2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Жаңақоныс жұртының жанайқайын неге естімейді?

Ақтөбеде балалары мектепке жаяу барып жүрген оқушылардың ата-аналары шу шығарды. Қаланың іргесіндегі Жаңақоныс-2 ауылының балаларының бұлай қиналып жүргендеріне 6 жылдан асқан. Ал әкімдіктегілер болса жағдайды беске біледі. Бірақ, мәселені шешуге асығатын емес. Шенділер неге 4 шақырым жердегі мектепке оқушыларды жаяу сенделтіп қойды?

Подробнее...

Мас жүргізушілер кесірінен мыңдаған адам өлуде

Жиырма екі мың. Бұл – жыл басынан бері мас күйінде рөлге отырып, полиция қызметкерінің қолына түскендері ғана. Осындай жауапсыз жүргізушілердің кесірінен жүздеген адамның өмірі қиылуда. Ал, батырсынып алкоголь ішіп алып көлік жүргізетіндер қаншама?! Мұндайларға жазаны қатайту туралы үлкен мінберлерден де айтылып келеді, қоғам белсенділері де бастама көтеруде. Өзінің де өзгенің де өміріне бей-жай қарайтындарды алда қандай жаза күтіп тұр?

Подробнее...

Апаттан кейін 8 ай бойы төсек тартып жатыр

Автобус апатынан жапа шеккен әйел тағы сол автопарктың кесірінен өмір бойы төсек тартып қалуы мүмкін. 8 ай бойы еміне кеткен шығынды өтеп келген мекеме бүгіннен бастап төлемді тоқтатпақ. Қаласаң, сотқа бер деп жауап қатқан көрінеді.

Подробнее...

Төсін ашатын қыздарға неге тыйым жоқ?

Қазір әлеуметтік желіде еш қымсынбастан жалаңаш тәнін көрсетіп, ерсі әрекетімен елге танымал болғысы келетін қаракөздеріміздің қарасы көбейіп келеді. Мәселен, күні кеше жалаңаш кеудесін көрсетіп танымал болғысы келген ару, тағы да шешінді. Ал депуаттар мұндай бойжеткендерді енді алаңға шығарып дүре соғамыз деп отыр.

Подробнее...

Әкімдік 30 шақты адамға жер беріп, қайта тартып алуда

Әкімдік бізді мазақ етіп жүр ме? Алматы облысында қысқа бір ай қалғанда елуге тарта отбасы тарта отбасы далада қалуы мүмкін. 2016 жылы Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарған Нұрсұлтан Жұмаділдің рұқсатымен жер сатып алып, үй тұрғызған жандар енді жергілікті билікті жерден алып жерге салып отыр. Өйткені әкімдік берген учаскіні бірнеше жыл өткен соң прокуратура заңсыз деп танып, тұрғындардан оны кері қайтаруды …

Подробнее...

Қазақстан мен Ресей саудасына қолдан кедергі жасалуда

Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынасына кейбір облыс басшылары қолдан кедергі жасап отыр. Әсіресе, шекарадағы аймақтардың губернаторлары. Омбы қаласында өтіп жатқан өңіраралық форумда еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп жайып салды. Екі ел арасындағы бірқатар мәселе Тоқаев пен Путиннің қатысуымен өтетін жиында талқыланбақ.

Подробнее...

Алғашқы клиникалардың бірі мерейтойын атап өтуде

Алматыда «Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық форумы басталды. Мұнда медицина саласын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылануда. Алыс-жақын шетелден келген мамандармен тәжірибе алмасылып, ынтымақтастықты нығайту көзделген. Оның үстіне биыл аурухананың бірінші ғимараты соғылғанына 90 жыл.

Подробнее...

Медициналық сақтандыру не береді?

Тәуелсіз сарапшылар медициналық ұйымдардың қызметін тексереді. Бастаманы тиісті мамандарға үйретіп, түсіндіру үшін елордада семинар өтті. Оған аймақтардан 60-қа жуық сарапшы жиналды. Алдағы жылы іске қосылатын Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы тексерістер туралы тілшіміз Нұржан Сәдірбайдың материалында.

Подробнее...

Браконьерлерді қандай жаза күтіп тұр?

Киік біткенді қырып, қорықшыларға қоққан-лоққы көрсететін браконьерлер енді 12 жыл түрмеде отырады. Табиғат қаскөйлеріне заң қатайып, бақылау күшейіп жатыр. Тіпті заң жүзінде рұқсат етілген аң аулауға да бірқатар өзгерістер енгізілді. Сондай — ақ, табиғат инспекторларының жұмысында да жаңашылдықтар бар.

Подробнее...

Қос бүлдіршін дәрігерлер салғырттығынан көз жұмған ба?

Дәрігерлер уақытты созбағанда, қос балам аман қалар еді. Екі бірдей ұлынан айырылған ана мен әке журналистерге сұхбат берді. Қайғылы жағдай Шымкентте болған. Ол туралы бұған дейінгі хабарларымызда айтып едік. Отбасының неден уланғаны туралы түрлі болжамдар айтылып келді. Қос ұлынан айырылған ата-ана біразын жоққа шығарып, кейбіріне күмән келтірді.

Подробнее...
X