«Астана біздікі», «барлығын қырып саламыз» деп, қоғамды дүрліктерген қарулы жігіттер қолға түсті. Өткен жетіде былапыт сөздермен бүкіл Қазақстанға бейнежазба «сәлемдеме» жолдағандарды полиция тұтқындады. Арнайы операция кезінде видеодағы жігіттер белгісіз пәтерден табылғаны көрсетілген. Құзырлы органға сенсек, басты кейіпкер күні бүгінге дейін түрмеде отыруы керек екен. Алайда, заңның бостығын пайдаланып, ол мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.
Подробнее...Новости
Шенеуніктер суда жүзуден жарысты
Талдықорғанда шенеуніктер суда жүзуден жарысты. Облыстық турнирге өңірдегі мемлекеттік мекемелерден барлығы 8 команда қатысты. Мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұл шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Подробнее...20 жыл құлдықта болған
Құлдықта өткен 20 жыл! Алматы облысында Ресей азаматы осынша уақыттан бері өзгенің малын бағып, үйін күзетумен келеді. Бұл қызметі үшін көк тиында алмаған. Құл демеске амал бар ма? Қожайындарының айтқанын бұлжытпай орындамаса соққыға жығылады. Қашайын десе қолында құжаты жоқ. Тау басында жалғыз өзі тұратын азамат, тілшімізден араша сұрады.
Подробнее...Жүрек ауруының алдын алу
Әлемде жыл сайын жүректің ишемиялық ауруынан 17 миллион адам көз жұмады екен. Емі жоқ емес. Егер дұрыс емделіп, уақытында қаралса, 80 пайыз жағдайда инфарктің алдын алуға болады, дейді мамандар. Науқастың өмірін сақтап қалудың бір жолы — жүрек қан тамырларына стент орнату. Емдеудің инновациялық тәсілі еліміздегі кардиологиялық орталықтарда кеңінен қолданысқа енгізілуде.
Подробнее...Аурухана қабылдамай, 5 жасар қыз көз жұмды
Дәрігерлер жазалансын! Ақтөбеде 5 жасар қызынан қапыда айрылып қалған ата-ана осындай талап қойып отыр. Олар қаладағы үш аурухана бүлдіршінді қабылдамай, 8 сағат бойы сенделтіп қойғанын айтады. Бала төрт күн жөтеліп жүреді. Ата-анасы салқын тиген болар деп үйде дәрі береді. Тек бесінші күн дегенде емханаға, кейін қызуы түспеген соң жедел жәрдеммен ауруханаға әкелген. Жедел жәрдеммен әр ауруханының есігін қағып тентіреп жүргенде …
Подробнее...Әкімдер есеп беруде
Бір әкім тегіс жолға зар болып, тікұшақпен ұшып жүр. Бір әкім керісінше, Шумахердей жылдамдықпен джип мініп шаң ілестірмеуде. Елордаға есеп беруге келген облыс басшыларының біраз сыры ашылып жатыр. Қазір жыл соңы жақындап, әр өңірдің әкімі жеткен жетістіктерін жіпке тізіп, алдағы жоспарымен бөлісіп жүрген кезі. Әзірге 4 әкім тілшілермен жолықты.
Подробнее...Жаңа латын әліпбиі келер жылы ұсынылады
Латын әліпбиіне көшудің төңірегінде айтыс-тартыс әлі де жалғасуда. Мамандардың сөзінше, латынды оқығанда емес, жазуында кедергілер жеткілікті. Солардың бірі акут пен ноқат. Жалпы тіл жанашырларының аталмыш мәселеге қатысты ұсыныстарын тілшіміз Гүлнәзия Жалғасқызы тыңдап қайтты.
Подробнее...Елорда халқы түтінге тұншықты
Елдің төрінде емес, пештің түбінде отырғандаймыз! Тұншығып жатыр астана, көрпедей жапты көк түтін! Бірер күннен бері Нұр-Сұлтанның аспанын торлаған көк түтінге қатысты пікір білдірмеген адам кемде кем. Теңеудің түр түрі айтылуда. Енді ше, күн суыды, пешке көмір шелектеп салынып жатыр. Түтінді қуар Сарыарқаның самал желі де қырсыққанда соқпай қалады. Бұл жағдай қала тұрғындарының мазасын алуда.
Подробнее...Арыстағы балаларға сый жасалды
Арыс қаласының кішкентай тұрғындарына «Дегдар» қайырылымдық қоры жаңа ойын алаңы мен жабдықтар сыйлады. Игі іске атсалысқандар қаржыны «Алматы-менің алғашқы махабаттым» ретро-фестивальі аясында жинаған. Билет пен қайырылымдылық көмегімен 32 миллион теңге түсіпті.
Подробнее...Тапқанымыз тамаққа кетеді!
Тапқан-таянғанымызды тамаққа жұмсаймыз! Одан қалды, бас-басымызда несие бар. Есеп-қисапқа салсақ, ел тұрғындары өз айлықтарына әрең дегенде күн көреді. Өйткені тамақтан бөлек, несиесі, өзге де қажетті шығындары бар. Ол дегеніңіз халықтың жартысынан көбі кедейшіліктің күйін кешуде. Неге халыққа қолжетімді болуы тиіс азық-түліктің бағасы тұрақсыз, оған қатысты депутаттар недей пікір айтты?
Подробнее...






