18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Ойнап жүрген екі баланың мүрдесі өзеннен табылды

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданына қарасты Жанама ауылында бір үйдің бес және екі жастағы балалары жоғалып, үлкені өлі табылды. Есік алдына ойнауға шыққан балақайлардан кеше кешқұрым ата-анасы көз жазып қалған. Содан бері іздестіру амалдары қолға алынған. Әлі де жалғасуда. Дегенмен, үйдің кенжесінен еш хабар жоқ. Ойын баласының көз жұмуына не себеп болды?

Подробнее...

Елордада бітпеген үй опырылып құлады

Кеше түнде астанада оқыстан қатты дыбыс шығып, тұрғындар үрейленіп қалды. Кейбір елордалықтар Арыстағыдай жарылыс, әлде теракт екен деп далаға қашпақ болыпты. Нұр-Сұлтандықтарды ұйқыдан шошытып оятқан құрылысшылардың қауырт жұмысы екен. Есілдің сол жағалауындағы 15 жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған тұрғын үй кешінін құлатыпты.

Подробнее...

Лукашенко қазақтарға өсиет айтты

Белорусьпен жүрсең, жолда қалмайсың. Александр Лукашенко Қазақстан халқына осындай сәлем айтты. Белорусь лидері елімізге ресми сапармен келген еді. Әдеттегідей бірнеше екіжақты келісімге қол қойылды, Президенттердің бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Ақордадағы кездесуге тілшіміз Олжас Сайлаубекұлы да қатысып келген болатын. Ресми жиынды бейресми көріністермен араластыра жеткізіп көрсетпекші.

Подробнее...

Жол апаттары жұрттың өмірін жалмауда

Елімізде тәулігіне орта есеппен алғанда 8 жол-көлік оқиғасы болады екен. Ал, соңғы бес жылда еліміздің жолдарында көлік апатынан 6 мың 500 адам көз жұмған. Ал, тәуелсіздік алған жылдан бері есептесек бұл сан 82 мың тұрғынды құрайды. Кәдімгі кішігірім қала халқымен пара-пар. Бұл көрсеткіш бойынша біз әлемде алдыңғы қатарда екенбіз. Мұндай жаға ұстатарлық статистиканы құзырлы органдар жариялады. Жол көлік оқиғасынан зардап …

Подробнее...

Семіздікті қалай жеңуге болады?

«Ішкен зиянды асын сорғымен қайта сорып алу», «ұшақ билетін екі есе қымбат бағамен сату», «артық салмағы үшін салық төлеткізу» айта берсең көп. Бұл әлем елдерінің семіздікпен күресу үшін жүргізіп отырған шаралары. Өйткені, статистика жағаны ұстатады. Жыл сайын әлемде артық салмақтан 3 млн адам қайтыс болады екен. Ал біздің елдегі жағдай қалай? Алаңдауға негіз бар ма?

Подробнее...

Президенттік кадр резервіне байқау әділ өтті ме?

Тамызда құжаттар қабылданып, бүгінде екінші кезеңі аяқталған Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу әлеуметтік желіде дау тудырды. Ғаламторда тест тапсырғандарға «Нобель» сыйлығын беру де ұсынуда. Өйткені, сандық және сұрақ түрінде өткен тестілеу келеңсіз дейді, бағын сынап көргендер. Сондай-ақ резервтегі орынға таласқандар оның әділдігіне күмән келтіруде.

Подробнее...

Алматы метросының құрылысы тоқтап қалуы мүмкін

Алматыда метро құрылысына жұмылдырылған шахтерлар бас көтерді. Жалақыларын ала алмай жүрген жандар несиеміз төленбей, қарызға әбден баттық деп ашынды. Егер олар жұмыстарын әрі қарай жалғастырудан бас тартса, жаңадан салынып жатқан Сарыарқа және Достық бекеттерінің құрылысы тоқтап қалуы бек мүмкін. Ал жауаптылар қандай уәж айтты?

Подробнее...

Қазақстандықтар неге ұялы байланыссыз қалды?

Байланыс аясынан тыс жерде! Бүгін таңнан бастап еліміздегі бірқатар ұялы операторлар абоненттерінің нөмірін бұғаттады. Бұл әрекетке ашуланған жүздеген тұрғын оператор кеңсесінде шу шығарған. Аталған мәселеге жауап берген телекоммуникация комитеті өкілдерінің сөзінше елімізде күмән тудыратын, еш жерде тіркелмеген 2 млн-нан астам нөмір бар екен. Соған байланысты тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Бар қиындық осында дейді.

Подробнее...

Депутаттар қандай киім киеді?

Бір костюм үшін 130 мың теңге. Еліміздегі шенді-шекпенділер киетін ең арзан киімнің бағасы осындай. Бұл тек костюм-шалбардың құны. Оған галстук пен жейдені, туфлиді қосыңыз! Одан қалса, қол сағаты бар. Ал бұрымды депутаттар ай сайын бір киімге қанша теңге жұмсауға дайын? Жалпы, отандық өнім отандық шенеуніктердің арасында трендте ме?

Подробнее...

Қала күніне берілген үйдегілер бүрсеңдеп отыр

Кім кімді алдап отыр? Талдықорғанда қала күнінде тапсырылған баспаналар тұруға толық дайын емес болып шықты. Көгілдір отынмен жылитын тұрғын үйлер табиғи газға да қосылмаған. Соның кесірінен 80 отбасы қоныстана алмай, пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал, паналар жері болмай, ерте көшіп келген 20 отбасы күздің қара суығында жылусыз отыр. Мереке деп үйлерді уақытынан бұрын тапсырған шенеуніктер үшін жұмыс сапасы емес, абырой …

Подробнее...
X