18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

25-те импотент болған жігіттер көп

Бойжеткендердің 30 пайызының жатыры перзент көтеруге қауқарсыз болса, ер азаматтардың статистикасы тіпті жаға ұстатарлық! Депутат Зағипа Балиеваның дерегінше, тепсе темір үзетін 25 жасқа толмаған жігіттердің 16 пайызының қуаты кеміп, бала сүю бақытынан айырылған. Сондай-ақ, қазіргі жастардың денсаулығы да сын көтермейді.

Подробнее...

Қатерлі ісіктен құлан-таза айығуға болады

Небәрі 3 айдан соң Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылмақ. Жергілікті Марат Оспанов атындағы батыс онкология орталығы қордың тікелей медициналық қызметін жеткізушісі болып саналады. Онкология дертіне көрсетілетін медициналық қызметтердің барлығы тегін көрсетіле береді.

Подробнее...

Кәсіп иелері тығырыққа тірелген

Көресіні көпірден көрдік! Ақтөбелік кәсіпкерлер жаңадан салынған нысанның құрылысына наразы. Себебі кәсібіміз тұралап қалды дейді. Банкрот болудың аз-ақ алдында тұрғанын айтқан азаматтар атқамінерлерден көмек сұрауға мәжбүр. Кәсіпкерлерге кім тиді?

Подробнее...

20 жыл ипотекаға алған үйлері көгеріп жатыр

Талдықорғанда осыдан 4 жыл бұрын салынған тұрғын үйлердің сапасы сыр бере бастады. Коттеджді қалашықтағы 5 үйдің қабырғасы қақырап, ылғалдан көгеріп жатыр. Бұл баспаналарды тұрғындар 20 жылға ипотекаға алған екен. Толық соммасын төлеп біткенше, үйіміз құлап қала ма?, — деп алаңдайды.

Подробнее...

Дипломды жаздыра салдым

«Бір жыл қиналып диплом жазғанша, ақшасын төлеп біреуге жаздырғаным артық!». Елімізде осындай оймен жүрген студенттердің саны артып барады. Оған дипломдық жұмыс түгілі диссертацияны да бірнеше аптада жазып беремін деген желідегі жарнамалардың көбейгені дәлел. Тіпті мұндай қызметтің сұраныста болғаны сонша — хабарласатындар кезекті бір жыл бұрын алып қояды екен. Араларында болашақ заңгер, мұғалім, тіпті дәрігер бар екендігін ескерсек, алаңдайтындай жағдай.

Подробнее...

Түтікшеден туған қыз босанды

Елімізде «ЭКО түтікшеден» туған қыз алғаш рет ана атанды. Сенсациялық жаңалықты дәрігерлер бірінен соң бірі хабарлап, сүйінші сұрап жатыр. Өйткені, өзі жасанды жолмен пайда болғанымен, ұлын табиғи жолмен көтеріп, еш қиындықсыз дүниеге әкелді. Жиырма екі жастағы Олеся Шиді бүгін жақындарынан бөлек, дәрігерлер де күтіп алды.

Подробнее...

Қайғылы оқиға қайталанбай ма?

Жылыту маусымын үреймен күтетін тұрғындар бар. Тағы да қайғылы қайталанбай ма деп алаңдайды. Өткен қыста бір түнде өртеніп кеткен бір үйдің бес перзентін жерлеген астаналықтар қайғылы жағдай биыл қайталанбаса екен деп отыр. Сол бес сәбиге зират тұрғызылды ма, ата-анасының жағдай қалай?

Подробнее...

Құрылысы бітпеген үй қолданысқа берілген

Елордада құрылыс жұмысы толық бітпеген үй қолданысқа беріліп кеткен. Оны тұрғындар кездейсоқ жағдайда біліпті. Біразы ашулы. «Осылайша әлдебіреулер ақысы төленген пәтерлер үшін тағы ақша жинамақшы, дейді. Жұрт күдігі орынды ма? Әкімдік неліктен асығыс шешім қабылдаған?

Подробнее...

Ән айту харам ба?

Әншілердің арасында «ән айту харам» деген сөз тіркесі «модаға» айналғалы қашан. Мәселен, микрофон ұстап ән айтқандарын емес, мешітке барғандарын мақтан тұтатын әншілер көбейді. Бұл нені білдіреді? Сахнада «жүн» мен дін, микрофон мен тәспі таласқа түсіп жүрген кезеңде қайсысының асығы алшасынан түсері әзірге беймәлім.

Подробнее...

Жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алған

Шымкентте 41 жастағы келіншек өлім аузынан аман қалды. Дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алып шыққан. Ақ халаттылардың сөзінше, науқас №1-ші клиникалық ауруханасына шұғыл түрде жеткізілген. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде оның бауырының оң жақ аймағында көлемі 19 сантиметр болатын «эхинококк кистасы» табылыпты. Ішінде 36-37 апталық сәбиі бар әйелді аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл ота жасауға шешім қабылдайды. Алайда, дәл …

Подробнее...
X