3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Оқушы қызды үйіне келіп зорлаған

Тағы да оқушы қызды зорлап кетті! Бүтін бір қала үрейде отыр! Сұмдық жағдай Ақтөбеде болған. Азғын еркек мектептен үйге қайтқан 9 жасар қыздың ізінен еріп отырған. Үйде ешкім жоғын білген соң, алдап-сулап, пәтерге кіріп балаға білгенін істейді. Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан. Баланың жағдайы қалай? Бүтін бір қаланы үрейде ұстап отырған педофил ұсталды ма?

Подробнее...

Жылына мыңға жуық азамат ата-ана құқығынан айырылады

Елімізде жылына мыңға жуық азамат ата-ана құқығынан айырылса міндетін дұрыс атқармаған 8 мың жан есепте тұр екен. Ең қорқыныштысы осындай отбасыларда 13 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Ата-ана құқығынан айырылатындар көбінесе Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында көрінеді.

Подробнее...

Бие сүтінен жасалған майонез

«Майонез» дегенді жеп көрмеген жан жоқ шығар, сірә. Ал бие сүтінен жасалған тұздықтың дәмін татып па едіңіз? Қалыс естімедіңіз. Еліміздегі тамақ өнеркәсібінің алпауыты жаңа жыл қарсаңында жаңа өнім ұсынып отыр. Қазақтың саумалы араласқан майонез дүкен сөрелеріне сатылымға шығып та үлгерді. Технологтардың айтуынша, ана сүтімен пара-пар бие сүтінің барлық пайдалы дәрумендері сақталған.

Подробнее...

3 жылдан бері өлілер тізімінде жүр

Естімеген елде көп! Теміртаулық тұрғын 3 жылдан бері өлілер тізімінде жүр. Өз күшімен өзін «тірілте» алмаған азамат, біздің арнамызға шағымын жеткізді. Тепсе темір үзетін жігіт сол жалған ақпараттың кесірінен қазір екі қолға бір күрек таппай отыр екен. Бұл жаға ұстатарлық жағдай туралы азамат жаңа қызметке қажетті анықтамаларды жинап жүргенде, кездейсоқ білген. Тірі жүріп, құжат бойынша «өлілердің» қатарынан бір ақ шыққан …

Подробнее...

Азаматтық неке сәнге айналды

Ажырасатын отбасылар санын азайтумен бас қатырып жатқанда, енді жастар азаматтық некеге тұруға көшіпті. Жуырда әлеуметтанушылар жүргізген сауалнаманың нәтижесі осы. Сұрақ-жауапқа қатысқандар «қазір некені заңдастыру трендте емес, керісінше, ерлі-зайыпты арасындағы қарым-қатынас жеңіл әрі еркін болуы шарт», деген. Сонда отбасылық құндылықтар қайда қалып барады? Мұның соңы некесіз балалардың санын арттырмай ма?

Подробнее...

Мүгедек қызды зорлаған

Алматыда мүгедек қызды қаныпезер бір аптаның ішінде бірнеше рет зорлаған. Бұл туралы «Немолчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова мәлімдеді. Соңғы рет 53 жастағы көршісі оны 5 сағат бойы азаптаған. Қаніпезер көршісінен әрең қашып құтылған бойжеткен полицияға шағым түсірген. Ал күдіктінің қызы ауандыққа барған әкесін ең қатал жазаға тартылғанын қалайды.

Подробнее...

Марапат жауған күн

Марапат жауған күн болды бүгін! Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басшыдан бастап, қойшыға дейін мемлекеттік награда табыстады. Олардың арасында Сара Алпысқызы, Иманғали Тасмағамбетовтің қызы, Әбіш Кекілбаевтың жарымен бірге шопандар да бар.

Подробнее...

Іштен шыққан жау жаман

Адасқанның алды – жол, арты соқпақ. «Жусан» операциясының аясында бірер отандасымыз елге әкелінгенімен, әлі де сыртта қару алып, адасып, жат жерде өз отбасының басын бәйгеге тігіп жүргендер көп екен. Биылғы жылдың өзінде ел ішінде терооризм мен экстермизмге байланысы бар 140 азамат сотталыпты. Халықтың берекесін алып лаңкестік әрекет жасаймын деп жүргендер де бар көрінеді.

Подробнее...

Өркениеттен құр қалған ауыл

Күні кеше ТМД елдері арасында мәдени астана атанған Шымкент қаласында шешілмеген мәселелер жетіп артылады. Үшінші мегополистің дәл түбіндегі 156 орам елді мекені соңғы бес жылдан бері жол, ауыз су мен электр жарығына жарымай отыр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жауынды күндері көшеге шыға алмай, шыққан күннің өзінде көліктер батпаққа батып, жүре алмай қалады екен. Соның салдарынан автобус түгілі, жедел жәрдемнің өзі келмейтін …

Подробнее...

143 елдің уран қоры Қазақстанда сақталады

143 елдің 90 тонна уран қоры енді Қазақстанда сақталады. Осылайша біздің ел әлемде жаппай қырып-жоятын қарудың тарамауына, оны дұрыс қолдану тәжірибесіне үлес қоспақшы. Сол себеппен 2017 жылы Өскеменнің Үлбі метталургиялық зауытында арнайы уран банкі де ашылған еді. Күні кеше аталмыш кәсіпорынға екінші лекпен 40 тоннадан астам төмен байытылған уран жеткізілді. Жаһан қорқатын химиялық элементтің не күтуге болады? Қазақстанға қаупі қандай? …

Подробнее...
X