Тілі шықпаған балаларға сөйлеу қабілетін сыйлау! Туғаннан сөйлеу қабілеті тежеліп, тілдесе алмайтын балалар үшін осындай таптырмас мүмкіндік туды. Талай бүлдіршінге үміт отын профессор Дмитрий Пинчуктың авторлық жобасы сыйлап жатыр. 35 жылдық тәжірибесі бар Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері баланың сауығып кетуі үшін алдымен мидың ауытқыған бөліктерін қалпына келтіру керек дейді. Бұл әдісін профессор Швейцария, Италия, Ұлыбритания, Ресей, Қырғызстан және Қазақстандағы …
Подробнее...Новости
Теміржол өткелінің әлегі
Арал тұрғындары аспалы көпірге зәру! Қырық мың тұрғыны бар аудан орталығында жалғыз ғана темір жол өткелі бар. Қыркүйектегі Алматы облысындағы жантүршігерлік апатты ұмыта қоймаған жұрт жергілікті билік шара қолданбаса қайғылы жағдай қайталануы мүмкін деп қауіптенеді. Алайда он жылдан бері тұрғындардың шағымына құлақ аспаған шенділер енді ғана қозғала бастағандай.
Подробнее...Тыраулап «ұшқан» триллиондар
Еліміздегі екінші деңгейлі банктер мемлекеттен 4,8 трлн теңге қаражат алған. Соңғы екі жылда Ұлттық қор мен Ұлттық банктен кеткен осындай қомақты сома оларды оңалтуға, жағдайын жақтартуға, естерін жидыруға, банкроттан құтқаруға жұмсалды. Айта берсең теңеу көп. Сіз бен біздің салығызмыздан және басқа да түсімдерден жиналған ақша осылайша өзімізге қайтадан несие беретін банктердің қалтасына кетті. Мемлекет беруін берді ғой. Енді берешек бар …
Подробнее...Министрлер жауапқа тартылады
Жарықтың сөнуінен миллиондаған шығын келді
Елорданың элиталық аумағын бір тәуліктен артық жарықсыз қалдырған апатқа «Астана ЛРТ» компаниясы кінәлі болуы мүмкін. Бір сәтте қара түнекке енген Есілдің сол жағалауындағы төтенше жағдай туралы әкімдіктегілер осылай дейді. Ал, экономистер 24 сағатқа саудадан қағылған дүкендер миллиондаған табыстарынан айырылғанын айтады.
Подробнее...Алтын көрсе әкім де жолдан тая ма?
Теріскейде, Солтүстік Қазақстан облысында тұтас бір ауылды жұмбақ өлім жайлап барады. Әсіресе, соңғы үш жылда қара жамылған отбасы көбейген. Бақилық болғандардың дені жастар. Бұрындары кейбір өңірде бір ауыл жаппай ұйқыға кетіп жатқан еді, енді оянбай қалатын дерт шығыпты.
Подробнее...Сайлаудан төнген қауіп
Мұхиттың арғы жағындағы саяси оқиға келесі жылы бізге зиянын тигізуі мүмкін. Бізге дегенім тек еліміз емес, бүкіл құрлықты айтып отырмыз. Бұл сөз елордаға жеткен шетелдік сарапшылардың аузынан шықты. Кешелі-бері Назарбаев орталығында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана клубының кезекті отырысы өткен еді. Еуразияны елең еткізуі тиіс не оқиға ол?
Подробнее...Борышкерлермен күрес
Төрт күнде бірнеше миллион теңге қазынаға құйылды. Алматы облысында кірістер, ішкі істер департаменті мен сот орындаушылары бірлесіп өткізген «Борышкер» акциясы аясында борышын өтеуден қашып жүрген біраз жүргізуші анықталды. Араларында қарызы бір миллион теңгеге таяп қалғандары да бар екен.
Подробнее...Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуге әзірлік
Алматы облысы Қарасай ауданы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өтуге толықтай дайын. 300 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекеннің 98 пайыз халқы сақтандыру жүйесіне тіркелген. Сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында Қарасай аудандық орталық ауруханасы жаңа медициналық құрылғылар алып, дайындық жұмыстарын бастап та кетті. Бір айдан кейін инсульт орталығы да ашылады деп жоспарланып отыр.
Подробнее...Арал халқы: сасық иіске тұншықтық!
Онсызда экологиялық апаттың зардабын аз тартпаған Арал қаласы тұрғындарының тынысы тарылып жатыр. Үйден шығып, терезе ашудан қалдық деп шулаған жұрт 24 сағат бойы қолқаны қабатын сасық иістен әбден мезі болғандарын айтады. Мәселе тек иісте ғана емес. Қазір ауылдың малдары да жаппай бірінен кейін бірі қырылып жатқан көрінеді. Басты себеп — елдімекеннен небәрі бір шақырым жердегі алаңға кәріз суы тәулік бойы …
Подробнее...






