0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Арақ-шарап сатылмайтын ауыл

Арақ-шарап сатылмайтын елдімекен. Түркістан облысында алкогольді ішімдікті татып алмайтын ауыл бар. Алмалы деп аталатын ауылдың тұрғындары ащы судан мүлдем бас тартқан. Есесіне ұрлық та, төбелесте жоқ дейді өздері. Айтпақшы, кімде кімнің арақ ішкенін ел ағалары естіп қойған болса, ол үйге ешкім аттап баспайды. Тіпті, Рамазан айында ауызашарға шақырса да бармайды екен. Осындай жазылмаған дала заңымен өмір сүретін берекесі мен бірлігі …

Подробнее...

Ардагерлерді алаңдататын мәселелер

Шығысқазақстандық еріктілер ардагерлерге көмек беруде. Үйлерін тазалап, тамақтарын дайындап, әңгімелерін тыңдап, тәлім-тәрбие алады. Жеңіс күніне 4,5 ай уақыт қалса да, өңірде Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойына дайындық басталып кетті. Бүгін Өскеменде Облыстық ардагерлер кеңесінің бесінші пленумы өтті. Аймақ бюджетінен бөлінген 88 миллион теңгеге аймақта жетпіске жуық мерекелік іс-шара өткізіліп, ардагерлер сый-құрметке бөленбек.

Подробнее...

Сұмдық апат үш әйелдің өмірін жалмады

Алматыда жол апаты 3 әйелдің өмірін жалмады. Жеңіл көлік автобусқа соқтығысып, жолдың шетіне шығып кеткен. Оқиға бүгін Боралдай тас жолында, Водник ауылының маңында таңғы жетілер шамасында болған. Соққының сұмдық болғаны соншалық, құтқару қызметі марқұмдардың денелерін көліктен әрең алып шығыпты.

Подробнее...

Арзан несие беретін банктің бөлімшесі ашылды

«Бір мезетте қызыл жалынның астында қаламыз ба деп қорқамыз». Елордада мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген 24 қабатты «Самұрық Тауэрс» үйінің тұрғындары дабыл қақты. Қаланың ең көрікті жерінде салынған нысанда өрт сөндіру жүйесі қосылмаған, жеделсаты жиі істен шығып, жертөле су астында қала береді. Тұрғындар шешілмеген мәселелер амалсыздан мойнымызға жүктелуі мүмкін, дейді. Өйткені жауапты пәтер иелері кооперативінің кепілді қызмет мерзімі жақын арада бітпек.

Подробнее...

Дипломаттың жесірі Тоқаевтан көмек сұрады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бас прокурор және Ішкі істер министрінің назарына! Египетте көз жұмған дипломат Еламан Жолдасовтың жесірі, қазақ билігінен көмек сұрап бейнеүндеу жолдады. Жанайқайын желі арқылы жеткізген Айнұр Молдабаева, күйеуінің өліміне «елшіліктен алған қомақты қаражат себеп болуы мүмкін» деген сенсациялық мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, марқұмның денесіндегі азаптау белгілерін өз көзімен көргендігінде ашық айтып отыр. Ал, Сыртқы істер министрі елшіге қастандық жасалуы …

Подробнее...

Пойыз билеті тағы қымбаттамақ

Теміржол билеті 1ақпаннан бастап тағы қымбаттауы мүмкін. Еске салайын, осыдан екі ай бұрын ғана 10 пайызға көтерілген еді. Енді міне кемі 7-10 процент қосымша құн қосылады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан темір жолының» өкілдері айтты. Отандық нарықтағы монополист компания елдің қалтасынан жиналатын қаржыға қай жыртығын жамамақ?

Подробнее...

Кредитін жапса да пәтерінен қуып жатыр

Қолдау ма, қорлау ма? Қомақты несие алып, өтесе де пәтерінен айырылайын деп отырған азаматтар арнамызға хабарласып, көмек сұрады. Айтуларынша, мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіп ашпақ болып, қарыз алған. Процентімен, мерзімінен бұрын өтесе де, кепілдегі пәтерлері қайтарылмақ түгілі, керісінше, сатуға қойылыпты. Соттан да қайыр болмай жүр екен. Неліктен?

Подробнее...

Парламентте оппозиция болуы тиіс- Қ. Тоқаев

«Бүгінде адамдар айналадағы толған агрессиядан, теке-тірестен шаршады». Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында елдегі саяси өзгерістерге байланысты Президент осылай деп мәлімдеді. Жиында айтылған тағы бір мәселе, бұдан былай Қазақстанда митинг өткізу, саяси партия құрудың тәртібі өзгереді. Парламентке оппозициялық топтар кіреді.

Подробнее...

Зейнетақы қорындағы ақпарат қолжетімді болмақ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін пайдалы ақпарат. Қазір шоттан үзінді көшірме алу үшін Қор кеңсесіне келу міндетті емес. Жинақ ақшаның жай-күйін үйден шықпай-ақ, кез келген уақытта білуге болады. Жеке зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілдері туралы Әсем Изатқызы әң гімелейді.

Подробнее...
X