Үйдің ішін терезе арқылы да жылытуға болады! Жоқ бұл — аңыз емес. Бұл кәдімгі Назарбаев университетінің профессорлары жүзеге асырып жатқан жоба. Яғни көмір тасып, от жақпайсыз, «қашан жылу береді?» деп сарылмайсыз. Жалпы, күн қуатын адам игілігіне пайдалану қалай және қашан жүзеге асады?
Подробнее...Новости
Заңсыз салық алып келген
Онсызда мүмкіндігі шектеуі жандардың үстінен де пайда көргісі келетіндер бар екен. Салық органдары мүгедектердің көмекшілерінен табыс салығын заңсыз алып келген. Бас қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның жиынында осындай мәлімдеме жасады. Оларға сенсек, заңға қайшы әрекеттерге барған салық органы өз пайдасына 30 миллионнан артық сома өндіріпті.
Подробнее...48 млн тонна қоқысты кім тазалайды?
Қоқысты кәдеге жарату мәселесі шешілмесе, алдағы 20 жылда қазақстан қоқыстың астында қалады деп, экологтар талай жылдан бері дабыл қағып келеді. Орташа есеппен бір жылда 5 миллионға жуық тұрмыстық қалдық шығады екен! Алайда, біздің шешеуніктер тау болып үйілген қоқыстың өзіне ғарыштан қарағысы келетін сияқты. Креативті министр, «қоқыс полигондарын енді спутник арқылы бақылаймыз» деп, айды аспанға бірақ шығарды. Ал, одан тұрмыстық қалдық …
Подробнее...Ұстаздар мәртебесі туралы заң қаралды
«Ұстаз мәртебесін» депутаттар бірінші оқылымда қарады. Заң қабылданса, биліктің қол баласына айналған мұғалімді сайлауда заңсыз жүгіртетіндер, газетке күштеп жаздыртатындар, сенбілік пен әншінің концертіне билет сатып алуға мәжбүрлейтіндер, қысқасы, артық жұмысқа жеккендер, 300 мың теңге айыппұл төлейді. Алдағы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе көтеріліп, ал олардың балалары балабақшаға бірінші кезекте орналасады. Бұл қолға алынғалы жатқан шаралардың бір парасы ғана. Жұмысы …
Подробнее...Жастар жылы қорытындыланды
Әне-міне дегенше өте шыққан биылғы жастар жылын қорытындылау басталды. Осының аясында Семей қаласында тұңғыш президент күніне арналған «Біздің №1» атты 19-шы жастар форумы өтті. Аталған шараға жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен белсенді жастар қатысып, бірқатар мәселелерді талқылады.
Подробнее...«Алматыметроқұрылыс» басшысы ұсталды
Жер астынан жік шықты. Арнайы органдар Алматы метросын басқарып отырған тұлғалардың соңына тағы да май шам алып түсті. Бұл жолғы ұсталған фигурант, «Алматыметроқұрылыс» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы. Онсызда құрылысы 31 жылға созылған метроның Сарыарқа мен Достық стансаларын биыл мерзімінен бұрын аяқтау көзделген еді. Қайдам? Кешеуілдеуі мүмкін. Онымен қоса мыңға тарта жұмысшының айлығы да кешігуі ықтимал.
Подробнее...Жалған құжатпен елді алдаған
«Жоғары қызметте отырған шенеунік немесе тұңғыш президенттің немересі» пара берген жерінен ұсталды. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де құжат бойынша дәл солай. Рөлге мас күйінде отырған азамат жол апатын жасап, оқиға орнынан ізін суытпақшы болыпты. Алайда, кейін анықталғандай өзін осылай деп таныстырған жүргізуші халықаралық іздеуде жүрген алаяқ болып шықты. Осыған дейін де бірнеше рет жалған құжатпен ұсталған екен. Сонда құзырлы орган қызметкерлерінің …
Подробнее...Тұрғындар құрылысқа қарсы
Алматының тарихи орталығында заманауи тұрғын үй салуға тұрғындар қарсы. Олар құрылыс компаниясымен біраз уақыттан бір келісімге келе алмауда. Осы мәселеге қаптысты кезекті қоғамдық тыңдау айқай-шумен аяқталды. Ал құрылыс компаниясы Қабанбай мен Назарбаев даңғылының қиылысынан элиталық үй салуды көздеп отыр. Тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жұмыстарын бір аптадан кейін бастауды көздеп отырғанын жеткізді.
Подробнее...Гонконгте қанша қазақстандық қамауда отыр?
Гонконгтегі қақтығыс кезінде ұсталған Қазақстандық студент қазір тергеу изоляторында отыр. 19 жастағы азаматқа әзірге ресми айып тағылмапты. Ал жақындары жергілікті полицияның Әбілқайырға жала жауып отырғанын айтуда. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қаладағы шерулер әлі жалғасып жатқандықтан, студенттерге оқу келер жылға дейін тоқтатылды. Қазірдің өзінде 200-ден астам қазақстандық елге оралған. Ал, қамауда отырған отандасымыздың тағдыры не болмақ?
Подробнее...Кәмелет жасына толған халықтың 90 пайызы несие алған
Сенсеңізде, сенбесеңіз де, кәмелеттік жастан бері қарайғы қазақстандықтардың 90 пайы несие алып көрген. Бұрындары несиеге жүгінетіндердің саны ай сайын деуші едік, қазір күн сайын артып келеді. халықты сүлікше сорған банктер берген қарыздың 30 пайызы тұтынышулық мақсатқа жұмсалған. Халық ипотека мен бизнесті қойып смартфон, телевизор, тоңазытқышты, тіпті киім алу үшін де несие рәсімдейтін болыпты. Оны қойып тамақтың өзін несиеге алып жейтін …
Подробнее...






