«Алтын самғау-2019». Жылына бір мәрте олимпиадалық спорт түрлері өкілдерінің басын қосатын ірі шаралардың бірі. Елордада осымен үшінші мәрте ұйымдастырылған шарада жыл бойы үздік көрсеткіштерге қол жеткізген спортшылар марапатталды. Тіпті, 11 жыл бұрын болған олимпиаданың жаңа алтын және күміс жүлдегерлері де табылды.
Подробнее...Новости
Медициналық көмекті тегін алады!
Тура бір айдан соң қазақстандықтар медициналық көмектің белгілі бір түрлерін тегін алатын болады. Елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық көмек жүйесіне өтудің соңғы дайындықтары пысықталуда. Осыған орай Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханада қосымша бөлімшелер ашылды. Қазақстанның батыс өңірі тұрғындарға тегін көмек көрсетуге қаншалықты дайын?
Подробнее...Өскемендік оқушылар ғылыми жаңалық ашты
Жастары небәрі 13-те деп айта алмайсың. Өздерімен жасты басқа балалар бастарын телефоннан көтере алмай жатқанда, олар ғылыми жаңалық ашып, соған патент алып, инвесторлармен жұмыс істеуде. Несін жасырамыз, кейде тіпті үлкен адамның қолынан келмейтін дүниелерді де жасап жатыр. Алайда таңғалатын түгі де жоқ, дейді ұстаздары. Мұның барлығы балалардың қажырлы еңбегі мен жаңаша ойлауының нәтижесі деп отыр. Сонымен зерек оқушыларды кімдер және …
Подробнее...Қасапшылар малды қинап өлтіруде
\Соғым науқаны басталғалы әлеуметтік желілерде бүгінгінің Батыраштары бой көрсете бастады. Қасапшылар алдына келген малдың басын тоқпен не болмаса қолына түскен затпен ұрып сұлатып, қинап өлтіруді дағдыға айналдырған. Желіге тарап кеткен жантүршігерлік бейнелер бұл сөзімізге дәлел. Төрт түліктің қадірін білген қазақ емес пе едік? Жалпы, мал союдың ізгілігі қандай? Арам сойылған малдың етінен қандай ауру жұғуы мүмкін?
Подробнее...Елордада айналма жол ашылды
Елорданы айнала қоршап жатқан айналма жолдың бір бөлігі пайдалануға берілді. Бірақ, нысанға кеткен шығын да аз емес, 60 млрд теңге. Қомақты соманы құрылысқа жауаптылар Қытайдың банкінен несиеге алған. Ал, ол қарыз қашан толық өтеледі? Ол жағы белгісіз. Қала әкімдігі осы айналма жол арқылы бас қаладағы көлік кептелісін едәуір азайтуға ниетті.
Подробнее...Ирак: балалар елге жеткізілді
Иракта сотталған отандастарымыздың балалары елге жеткізілді. 14 бала. Ең кішісі екі жасқа да толмаған. Енді туыстары асырайтын болады. Бір бүлдіршін соғыс ошағында барлық жақындарынан айырылып, жалғыз жеткен.
Подробнее...Қызметтік көлікке 650 млрд теңге жұмсалған
Кезінде елбасының өзі қанша рет ескертіп айтса да, шенеуніктеріміз үшін отандық көлік өтімсіз болып тұр. Мүмкін шетелдің қымбат «S class-ына» үйренген кейбіреуі Қазақстанда құрастырылған көлікке отыруды ұят көретін шығар?! Қысқасы, шенеуніктер 6 жылда қызметтік көлік алуға 650 млрд теңге жұмсапты. Ал, бұл ақшаға неше аурухана немесе қанша мектеп салуға болады?
Подробнее...Тарихи матч: «Астана» жеңді
Тарихи ойын! Басқаша айта алмайсың. Күні кеше елордалық «Астана» әйгілі ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол клубын өз алаңында қарсы алып, 2:1 есебімен жеңді. Бұл біздің ойыншылардың Еуропа лигасындағы алғашқы жеңісі. Десе де «қызыл сойқандар» ойынға резервтегі футболшыларын алып келгенін ескерсек, қатты қуанатындай да жағдай емес. Бұны менсінбеу деп түсінеміз бе, әлде қалай? Билеттерін бәленбай мың теңгеге таласып алған жанкүйерлер неге реніштерін …
Подробнее...Ауызсудың азабы
Алматы облысында бүтін бір елді мекеннің тұрғындары ауыз сусыз қалуы мүмкін. Қарасай ауданы әкімдігі биыл, ауданның 90 жылдығын тойлаудан қолы босамады ма, әлде естеріне кеш түсті ме, көктем емес, жаз емес, қара күзде құбыр жүргізуді енді қолға алып жатыр. Жамбыл ауылының көшелері қазір соғыстан кейінгі жағдайға көбірек ұқсайды. Орталықтың астаң-кестеңі шығып, қазылған күйі жатыр. Әсіресе, мектептің жанындағы шұңқырға балалар бірінен …
Подробнее...Енесі келінін 4 баласымен қуып шыққан
Ақтөбеде енесі келінін 4 баласымен бірге үйден қуып жіберген. Қыстың көзі қырауда далада қалған келіншек, перзенттерін жетектеп дағдарыс орталығынан бір-ақ шығыпты. Әйелдердің құқығын қорғаумен айналысатындар соңғы уақытта отбасындағы кикілжіңнің зардабын тартатындар жиілеп кеткенін айтты. Бұрын келіншектер тек күйеулерінен, жігіттерінен таяқ жедік десе, енді жуан жұдырығын ала жүгіретіндердің қатарына қайын жұрттағылар да қосылыпты.
Подробнее...






