0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

ЖОЛДАР ҚИРАП ЖАТЫР

Қызылордада төселген жолдардың 30 пайызынан мамандар кемшіліктер анықтады. Салдарынан жөндеуден өткен жолдар жарты жыл өтпей жатып қирап жатыр. Қызылордалықтар бұл жайтқа жергілікті билік өкілдерін кінәлап отыр. Себебі өңірде көп жағдайда асфальт төсеу жұмыстары күз бітіп, қыс басталар уақытта жүргізілсе керек.

Подробнее...

БІЗДЕ БӘРІ БОЛАДЫ

Шымкентте балалар саз мектебін эколог басқарып отыр. Өнердің иісі мұрынына бармайтын басшысына қарағамағындағы қызметкерлер мүлдем қарсы болып, шу шығарды. Айтуларынша, былтыр оқу жылы басталатын кезде келген директор мекеменің жәй-күйін дұрыстаудың орынына, мұғалімдерді қыр соңынан қалмай қойыпты. Осы жағдайдын білім басқармасына ескерткеннен кейін тіпті қудалауын тоқтатпай, айлықтарында қысқартып жатыр екен.

Подробнее...

ТОЙДА ҚАРҒЫС АЙТЫП ЖҮРМІЗ!

Құрметті көрермен, құлағыңызға алтын сырға! Өкінішке орай, қазір қазақ тілінің тағдыры аянышты болып табылуда. Екі сөйлемде үш бірдей өрескел қателік жібергенімді байқағандар байқады. Ал түсінбегендерге менікі кінәлім емес. Қазір қараша арасында мақал-мәтел мен кей тіркестердің мәні бұрмаланып, дұрыс қолданылмай жүр. Тіпті тойшыл қауым тәтті тілектің орнына қарғыс айтатынын аңғармайтын көрінеді.

Подробнее...

22 МЛН ТЕҢГЕ ЕШКІМНІҢ ҚОЛЫНА БЕРІЛМЕЙДІ

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов төрағалығымен Үкімет отырысы өттті. Жиында министрлер баспана, өтемақы, жаңа ипотекалық бағдарламаның мән-жайын түсіндірді. Белгілі болғандай, су тасқыннан зардап шеккендер біржолғы көмектен бөлек, қосымша техника сатып алуға 553 теңге төленеді екен.

Подробнее...

«ЕУРАЗИЯ» БІРІНШІ АРНАСЫНАН ПӘТЕР ҰТЫП АЛ!

Еуразия бірінші арнасындағы «TELEBOOM» телевизиялық ойынының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды. Үздік үштікке енгендер — Түркістан облысы мен Риддер және Степняк қалаларынан. Олардың жеңімпаз атанғандарын тікелей эфирде «Қайырлы таң, Қазақстан!» бағдарламасы арқылы әрқайсынына телефонмен қоңырау шалып, тосын сый ретінде айтылды.

Подробнее...

“ШОҚАН УӘЛИХАНОВ — ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР”?

Ұлт үшін күрескен ұлылардың еркек не әйел екенін ажырата алмайтын күйге жеттік. Көшеге аты берілген алыптардың есім-сойына -ова ева-ны жалғап, әбден шатастық. Тіпті халық өзі тұратын көшеге кімнің аты берілгенін, оның кім болғанын айта алмай масқара болып жатыр.

Подробнее...

ТЕГІН ДӘРІГЕ ЖЕТУ – ТАУҚЫМЕТ

Тегін дәріге жету – тауқымет! Бүгінде арнайы диагноздарға тағайындалатын препараттар төңірегінде шу басылмай тұр. «Жыл сайын Министрліктен миллиардтаған қаражат бөлінеді, бірақ қызығын біз көрмейміз» , — деп қынжылады қараша. Жақында тіпті Түркістан облысында 2 жасар бүлдіршін ауруханадан дертіне шипа таппай жан тапсырған. Анасы медициналық мекемеде емге қажетті дәрілердің болмағанын айтып, зар қақсап қалды. Ал сенген серкеміз «СҚ-Фармацияның» былтыр 190 түрлі …

Подробнее...

ШИКІ ЖҰМЫРТҚА ЗИЯН БА?

Ел ішінде шикі жұмыртқа ішетіндер жайлы естіген боларсыз. Бірі денсаулық үшін пайдаланса, енді бірі даусым жақсы шығады деп есептейді. Ал, мамандар шикі астан түрлі дерт жұқтырып, науқастанып қалмаңыз деп дабыл қағуда.

Подробнее...
X