https://youtu.be/bb0fE_T_JcE Елімізде жыл сайын бесіктен белі шықпаған 1000 жасөспірім қыздың 25-і өмірге сәби әкеледі. Нақтырақ айтсақ, мектеп оқушыларының туу көрсеткіші дамыған мемлекеттеріне қарағанда алты есе көп! Жуырда ғана Маңғыстау облысында 15 пен 19 жас аралығындағы қыздардың 160-тан астамының жүкті екені анықталды. Мектеп қабырғасында жүріп, етектерін ашатындар неге көбейіп кетті? Бұған қалай тосқауыл қоюға болады?
Подробнее...Новости
Астаналықтар автобусқа сыймай жатыр
«Көңіл сыйса, бәрі сияды». Кейде елордалық жолаушылардың ұраны сол ма деп қаласың еріксіз. Негізі қаладағы автобустар көп дегенде 100 адамға ғана қарастырылған екен. Алайда Нұр-Сұлтандағы аялдамалардың біріне кешкі сағат жетілер шамасында барсаңыз, мүлдем басқа көрініске тап боласыз. Неге? Әлде бас қалада қоғамдық көліктер жетіспей ме? Оған жауапты компания өкілдері не дейді? Ал өзге өңірдегі жағдай қалай?
Подробнее...Президенттерге қылыш апарған адам неге қобалжыды?
Қазақстанда өзімді үйімде жүргендей сезінемін. Швейцария Президентінің журналистерге ағынан жарыла айтқан сөзі бұл Еуропа елінің басшысы сапармен елордаға келіп, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Қос президент алдына қылыш ала барған адам неге қобалжыды, қызыл кілем үстінде жүруге көпшілік неге қысылғды?
Подробнее...Жарты айда жарты млрд айыппұл арқалаған
Жарты айдың ішінде жарты миллиард теңге айыппұл! Түркістанның тәртіп сақшыларының жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін сақтауды үйретуге осыдан басқа амалдары қалмаған сыңайлы. Қала облыс орталығы мәртебесін алғанға дейін жолдары шұрық-тесік, тіпті кейбір көшелер арнайы жол белгілерінен жұрдай болған. Содан болар, жүргізушілер де ереже сақтауға келгенде бас қатыра қоймапты. Енді қомақты айыппұл олардың ойын өзгерте ала ма?
Подробнее...Көлік аялдамаға соғылып, адамдар көз жұмды
Қанды аялдама! Бүгін Қызылордада автобус күтіп тұрған адамдарды көлік қағып, үш жан оқиға орнында көз жұмды. Сұмдық жайт көшедегі адамдардың көз алдында болған. Оқиғаны камераға түсіріп, видеоны әлеуметтік желіге жүктегендер жүргізушінің жүгенсіздігіне ашуланып, боқтық сөздер айтқанын естуге болады.
Подробнее...Жүгенсіз жүргізуші 10 жастағы қыздың өмірін қиды
Оралда он жастағы қыз жаяу жүргіншілер жолағында қаза тапты. Оқушыны жоғары жылдамдықпен жүйткіген көлік қағып, оқиға орнынан тайып тұрған. Оқыс жайт сол жердегі бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты. Дәл осы бейнежазбаның көмегімен кінәлі жүргізуші де көп ұзамай қолға түсті.
Подробнее...Прокурор Олеся Кексельдің ісінде неге кереғарлық көп?
Жемқорлардың қорқынышты түсіне айналған Олеся Кексельдің төңірегіндегі дау әлі де басылмай тұр. Бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаров оған қатысты іс өткен аптада-ақ тоқтатылғанын айтса, Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растамады. Керісінше, тергеу әлі жалғасып жатыр екен. Сонда, бұл іске қатысты неге кереғар мәліметтер айтылуда?
Подробнее...Көлік қыздыратын бекеттің машақаты
Бүгінгі қақаған аязда жаяу жүрген жұрттан ғана емес, жүргізушілерден де маза кетті. Көлігі қатып, оталмай қалған астаналықтар машиналарды қыс мезгілінде қыздыруға арналған электр станцияларыорнатылып еді ғой, сол қай жерде десіп сабылды. Бұл шетелдік деңгейдегі жаңашылдық Сарыарқаның саршұнақ аязында көлігі бар көпшілікке көмектесіп жатыр ма?
Подробнее...Бойжеткен ақтөбелік бас полицейден көмек сұрады
Бүгін еліміздің барлық өңірінде шенді-шекпенділер жұрттың базынасын тыңдап, халықты қабылдады. Ақтөбеде болған шарада бойжеткен аймақтың бас полицейіне жарты жылдан бері ұрланған телефонын таба алмай жүргенін айтып шағымданды. Тестілеу кезінде кіреберісте отырған комиисия мүшелерінің қолына табыстап кеткен. Ал сынақтан кейін таппай қалыпты. Бұл жайлы тәртіп сақшыларына шағымданған екен, еш нәтиже шықпапты. Ақтөбенің бас полицейі бұған не дейді?
Подробнее...Оңтүстікте жұмысқа тұру ставкасы қанша?
Мектепке еден жуушы болып кіру үшін қанша мың теңге беру керек? Мұғалім мен медиктің ставкасы қандай? Пара бермесең неге жұмысқа тұра алмайсың? Бұл күнде оңтүстік халқын осындай сауалдар мазалайды. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің «пара беріп қызметке тұру — цифрландыру жүйесі енгелі құрдымға кетті» дегенімен жұрт келіспейді. Олар тіпті әр мамандықтың ставкасын да жатқа біледі екен. Оңтүстікте қызметке тұру құны қанша?
Подробнее...






