https://youtu.be/GYbWins2ywM Елімізде еңбек дауы өршіп тұр. Нақтырақ айтқанда, 1,4 миллиард теңге! Еліміздегі кәсіпорындар жұмысшыларға осыншама сома айлық төлемеген. Жалақысымен бір отбасын асырап отырған қарапайым маманды жылдар бойы зар жылатқандар, мемлекетке де бой берер емес. Кәсіпорындар неге қарызға белшесінен батуда? Әлде банкрот қолдан жасала ма? Ал, төленбеген айлықты қалай өндіріп алуға болады? Келесі сюжетке зер салып көріңіз!
Подробнее...Новости
Жаңа үйде 5 жылдан бері жылу жоқ
«Жылу керек болса, дөңгелек үстел өткіз!» Ақтөбеде тоңып отырған жұртты тыңдауға келген шенеунік осылай деді. Бірдеңе түсіндіңіз бе? «Нұр Ақтөбе» ауданы тұрғындарының бүрсең қаққандарына бес жылдан асыпты. Жұрттың бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Бірақ шағым неге ескерусіз қала береді? Мәселені дөңгелек үстелсіз шешу мүмкін емес пе сонда?
Подробнее...Судың да сұрауы бар!
Қаншама жыл өтсе де, көп ауылда әлі су жоқ. 18 жылдың ішінде екі бірдей бағдарлама қабылданды. Бөлінген ақша 1 триллион теңгеден асады. Алайда, екі жарым миллион тұрғынның әлі күнге дейін таза ауыз суға қол жеткізе алмай отырғаны қалай?! Миллион, миллиард емес, триллионның сұрауы кімнен? Әлде сумен бірге құмға сіңді ме? Бұған қоса ел аумағында ішуге жарамды деген тек 5 су …
Подробнее...Пышақ жарақаты: Павлодарда жасөпірімдер төбелесті
Мектепте жасөспірімдер арасындағы төбелестің соңы адам өлімімен аяқтала жаздады. Абырой болғанда, пышақ жарақатын алған оқушы аман қалған. Қазір ол ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Оқыс жайт қайда тіркелді? Зардап шеккен баланың жағдайы қалай? Төбелеске не себеп?
Подробнее...Бензин бағасы 160 теңге болмақ
Бензиннің бағасы 160 теңге болмақ. Халық жиі қолданатын жанармайдың құны жыл соңына дейін өсуі мүмкін. Оған себеп акциздердің көтерілуі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында экономика министрлігі мәлімдеді. Ал, бензин қымбаттаса, бәрі қымбаттайды емес пе? Одан қалды, енді бізде үш цифрлық вице министр тағайындалады? Бұл орынбасарлардың қызметі қызметі қандай болмақ? Жалпы атқамінерлердің смартфондары қайтарылатыны рас па?
Подробнее...Жүлде үшін жалаңаштанды
Арнайы жүлде үшін арыңнан аттап өт! Еліміздің рухани астанасы саналатын Семейдегі түнгі клубтардың бірінде осындай ұранды ортаға тастаған шоуменнің айтқанына еріп, тір жалаңаш шешінген жастардың видеосы әлеуметтік желіде таралды. Таралып қана қоймай, қоғамның талқысына түсті. Бұл Ертіс бойындағы жастардың Абайдың 175 жылдығы қарсаңында жасаған ерекше флешмобы ма?
Подробнее...Оқушылар түнгі уақытта қайда жұмыс істеген?
Түркістан облысындағы оқушы қыздар түнгі уақытта қайда жұмыс істеп жүр? Сарыағаш ауданы, Дихан баба ауылында оқушының ісін қарап жатқан тәртіп сақшылары көрсе де көрмегендей, білсе де білмегендей болуы үшін, мектеп директоры ұстаздардан 100 мың теңге ақша жинап жатқан көрінеді. Бұл туралы біздің арнаға шағымданған мұғалімдердің бірі мәлімдеді. Және бұл біріншгі рет емес. Мұндай үрдіс ауыл мектебінде дәстүрге айналған, дейді ашынған …
Подробнее...Баспана ма, зейнетақы ма?
Президент «Оқу оқимын, немесе баспана аламын деушілерге зейнетақы қорындағы жинағын мерзімінен бұрын беру мәселесін қарастыру керек» деп айтқан ұсынысына талайлардың қуанғаны рас. Үмітпен жүргендері қаншама?! Бірақ ол ақша тек кімдерге беріледі? Ол үшін зейнетақы жинағыңда кемінде қанша ақшаң болу керек? Оны әзірге ешкім білмейді. Бір ай уақыт қалды, ұсыныс әлі дайын емес. Зейнетақы салымдарын баспана алу үшін қолдануға мүмкіндік беретін …
Подробнее...Планшеттен пластик пакетке дейін…
Президент келерде ашылып, артынша қайта жабылатын аты барда, шығарған заты жоқ елес зауыттарға, жалпы осындай көзбояушылыққа көз де үйреніп алды. Ақтауда жылына 100 мың планшет пен телевизор шығарамыз деп ашылып, ең болмаса қолдарынан бір монитор жасап шығару келмеген зауыт енді бүкіл әлем бас тартып жатқан пластик пакеттер өндірісін қолға алмақ! Дегенмен тендерді ұтып алған компанияның басшысы екі рет қылмыстық жазаға …
Подробнее...Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ол – шетел көрген. Ұлыбританияда «Білім жүйесінде басқару» мамандығы бойынша тәжірибесін шыңдаған. Бірақ, сол жақта қалатын жағдайы бола тұра, елге оралған. Өзгелердің уысына түсе бермейтін үлкен мүмкіндіктен бас тартқан кім? Оның мақсаты қандай?
Подробнее...






