Орыстандыру саясатынан қалжырап болса да аман шыққан қазақтың басына тағы күн туу мүмкін бе? Саясаткер Мұхтар Тайжан арабтандыру жобасының құрбаны болудан сақтану керекпіз дейді. Ұзақ жылғы атеистік көзқарастан арылған қоғам үшін дін соңғы 30 жылда жоғалғанмен қайта қауышу іспетті болды. Өзге мемлекеттің тілі мен тұрмысына ғашық жандардың асыра сілтеуі, ұлтымыздың тіліне одан қалды діліне әсері жайында Айбек Қосан айтсын.
Подробнее...Новости
Ғалымдар ВИЧ-пен күрес жолдарын талқылады
Елімізде 20 мың адам иммун тапшылығы вирусын, яғни ВИЧ жұқтырған. Бұл дерттің алдын алып, емдеу үшін отандық мамандар бірегей жобаларды іске қосуда. Ал оған шетелдіктер қызығушылық танытып отыр. ВИЧ-инфекция мәселелеріне арналған шарада тағы не айтылды?
Подробнее...Туыстарының ықпалымен ажырасатындар көбейген
Ажырасу қоғамның өзекті мәселесіне айналғалы қашан? Бұлай деуіміздің себебі де жоқ емес. Мәселен, елімізде әр екінші жұптың ажырасатынын ескерсек, олардың 61 пайызы туысқандарының араласуымен екіге айырылысады екен.
Подробнее...Шенуніктер енді жұмыста смартфон ұстай алады
Мемлекеттік қызметкерлердің қолы ұзарды. Оларға жұмыста смартфон ұстауға рұқсат берілді. 2016 жылдан бері қолданыстағы заңның күшін жоюға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы себеп болды. Қағаз бен компьютерден бас көтермейтін мемлекеттік қызметшілер енді бір сәт серігіп, смартфон ұстап, селфи де жасай алады.
Подробнее...Қазақстаннан 540 млрд теңге сыртқа кеткен
40 миллиард теңге. Жыл басынан бері Қазақстаннан шетелге аударылған қаражаттың көлемі осындай. Шығыстың сомасы белгілі, ал кірістің көлемі екі есеге азайып кеткен. Халықаралық қаржы аударымдарының жүйесі арқылы белгілі болып отырған ақпараттың анығы осы. Миллиардтаған ақшаны кім және не үшін шетелге асырды?
Подробнее...Ақтөбеліктер неге өре түрегелді?
Ақтөбеде ондаған адам үй аламын деп далада қалды. Олар Тұрғын үй копоперативіне алданып қалыпты. Салы суға кеткен салымшылар бүгін облыстық прокуратура ғимаратының алдына келіп, шу шығарды. Алдап кеткен директор келіншекті қамауға алуды талап етті. Өйткені, үстінен іс қозғағанымен, жүктілігін ескеріп оны үйқамаққа алған. 63 млн теңгеге алданып қалған салымшылар директор тағы жазадан сылытып кетсе, біз жер сипап қаламыз деп алаңдаулы.
Подробнее...Бір дәретхананың құны — 23 млн теңге
Алдағы уақытта елімізде жол жиегінде әрқайсының құны 23 млн теңге болатын әжетханалар орнатылады. 2022 жылға дейін дәл осындай 304 дәретхана салынбақ. Қарапайым арифметикаға салсақ бас-аяғы 7 млрд теңгеге жуқы бөлу жоспарланып отыр. Ішінде жанға қажетті дүниенің барлығы дерлік болатын көрінеді. Ыстық су, орталық кәріз жүйесіне қосылады. Айналасы тәулік бойы күзетіледі. Аталған дәретханаларға қаржы қайдан бөлінеді? Қандай ұтымды тұстары бар?
Подробнее...Мұғалімдерді енді ешкім күштеп жұмысқа жекпейді
Бұдан былай мұғалімдер көшеге шығып қоқыс жинап, пайдасы жоқ іс-шараларға баруға міндеттелмейді. Бұл талапты ескермей, ұстаздарды өзге жұмысқа жеккендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Педагогтардың мәртебесі қаралған Мәжіліс отырысында осындай деректер белгілі болды. Әр сенбіде қолына қап ұстап, қоқыс жинайтын, қызықсыз концерттерге билет алуға міндеттелетін мұғалімдерге тағы қандай жақсы жаңалық бар?
Подробнее...Балалары ұрпақсыз қала ма деп алаңдаулы
Ақмола облысы Макинск ауылының тұрғындары болашақта ұрпақсыз қаламыз ба деп қорқады. Олардың балалары суық мектепте оқып, өкпе тұрмақ, бүйрек пен қуықтан да қалыпты. Білім ордасының жайын айтып бармаған жерлері жоқ. Жанайқайын естиін құлақ таппаған соң журналистерге жүгінуге мәжбүр болған.
Подробнее...Қызылорда облысында автобус аударылып, адамдар қаза тапты
Қызылорда-Құмкөл трассасындағы сұмдық жол апатынан сегіз адам қаза тапты. Қайғылы жағдай бүгін таңғы 4 жарымдар шамасында тіркелген. Мұнайшылар мінген автобус аударылып, ішіндегі жолаушылардың кейбірі бірден тіл тартпай кеткен. Ал ауыр жараланғандары бір сағат бойы дәрігерлерді күтіп жатыпты. «Жедел жәрдем» көлігі ішінде демі үзілгендері де бар.
Подробнее...






