Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бас прокурор және Ішкі істер министрінің назарына! Египетте көз жұмған дипломат Еламан Жолдасовтың жесірі, қазақ билігінен көмек сұрап бейнеүндеу жолдады. Жанайқайын желі арқылы жеткізген Айнұр Молдабаева, күйеуінің өліміне «елшіліктен алған қомақты қаражат себеп болуы мүмкін» деген сенсациялық мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, марқұмның денесіндегі азаптау белгілерін өз көзімен көргендігінде ашық айтып отыр. Ал, Сыртқы істер министрі елшіге қастандық жасалуы …
Подробнее...Новости
Пойыз билеті тағы қымбаттамақ
Теміржол билеті 1ақпаннан бастап тағы қымбаттауы мүмкін. Еске салайын, осыдан екі ай бұрын ғана 10 пайызға көтерілген еді. Енді міне кемі 7-10 процент қосымша құн қосылады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан темір жолының» өкілдері айтты. Отандық нарықтағы монополист компания елдің қалтасынан жиналатын қаржыға қай жыртығын жамамақ?
Подробнее...Кредитін жапса да пәтерінен қуып жатыр
Қолдау ма, қорлау ма? Қомақты несие алып, өтесе де пәтерінен айырылайын деп отырған азаматтар арнамызға хабарласып, көмек сұрады. Айтуларынша, мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіп ашпақ болып, қарыз алған. Процентімен, мерзімінен бұрын өтесе де, кепілдегі пәтерлері қайтарылмақ түгілі, керісінше, сатуға қойылыпты. Соттан да қайыр болмай жүр екен. Неліктен?
Подробнее...Парламентте оппозиция болуы тиіс- Қ. Тоқаев
«Бүгінде адамдар айналадағы толған агрессиядан, теке-тірестен шаршады». Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында елдегі саяси өзгерістерге байланысты Президент осылай деп мәлімдеді. Жиында айтылған тағы бір мәселе, бұдан былай Қазақстанда митинг өткізу, саяси партия құрудың тәртібі өзгереді. Парламентке оппозициялық топтар кіреді.
Подробнее...Зейнетақы қорындағы ақпарат қолжетімді болмақ
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін пайдалы ақпарат. Қазір шоттан үзінді көшірме алу үшін Қор кеңсесіне келу міндетті емес. Жинақ ақшаның жай-күйін үйден шықпай-ақ, кез келген уақытта білуге болады. Жеке зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілдері туралы Әсем Изатқызы әң гімелейді.
Подробнее...Білім саласын алдағы 5 жылда не күтіп тұр?
Ұлттық бірыңғай тесті тапсыру тағы өзгереді. Мектептерге бейнебақылау камераларын қою 2 жылда толық шешіледі. Бұл туралы еліміздің бас мұғалімі Үкімет отырысында 2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстыру кезінде айтты. Асхат Аймағамбетов жиын барысында балалар арасында өршіп тұрған суицид оқиғаларына да тоқталды. Сондай-ақ, 20 жылдап орнын босатпай, білім ошақтарын басқарып отырған директорлардың да мәселесін қарастыратынын жеткізді. …
Подробнее...Семейге республикалық статус беріле ме?
Семейге «Республикалық қала» деген мәртебе беру керек!. Депутат Азат Перуашев осындай мәселеге көтеріп, Премьер-министрге сауал жолдады. Айта кетейік, 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы. Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ақынның мерейтойын республикалық деңгейде атап өту жөніндегі Жарлығы шықты. Ал депутат көтерген бастаманы семейліктер қалай қабылдады?
Подробнее...Экс-полицей қаққан әнші ауруханада жатыр
Араққа тойып алып рөлге отырған бұрынғы полиция қызметкері қарсы жолаққа шығып кетіп, екінші көлікпен соқтығысты. Онда жас әнші Айбек Серікхановпен қарындасы отырған екен. Оқиға кесірінен екі машинадағылар да жарақат алып, ауруханаға түсті. Үсті-басының сау тамтығы қалмаған әнші енді апатқа себепкер тәртіп сақшысы жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.
Подробнее...Жансыз заттарға үйленетіндер көбейіп барады
Миға қонбайтын, ақылға сыймайтын махаббат хикаялары. Елордалық жігіт киборг әйелге үйленемін деп айды аспанға бір-ақ шығарса, енді басқасы үй жануарларына сезімін білдіріп әлек. Ал ер жігіттерден әбден көңілі қалған бұрымды дүкендегі су жаңа кілемге бір көргеннен ғашық болып, соған тұрмысқа шыға салды. Ерекше жұптардың махаббаты туралы әріптесім дайындаған сюжеттен көрейік.
Подробнее...БҚО полицейлері адам қағудан алдына жан салмауда
Батыс Қазақстан облысының полицейлері кісі қағудан көш бастап тұр. Бір айда осы саланың үш қызметкері жол апатын жасап, соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Араққа сылқия тойып алған учаскелік инспектордың көмекшісі 29 жастағы келіншекті қағып, 4 бала жетім қалды. Осы оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар облыстық полиция департаменті басшысы Махсудхан Аблазиимовтың отставкаға кетуін талап етуде.
Подробнее...






