8:20 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
9:15 Эфирде әрі қарай «ВОСКРЕСНЫЕ БЕСЕДЫ»

Новости

Жас жігітті қылқындырып өлтірген адам 1 жылға сотталды

Алматыда 24 жастағы жігіттің өмірін қиған адамды сот небәрі 1 жылға ғана бас бостандығынан айырған. Алайда, судьяның бұл шешіміне марқұмның ата-анасы наразы. Қайғыдан қан жұтқан жандардың уәжінше, ұлдарын бес адам жабылып ұрып, артынша буындырып өлтіріпті. Бірақ, тергеу бұған көз жұмған, жігіттің досын ғана кінәлі деп тапқан екен. Сот та онымен келісіп, осындай жаза кесіпті. Бұған шамданған жәбірленуші тарап әділдік іздеп …

Подробнее...

Министрлер мен депутаттар еңбек жолын кім болып бастаған?

Бүгінде елді басқарып, заң шығарып жүргендер кезінде қандай қызметте болған? Министр, депутаттарды айтамыз. Білмейсіз бе? Ал, біз сұрап, білдік. Елдегі 16 министрдің арасында кезінде комбайн айдаған да, қарапайым статисканы жүргізген де бар. Ал, депутаттар еңбек жолын «жай» дәрігер, мұғалім, жұмысшы, тіпті сантехник-слесарь болып бастапты. Олар билікке топ етіп түскен жоқпыз, барлығын өз күшімен жеттік, дейді. Сонымен, ведомство басшылары мен «халық …

Подробнее...

Тәуелсіздік күні қалай атап өтілді?

Бүгін – Тәуелсіздігіміздің 28 желтоқсаны. Азаттық үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыз бен Желтоқсан құрбандарын еске алып, алматылықтар Тәуелсіздік монументне гүл шоқтарын қойды. Шараға шаһар басшылары, елімізге белгілі тұлғалар мен қала тұрғындары қатысты. Ал бас қаламызда мерекенің иісі де сезілмеді. Ең өңініштісі, астананың кейбір тұрғыны бүгін қандай күн екенін де білмейтін болып шықты.

Подробнее...

Депутаттар Тәуелсіздік күнінде қайда болады?

Еліміздің ең басты мерекесін халық қалаулылары қалай өткізуде? Депутаттардың кейбірі туған жеріне аттанса, енді бірі Елордадағы түрлі іс-шарадан бой көрсетіп жатыр. Министрлер де солай. Ал шоу-бизнес өкілдерінің көбі Инстаграмдағы құттықтаулармен шектеліп жатыр. Сонымен, Ұлттық мереке саналатын бұл күнді шенеуніктер мен танымал тұлғалар қалай қастерлейді?

Подробнее...

Мұғалімдердің туалет күзеткені дұрыс па?

Мұғалім бе, дәретхана күзетшісі ме? Қоғамды соңғы күндері мазалаған сауал осы шығар. Түркістанда болған оқиға жұрт арасында қызу талқылану үстінде. Жағдайды екі бірдей министр бақылауға алып, бір басшы қызметінен босады. «Ұстазды қосымша жұмыстардан босату керек» деп жатқанда, дәретхана күзету талабы қайдан шықты?

Подробнее...

Қазақтың бұлбұлы мерейлі жасқа келді

Қазақ өнерінің бұлбұлы, өнер майталманы Бибігүл Төлегенованың бүгін туған күні. Тоқсан жастың төріне шыққан Халық әртісінің өмір әрі өнер жолы, қазақтың кешегі һәм бүгінгі тарихымен сабақтасып жатыр. Тәуелсіздіктен бұрын туып, егемендіктің іргесінің қаланған жылдарды көрген әншінің арманы қандай?

Подробнее...

Астанада «үш арысқа» ескерткіш ашылды

Қазір НКВД жоқ. Сондықтан жазушылар барын салып жазу керек. Астанада Үш арысқа қойылған ескерткіштің ашылуында Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгінов пен Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қаламгерлерге осылай деді. Тәуелсіздік күніне орай өткен шараға біздің тілшілеріміз де қатысып қайтты.

Подробнее...

Алматылықтар Сұлтан Сартаевпен қоштасты

Қазақ қоғамы тағы бір асыл азаматынан айрылды. Алматы жұртшылығы белгілі академик, қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтан Сартаевты ақтық сапарға шығарып салды. Өнегелі өмірінде әйгілі заңгар жүздеген ғылыми еңбек жазып мыңдаған заң саласының білікті мамандарын дайындады. Марқұмның туыстарына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айту жедел хаттарын жолдады.

Подробнее...

Алматыны Алма-Ата деп өзгерту керек — Олжас Сүлейменов

Алматының атауын Алма-Ата деп өзгерту керек. Мұндай петицияға алғашқылардың бірі болып қол қоюға дайынмын. Өткен демалыс күндері ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов осындай мәлімдеме жасап, әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Ол Алма-Ата деген атауды қайтару керектігін, тіпті бұл ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қолдағанын айтып сұхбат берген. Қоғамның қызу талқысына түскен мәлімдемеге қатысты Президенттің кеңесшісі мен оңтүстік мегополистің әкімі қандай уәж айтты? …

Подробнее...

Қазақ күресі олимпиада ойындарына енуі мүмкін

Ақтөбеде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Додаға 40 мемлекеттен 200-ден астам палуан қатысуда. Кілең сен тұр, мен атайындар. Әлем барысы, Азия ойындарының чемпиондары келіпті жарысқа. Боз кілемде топ жарған алғашқы жеңімпаздардың аты-жөні де белгілі. Күрестің алтынын қанжығалаған кімдер?

Подробнее...
X