Краннан су ішсеңіз асқазаныңыз ауырып, түрлі инфекция жұқтыруыңыз мүмкін. Дәрігерлер осылай деп дабыл қақты. Тот басқан тұрбалар арқылы келетін хлоры көп тіршілік нәрі ағзаңыздағы пайдалы бактерияларды жойып, ішек дертін асқындырады екен. Қауіптен ада болу үшін енді не істемек керек? Жаздың аптабында суды қайдан ішеміз?
Подробнее...Новости
БІЗГЕ БАТА ДА ЖАРАЙДЫ!
Ақтөбенің жастары ақша емес, бата сұрайды. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясына қатысып жатқан бір топ студент тасқыннан зардап шеккендерге көмектесіп жүр. Олар су басқан баспаналарды тазартуға кірісті.
Подробнее...Kaspi, Kazakhmys и KAZ Minerals выделят до 60 млрд тенге на восстановление жилья в СКО – Бозумбаев
Канат Бозумбаев поручил ускорить ремонт и строительство новых домов в СКО Государственную поддержку на сегодняшний день получили 12 тысяч казахстанских семей, пострадавших от паводков. В каждом регионе сейчас работает комиссия, которая принимает заявления об ущербе. На данный момент обратились более 20 тысяч человек. Тем временем, в одних регионах риск наводнения уже снизился, а в других спасатели и жители готовятся к …
Подробнее...ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРГЕ ЖАРЫМАЙ ОТЫР
Мал демекші, Жамбылда бүтін бір ауылдың төрт түлігі кәріз суын ішіп, қоқыс жеп жүр. Өйткені елді мекендегі жайылым жерлер жекенің қолына өтіп кеткен. Салдарынан 500-ге тарта тұрғыны бар Қостөбе ауылының жұрты қоқыс полигонының маңына малын жаюға мәжбүр. Жұрт «он жылдан бері осындай күйдеміз» деп жыларман. Ал атқамірерлер мәселені шешуге неге асығар емес?
Подробнее...ЖЕСІР АНА ЖАНАЙҚАЙЫН АЙТТЫ
Алматыда үш адамның өмірін жалмаған автобус апатына қатысты жарыссөз басталды. Қағазша мыжылған үш адамның мәйітін жақындары соңғы сапарға жуындырмай аттандырыпты. Себебі оларға мылжа — мылжасы шыққан денелерді көру тым ауырға соққан. Жәбірленуші тарап жүргізушіні ұрып құлатқан күдікті ғана емес, рөлде болған әйелдің де сотталғанын талап етті.
Подробнее...ПРЕЗИДЕНТ БЛОГЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ!
«Сын сағатта жұрт болып жұмылдық!» Президент бүгін қарғын сумен күресуге үлес қосқан азаматтарға шексіз ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бірлік барда тірлік бар. Ал кез-келген қиындық, дағдарыстың артында қарқынды даму тұр. Сондықтан бұл кезеңнен байыппен өтуге тиіспіз. Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-ші сессиясында сөз алған мемлекет басшысы сондай-ақ, блогерлерге қатаң ескерту жасады.
Подробнее...Алматылықтар жүретін жер жетпей, ұшуға мәжбүр
Болашақтың болашағы бұлыңғыр. Бас аяғы 40 үй салынған көшенің бір басы бітеу, екінші жердің қожайыны бар. Ал, ол қойма саламын деп қарашаға құқайын көрсетіп жүр. Қалаға қатынайтын жалғыз аяқ жол жабылса, жиналған жұрттың баспанасына шығып кіруі мұң. Сондықтан бая-шая күйде. Ал, шенділер ше? Шенеуніктер сатылып кеткен жер дауын бізден есітіп аң-таң.
Подробнее...ТАСҚЫН ҚАУІПІ СЕЙІЛГЕН ЖОҚ!
«Қазақстан халқына» қоры тасқыннан зардап шеккендерге 500 үй салып беретін болды. Қазір құрылысқа 13 млрд теңге жиналған. Баспана бой көтеретін екі өңір белгілі.
Подробнее...ТАСҚЫНДА ТІКҰШАҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП
«Қараудың өзі қиын болды…» Майор Бейбарыс Ибраев тікұшақты тізгіндеген 16 жыл ішінде әуеде 1500 сағат уақытын өткізсе, соның 70 сағатын су ортасында қалған халықты эвакуациялауға, гуманитарлық көмек жеткізуге арнаған. Ақтөбелік ұшқыш тасқын кезінде су ортасында қалған тұрғындарды қалай құтқарғанын айтып берді.
Подробнее...САУ БАЛАНЫ САЛ ҚЫЛҒАН КІМ?
«Сау баламды сал қылды». Осылай деген тараздық Жазира Әбішова немересінің төсек тартып қалуына дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуынша, ақ халаттылар дұрыс диагноз қоймағандықтан бір жарым жасар бала жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Өздігінен жүруі былай тұрсын, ас ішуінің өзі азап деп отыр.
Подробнее...






