14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Бөгденің көлігін ұрлап айдап, адамды қағып өлтірді

Еліміздегі жантүршігерлік жол апаты мұнымен бітпейді. Бүгін таңғы алтылар шамасында Елордада жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйел адам қаза тапты. Тағы бір жасөспірім ауруханада ауыр халде жатыр. Оларды өзгенің көлігін мас күйінде ұрлап, рөлге отырған есерсоқ ер адам қағып кеткен.

Подробнее...

Жаңа жылдан бастап бензин қымбаттайды

Жаңа жылдан бастап бензин 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Үкіметтің бүгінгі отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деп ашық айтты. Жанармай бағасының көтерілуіне екі себеп бар екен. Біріншіден, алдағы жылдан бастап әлеуметтік саланың шығындары көбейеді. Мәселен, мұғалімдердің жалақысы өседі. Екіншіден, шағын бизнестің салықтан босатылуынан бюджетке түсетін кіріс азаяды. Соның орнын толтыру үшін Үкімет мұнай өнімдерінің акцизін көтеріп жатқан көрінеді.

Подробнее...

Дәрігерлер кесірінен 2 жасар бала қолынан айырылды

Ел медицинасындағы кезекті дау. Көкшетаулық дәрігерлер өкпе қабынуымен түскен балақайды сол қолынан айырды. Екі жастағы баланың анасы бұған екпенің себеп болғанын айтады. Азаматшаға сенсек, мамандар қателік қана жібермей қоймай, уақыт жоғалтқан. Он екі мүшесі сау баланың неліктен бір қолы кесілді? Дәрігерлер не дейді? Министр бұл сұмдық жайттан хабардар ма? Толығырақ келесі материалда.

Подробнее...

Дубайда отырып 100 млн теңгеге тақырға отырғызды

Адамнан айла артылған ба? Енді, алаяқтар Дубайда отырып алып, ақша істейтін болған. Мәселен, еліміздің бір топ кәсіпкерін шетелдегі азамат арзан бағамен ауыр техника жеткізіп беремін деп алдап, тақырға отырғызып кеткен. Шығын көлемі де аз емес, шамамен 100 млн теңге. Бар жиған-тергенін айлакердің есеп-шотына аударғандар бір жылдан бері әділдік іздеп келеді. Ал, жалған кәсіпкер интернеттегі жарнамасы арқылы жаңа жемтігін іздеп жатыр …

Подробнее...

Зорлық көргеніңді жариялау ұят емес!

Анджелина Джоли, Николь Кидман және өзге де голливудтық актрисалары зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж бастады. Біріккен ұлттар ұйымының бастамасымен қолға алынған шараға біздің елден де үн қатып жатқандар баршылық. Өйткені, Қазақстан әйелдерге қарсы жасалатын озбырлық әректтер бойынша, өкінішке қарай, «қара тізімнің» көш басында тұр!

Подробнее...

Автобус көпірден құлап, адамдар қаза тапты

Жолаушыға лық толы автобус көпірден құлап кетіп, 19 адам қаза тапты. Марқұмдардың екеуі бала. Бұдан бөлек, 15 кісі зардап шегіп, оның бірқатары ауруханаға жатқызылды. Сұмдық жол апаты Ресейдің Забайкалье өлкесінде болды. Ал, Тунисте туристер мінген автобус жол апатына ұшырап, 26 адам бақилық болды. Жантүршігерлік мұндай оқиғаларға не себеп? Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?

Подробнее...

Ақтөбе қоқысқа батуда

Қоқыстан көз ашпаған қала. Ақтөбе тағы тұрмыстық қалдықтарға батып жатыр. Өйткені, тазалыққа жауапты тағы бір мекеме жұмысын тоқтататын айтқан. Салдарынан шаһардың әр жеріндегі контейнерлердің аузы мұрнынан шығуда. Былтыр қоқыс проблемасын әрең шешкен атқамінерлер биыл қалай әрекет етпек?

Подробнее...

Қақаған қыста ыстық сусыз отыр

Ыстық су қайда? Елордадағы бүтін бір көпқабатты үй тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Қыстың көзі қырауда салқын суға ғана жарыған жандар жуыну үшін бассейн мен туыстарының үйін жағалап жүр. Астанамыздің кей жерінде ыстық су ақпайтындай не болды? Бұл бассыздыққа кім кінәлі? Жауап келесі материалда.

Подробнее...

Жалғызбасты ана көмекке зәру

Үш баланы бір өзі асырап отырған жалғызбасты ана көмекке мұқтаж. Жолдасынан айырылған келіншек ұлдарын бағып-қағу үшін кез-келген қиын жұмысты істеп, амалдауға мәжбүр. Ал мемлекеттен алатын жәрдемақы азық-түлік пен коммуналдық қызметтерден артылмайды екен. Тағдыр тауқыметін тартып жүрген жанмен тілдескен тілшімізді тыңдайық.

Подробнее...

Әкенің отбасындағы рөлі неге төмендеп кетті?

Отағалар қайда? Сарапшылар «әкенің отбасындағы беделінің бәсеңсуі қоғамдық дертке айналған» дейді. Әйелдер мен балаларға көрсетіліген зорлық-зомбылық фактілер, алименттен жалтарып жүрген ер азаматтардың статистикасы күн санап артып келеді. Неге? Жалпы «қазақ қоғамында ер азаматтардың рөлі төмендеп кетті» дегенді де жиі айтатындар бар. Ал, оның рөлін қайта қалыптастыру үшін не істеу керек?

Подробнее...
X