20:55 Тікелей эфир Многосерийный фильм «ЮРОЧКА»
0:30 Эфирде әрі қарай Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»

Новости

Баянауылдағы ұлттық парк алапат өртке оранды

Павлодарда еліміздегі табиғаты ең көрікті жерлердің бірі- Баянауыл орманы отқа оранды. Қазірдің өзінде, тілсіз жау 93 гектар алқапты күлге айналдырған. Өрттің неден шыққанын мамандар анықтау үстінде. Кеше түскі сағат 1-лер шамасында Жасыбай ауылының маңында басталған дала өрті ауа-райының ыстық болуынан, қатты желден одан сайын күшейе түскен. Қазір аймақта 5-ші санатты өрт қауіпі жарияланған.

Подробнее...

300 млн теңге бөлінген жұмысқа көңілдері толмайды

Алматы облысындағы ауыл тұрғындары ауыз су тартып жатқан мердігер компанияның жұмысына қанағаттанбай, күйініп отыр. Үш айдан бері жердің бәрін қазғанымен, құбырлары тесіліп, кейбірі стандартқа сай тереңдікте орналаспаған дейді. Саз-балшықтан енді құтылдық дегенде, жерді лайлап, жақында төселген асфальттың бәрін бұзған. Жергілікті шенеуніктер де олқылықты жақсы біледі, тек тапсырысты аудандық әріптестері берген соң құзыры жүрмей жатыр екен.

Подробнее...

Жүрек дертіне шалдыққандарға көмек

Қазақстанда реабилитолог-дәрігерлер жетіспейді. Әсіресе, жүрек дертіне шалдығып, инсульт алғандар маман тапшылығының зардабын тартуда. Осы бір сырқатпен жыл сайын 40 мыңдай қазақстандық ауруханаға түседі. Соның бес мыңы алғашқы он күнде көз жұмады екен. Ал денсаулық сақтау саласына енгізілгелі жатқан жаңа жүйе осындай келеңсіз көрсеткішті азайтып, отандық медицинаға серпін береді.

Подробнее...

Жұлдыздар инстаграмдағы акканунттарын сатуда

Инста парақшамды 600 мың теңгеге сатамын. Бүгінде әлеуметтік желіде өз парақшасын аукционға қойып, бизнес жасап жатқандар жетерлік. Өнер жұлдыздарынан бөлек, медиа тұлғалар инста аккаунттарын белгілі бір деңгейге жеткен соң, кәсіпкерлерге сатып әлек. Тіпті, ғаламторда мұндай жарнамалардан көз сүрінеді. Ал IT мамандар мұндай аккаунттардың құрығына түспес бұрын, оны зерттеп, тексеріп алған дұрыс дейді. Өйткені ондағы жазушылардың жартысынан көбі «Бот» болуы мүмкін.

Подробнее...

Телефонның ар жағынан ақша ұрлауда

Тұрғындардың тірнектеп жиған теңгесін баяғыда әмияны мен қалтасынан ұрлайтын. Қазір телефонның ар жағында отырып-ақ, ақшаңызды үптеп кететіндердің тым көбейгенін ескерткіміз келеді. Жыл басынан бері елімізде 4000-нан аса отандасымыз, осындай алаяқтық оқиғадан опық жеген. Бұл өткен жылдан екі есе көп. Кімнен көреміз? Дүйім жұрттың жеке мәліметіне жауапты банктен бе? Әлде азаматтардың аңғалдығынан ба?

Подробнее...

46 бас жылқы неден қырылды?

Ұрлықпен келген мал бұйырмайды деуші еді. Елордадан тағы да 18 жылқының өлексесі табылды. Болжам бойынша, ұрылар көлікке тығындап, содан тұншығып қырылған малды, белгісіз біреулер қала іргесіндегі көлшікке тастап кеткен. Араларында бір-екеуін сойып алып, ет базарға өткізбек болған сияқты. Өйткені кейбіреуінің терісі сыпырылған, жіліктеген. Ал, осыдан төрт күн бұрын ғана қала шетінен табылған тағы 28 жылқының Ерейментау ауданынан әкелгені анықталды. Жылқыларын …

Подробнее...

Ел байлығының жартысы кімнің қолында?

Ел байлығының тең жарымы 162 адамның қолында. Кейбірінің табысы жылына 3 млрд долларға дейін жетеді. Елде элитаның болғаны дұрыс тек, бай мен кедей арасындағы алшақтық өте қауіпті екенін сарапшылар айтуда. Шетелдік олигархтармен салыстырып жатыр.

Подробнее...
X