0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Арыстың кей тұрғынына қыстан шығу мұң болуда

Арыста баспаналары жарылысқа дейін апатты деп танылған ондаған үйдің иелері қыстың көзі қырауда далада қалғалы тұр. Жергілікті билік ол үйлерге жөндеу жасамаймыз депті. Ал халық шенділердің ұсынған ақшаларына азсынып, алмай қойған. Жұрттың жанайқайы шенділердің құлағына жетті ме, еңіреген халықтың есебін әкімдік қалай таппақшы?

Подробнее...

Қазақстан неге өзін киім-кешекпен қамти алмауда?

Отыз жылға жуық тәуелсіз ел болсақ та, отандық жеңіл өнеркәсіп әлі де өзгелерге тәуелді. Статистика осылай дейді. Келіспеуге шара жоқ. Өйткені, биыл тоғыз айда ішкі нарық сұраған киім-кешектің тек 6 пайызын ел өнеркәсібі қамтыса, қалғанын шетелден тасығанбыз. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, бірнеше күн бұрын Азиядағы ең ірі, Қазақстандағы жалғыз Семейдің тері өңдейтін зауыты банкрот деп танылды. Қанаты қатаймаған бизнес түрінде жергілікті …

Подробнее...

Тағы бір коммуналдық тариф көтерілмек

Биыл ғана 5 процентке арзандаған қызмет келер жылы екі есе қымбаттауы мүмкін. Қоқыс жинап, өңдеумен айналысатындар осындай бастама көтеріп отыр. Шығын шаш етектен, ал келген табыс оны жаппақ түгілі, банкротқа итермелеп отыр деп зар илеуде. Екі есе өскен күннің өзінде жағдай уақытша ғана оңалады деп отыр. Бағасы еселеп өсуі мүмкін қызметті қай қаланың тұрғындары тұтынып?

Подробнее...

Алматы облысының әкімі отставкаға кетуден қорықпайды

Атышулы Бағдат Мәнізоровтың кінәсі дәлелденсе, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та отставкаға кетуге дайын. Бүгін астанаға келіп, журналистермен брифинг өткізген өңір басшысы осылай деп ағынан жарылды. Алайда, Баталов аймақты таза ауызсумен қамтуға бөлінген қаржы желге ұшты дегенмен келіспейді. Жылдар бойы бұл мақсатқа бөлінген 500 млрд теңге орын-орнымен жұмсалған көрінеді.

Подробнее...

Мектеп әжетханасында оқушы қызды зорлап кетті

Педофил тапа-тал түсте 12 жастағы қызды зорлады. Күдікті арам пиғылын әжетханада іске асырған. Ал қылмысты тексерген тәртіп сақшылары буыны қатпаған мектеп оқушыларын тергеп, оларды сұрақтың астына алыпты. Бұған ашуланған ата-аналар бүгін білім ордасында айқай шығарып, жұмысына салғырт қараған мұғалім мен директордың жазалануын талап етті.

Подробнее...

Жарты жыл ішінде 800 қыз-келіншек зорланған

Елімізде әр бес жарым сағат сайын бір әйел зорланады, ал әр тәулік сайын бір бала зорлыққа ұшырайды. Ал, осы жылдың алғашқы жарты жылдығында 800-ге жуық қыз-келіншек зорланған. Ең өкініштісі, зәбір көргендер сол күні шағым жазбай, араға уақыт өткізіп алады екен. Сол себепті де абыройларының тапталғанын дәлелдей алмай жүреді дейді мамандар.

Подробнее...

Қымбатшылыққа кімдер кінәлі?

Азық-түліктің қымбаттауына жол берген шенеуніктер жауапқа тартылады. Тоқаевтың сынынан кейін ашуға мінген Үкімет басшысы Асқар Мамин министрлер кабинетіне осындай тапсырма берді. Мәселен, астықты аймақ Көкшетаудың өзінде ұнның бағасы 47 процентке көтерілген. Ал Сауда министрі Сұлтанов қарақұмық, яғни гречканың қымбаттауына Ресейдегі дәнді дақыл өнімінің аздығын себеп қылып, айды аспанға шығарды.

Подробнее...

Инстаграмдағы бизнес неге тежелуде?

Лайксыз өмір. Енді Инстаграм желісінің қолданушылары өзгенің жазбасына басылған лүпілдің санын көре алмайтын болды. Бағдарламаны жасаушылар осы арқылы адамдардың арасында пайда болған өзара жарысты тоқтатамыз деп шешіпті. Көптің назары үшін жанын беретіндер енді қайтпек? Бұл әлеуметтік желі арқылы кәсібін жүргізіп отырғандарға қала әсер етеді?

Подробнее...

Дипломы жоқтар ауыл әкімі бола ала ма?

Енді жоғары білім алғаны туралы дипломы жоқ болса да, іскерлігі мен өмірлік тәжірибесі, қарым-қабілеті жететін жандар ауыл әкімі болуы мүмкін. Ал, елді мекендердің шырайын келтіріп, күрделі мәселесін шешу үшін тек дәрігерлер мен мұғалімдер ғана емес, бухгалтерлер мен заңгерлер де жұмысқа тартылмақ. Өйткені, қазіргі таңда ауылдар осындай мамандарға зәрі екен. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында осындай өзекті мәселелер талқыланды.

Подробнее...

«Super Qala» жобасы эфирге шығады

«Еуразия» Бірінші арнасында жаңа жоба! Жаңа жылдан бастап, «Super Qala» бағдарламасы көрерменге жол тартады. Мақсаты еліміздің қай қаласында ең өнерлі жандар тұратынын анықтау. Өзге саланың мамандарын өзге қырынан танытатын жобаның алғашқы түсіріліміне тілшіміз де қатысып қайтты.

Подробнее...
X