0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

46-шы президент кім болмақ?

АҚШ президенттігіне үміткерлердің қатары тағы бір адаммен толықты. Әлемнің ең бай адамдарының ішінде 11 орында тұрған Майкл Блумберг өз кандидатурасын ұсынып отыр. 50,4 миллиард доллар қаражаты бар кәсіпкер күні кеше сайлау алды видеоролигін жариялап ақпарат әлемін дүр сілкіндірді. Сонымен Америка құрама штаттарының 46 президенті кім болады? Ол Қазақстанға қалай әсер етпек?

Подробнее...

Өз баласын сабады

Ал, Қарағандыда безбүйрек ана мен өгей әкесі 7 жастағы ұлын көгала қойдай қылып сабап тастады. Ауыр соққы алған жеткіншек шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Басқа қалада тұратын туған әкесі әділдік іздеп заң органдарының табалдырығын тоздырып жүр. Ал, оқиғаға кінәлілер жазаланды ма? Науқастың қазіргі жағдайы қалай?

Подробнее...

Тергеушілер: сатқындықтың құрбаны болдық!

«Бюджеттің миллиардтарын қайтарып, қылмыскерлермен қызу күрессек те сатқындықтың құрбаны болдық!». Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы офицерлері ашумен айтқан сөздері осы. Құқық қорғаушы ретінде зейнетке шығарғанымен, зейнетақы төлеуге келгенде мемлекет сараңдық танытып отыр, дейді. Осымен екінші жыл әділдік іздеп жүрген топ, бүгін Президентке үндеу жолдап, базынасын тағы айтты.

Подробнее...

Жантүршігерлік жол апаты

Апат айтып келмейді. Күні кеше Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Зардап шеккен 14 адамның 6-ауы әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Арасында ең ауыр соққы алған бір әйелдің денсаулығы тым нашар дейді дәрігерлер. Тағы бір жәбірленушіге шұғыл ота жасалған. Естеріңізге сала кетейін, оқиға Шымкент пен Сарыағаштың аралығындағы тас жолда болған. 4 көлік соқтығысып, бүктетіліп қалған. Бір машина тіпті, түгі қалмай жанып …

Подробнее...

Далада бала жата ма?!

Қостанайда сұмдық жағдай тіркелді. Қаладағы қоқыстардың бірінен жаңа туған шақалақ табылды. Шала-жансар күйде. Нәрестені жергілікті тұрғын тауып алыпты. Ол сол мезетте жедел жәрдем шақырған. Дегенмен, дәрігерлер баланың өміріне араша бола алмады.

Подробнее...

Әйелін өлтірмек болды: кімдікі рас?

Өз әйелін сабап, өлтірмек болды деп айыпталған азаматқа шоу-бизнес өкілдері араша түсе бастады. Ксения Ашығалиеваны ешкім ұрған жоқ! Ол өз денесін гримдеп алып, күйеуіне жала жапқан! Ксенияның қайын атасы осылай деп мәлімдеді. Өнердегі достары Парвиз Назаров, Жәмилә Серкебаева да күйеуі Бауыржан Ашығалиевтің ондай айуандыққа бармайтынын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, бір апта бұрын күйеуімнен зәбір көрдім деген келіншек тергеудің сағызша созылғанына …

Подробнее...

Домбыра сабағы енгізілмек

«Мектептерде домбыра сабағын енгізуіміз керек!» . Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл ұсынысы халықты біраз қуантқаны рас. Енді міне арада бірнеше ай өткеннен кейін, ерекше пәннің оқулығы да дайын болып, президентке таныстырылды. Жалпы бізге мұндай пән қажет пе?

Подробнее...

Сасық иістен тұншыққандар жанайқайы

Қант зауыты күлімсі исімен тұншықтырғаны былай тұрсын, енді бау-бақшасыз қалдыратын болды. Осы Алматы облысына қарасты Көксу ауданының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Айтуларынша, арықтағы суға қызылша сығындысы араласып, өсірген көкөністері қурап қалған екен. Ал, зауыт басшылығы тұрғындардың бұл уәжімен еш келіспейді. Қайта жерді тыңайтатып жатырмыз дегенді алға тартты.

Подробнее...

Аялдамада көлік қаққан тағы бір оқушы көз жұмды

Қызылордадағы аялдамада көлік қаққан тағы бір бала бүгін бақилық болды. Жүгенсіз жүргізушінің кесірінен қаза тапқандар саны осымен төртке жетті. Ал кеше қаза тапқан ұл мен қыздың бір үйдің балалары екені белгілі болды. Бұл ақпарат қазақстандықтардың жағасын ұстатып, қара жамылған отбасының қайғысына ортақтасып жатыр. Ал кінәлі жүргіщуші кім? Полицейлер 20 жастағы жігіт туралы неге ешбір ақпарат бермей отыр? Ол да Үсенов …

Подробнее...

Мәйітті шатастырып басқаларға берген

Оралда көлік қағып қайтыс болған 10 жасар қыздың денесін мәйітхана мамандары басқа адамдарға беріп жіберген. Перзентінің сүйегін алуға келген қара жамылған отбасы бұны естіп есеңгіреп қалғандарын айтады. Ал, болашағынан зор үміт күттірген қаршадай қызды оралдықтар бүгін арулап ақтық сапарға шығарып салды. Жаяу жүргіншілер өткеліндегі жарық мәселесімен жақсы таныс жауаптылар болса жақын арада 11 қауіпті учаскілерінде көше шамдары орнатылатынын айтып отыр.

Подробнее...
X