық емес, органаралық айқас та басталғандай сезіледі.
Подробнее...Биліктегі ханымдар үйде қандай
Ангела Меркельдің сөмкесіне азық-түлік салып, дүкен аралап жүруі Германия тұрғындары үшін қалыпты жағдай. Ал, біздегі биліктегі ханымдар үйде қандай? Немесе қазақ әйелдеріне тән үй жинау, ас дайындау олар үшін ұят санала ма? Өміріміздің 80 пайызын кабинеттерінде өткіземіз дейтін депутатат ханымдардың қайсысы қолынан бал тамған аспаз? Гүлнәзия Жалғасқызы шенеунік әйелдердің билікте де ошақ қасында да үлгілі болу үшін қолданатын арнайы лайфхақтарын …
Подробнее...Қоянбаев жаңа фильмнің тұсауын кеспекші
Отандық кино индустриямызға тағы да бір фильм қосылғалы жатыр. Нұрлан Қоянбаевдың продюсерлігімен «Менің махаббатым Айсұлу» атты комедияның тұсауы кесілмек. Басты рөлді өзі сомдаған әзілкеш бұл жолы да көрерменді шетелге саяхаттауға шақыруда. Өйткені, кино АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында түсіріліпті. Оның ғашығы ретінде елімізге танымал актриса Әсел Сағатова ойнайды.
Подробнее...