Сегіз ай бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге әлеуметтік желіге тіркеліңдер, халыққа жақын болыңдар деп пәрмен беріп еді. Іле-шала шенеуніктердің жаппай жеке парақша ашқаны да есімізде. Сол сәтте жалпақ жұрт облыстарды, ірі қалаларды одан қалды аудандарды кім басқарып отырғанын біліп, көріп қалып еді. Бірақ, содан бері шенеуніктердің бірі белсенді болып подписчик жинап алса, екіншілері тіптен желіден көрінбей кеткенге ұқсайды. Бұл не? Кезекті …
Подробнее...Новости
Елорда: сол жағалаудың жарықсыз қалуына не себеп?
Астананың ең элиталық бөлігі жарықсыз қалды. Депутаттар, бай-бағландар тұратын қымбат үйлерді айтпағанда, Парламент, Үкімет үйі, тіпті Ақорданың өзі қараңғыда қалды. Басқасын айтпағанда, еліміздегі ең қауіпсіз стратегиялық нысан болып саналатын Ақорда қалайша жарықтан ажыратылып, шенеуніктердің күні дизельдік генераторға қарап қалды дегенге сену қиын. Бірақ дәл солай болды. Бұл «апатты жағдай» деп шұғыл мәлімдеме жасаған президент, кінәлі адамдарды тез арада анықтауды тапсырды. …
Подробнее...Бұрын-соңды болмаған “шүкір” тойы
Жаңа діни форматтағы той. Әлеуметтік желіде бірнеше мәрте Меккеге барып келген қажының видеосы тарап, жұрттың қызу талқысына түсуде. Мақтанудан шаршамайтын қазақтың бұл тойына кімдер қонақ болды? Пайғамбардың ұрпақтары қатысқан діни тойды мүфтият не деп сынады?
Подробнее...Апатты лифт әбігерге салды
Жұрттың есін шығарған жетелсаты проблемасы басқаны айтпағанда, бас қала Нұр-Сұлтанның өзінде шешімін таппай тұр. 700-ден астам пәтерге бар-жоғы 12 ақ лифт. Оның жартысы бір жылдан бері істемей тұр. 25 қабатта тұратын тұрғындар үйіне кіру үшін сағаттап кезек күтуге мәжбүр екендерін айтады. Айтпақша, күні кеше астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлады деген ақпарат тарады. Оқиға қайда болған? Әріптесім Қайыркен Отыншы анықтауға …
Подробнее...Астанада жолақы 200 теңге бола ма?
Елордада жолақы 200 теңгеге көтеру керек. Субсидия берілмегендіктен әбден шығынға баттық деген қала автопарктерінің басшылары осындай ұсыныс жасап отыр. Олардың берешегі қазірдің өзінде 2,7 млрд теңгеге жетіпті. Қоғамдық көлікте қолма-қол төлем жасаса 180 теңге төлейтін астаналықтар бұл бастамаға қалай қарайды?. Жолақының өсетіні рас па? Бұған қатысты құзырлы органдардың өкілдері не дейді?
Подробнее...Жастарға арналған баспананы кімдер ала алады?
Енді екі күннен кейін, яғни 10 қарашада жастарға жалға берілетін пәтерге құжаттарды қабылдау аяқталады. 5-інен бері елорданың өзінде 50 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Басқа қалаларда да пәтерден үміттілердің қатары қалың. Конкурс түрінде өтетін шараға қанша жас қатысуға ниетті? Бұл беріліп жатқан баспана азаматтардың қажеттілігін өтей ала ма? Жыл соңына дейін қанша пәтер беріледі?
Подробнее...Басшысының айлығы 800 мың теңге холдингтен неге пайда жоқ?
«ҚазАгро» отандық агроөнеркәсіп саласын дамытудың орнына белшесінне қарызға батқан. Шығын мөлшері жарты триллиондай теңге. Холдингке бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де нәтиже жоқтың қасы. Оның жұмысының тиімсіздігін Мемлекет басшысы да сынаған еді. Президент пәрменіне соң холдинг мыңға жуық қызметкері мен 3 еншілес компанияларын қысқартыпты. Бұл 2 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді екен. Тығырықтан шығу үшін тағы не істеліп жатыр?
Подробнее...Астанада қараусыз қалған ғимараттар көп
Елордада қараусыз қалып, әбден тозығы жеткен ғимараттар көбейген. Бас-көз болмағасын, ол жерді тұрғылықты үй-күйі жоқтар пана етіп, күнделікті жиналатын болған. Нысандар қаланың көрікті жерінде орналасса да, қожайындары оларды сата алмай әлек.
Подробнее...Жолға таласқан жұрт жаға жыртысты
Елордада екі тұрғын үй азаматтары бір жарым жылдан бері жаға жыртысып келеді. Осы уақыттан бергі дауға қос нысанға апарар жалғыз көлік жолы себепші. Алғашқы бой көтерген нысандағылар кейіннен пайда болған көршілеріне асфальт тораптан жүрмеуін сұраса, соңғылары одан бас тартуға еш ниеті жоқ.
Подробнее...Іргеде тұрып астанаға жете алмауда
Автобус жүрмейтін жолдың керегі жоқ! Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылының 4-ші мөлтек ауданы бір автобусқа жарымай отыр. Қыс басталысымен олардың қалаға қатынауы екі есе қиындай түседі. Шыдамы таусылған ауыл тұрғындары «мәселеміз шешімін таппаса, жолды жабамыз» дейді. Трассаға шығу үшін қыста омбы қар, көктемде саз балшық кешіп шаршаған ауыл тұрғындарының базынасын тілшіміз тыңдап қайтты.
Подробнее...






