0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Омбы Тоқаев пен Путиннің кездесуіне дайындалуда

Омбыда Путин Тоқаевты қабылдауға дайындалып жатыр. 7 қарашада дәстүрлі Қазақстан-Ресей өңіраралық форумы өтеді. Омбы губернаторының дерегінше, осы жиынға дайындалу үшін, ғимараттардың сыртын қалпына келтіріп, жолдарды жөндеуге 1 млрд рубль шамасында қаржы бөлінген.

Подробнее...

Саз мектебіндегі жанжал

Талдықорғандағы алпыс жылдан астам тарихы бар «Саз» мектебі сенімгерлік басқаруға берілмек. Тіпті, осы күнге дейін тендері өтіп, келісім-шарт жасалып қойыпты. Директор да бұл туралы ұжымдағылардың ешбіріне тіс жарып айтпаған көрінеді. Мұны естігенде ұстаздар төбемізге жай түскендей болды деп отыр.

Подробнее...

Балабақшаны сүріп орнына сауда үйін салмақ

Бір үйдің кесірі 8 көп қабатты баспанаға тиюі мүмкін. Қарағандылықтар жаңа құрылыс нысанынан қауіптенуде. Сөздерінше, үй салынса, маңайдағы инженерлік желілер шыдамай жарылып кетеді. Онысы аздай, ауладағы қозғалыс қиындайды деп отыр.

Подробнее...

Ақтөбедегі митингте қандай шағым айтылды?

Ақтөбеде шаруалар бас көтерді. Ереуілге шыққан жүздеген адам саябаққа жиналды. Фермерлердің митинг өткізуіне бұл жолы билік өзі рұқсат берген. Бейбіт шеруге келген шаруа қожалықтарының қожайындары қандай талап қойды? Митингке біз де қатысамыз деп құлшынған өзге өңірдің шаруалары неге сырт қалды?

Подробнее...

Екі бала тамақтан уланып көз жұмды

Шымкентте бір отбасының екі баласы астан уланып көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жартылай дайындалған тұшпара жеген. Одан бөлек сүттен дайындалған йогурт ішкен.Әзірге балалардың өліміне не себеп болғаны белгісіз.

Подробнее...

Мүгедек баланы жұлқылаған дәрігер жүмыстан кетті

Жұлынбаған тіс үшін дәрігер де, оның анасы да жазалануы мүмкін. Түсінгендеріңіздей, демалыс күндері қызу талқыланған Ақтаудағы жағдай туралы айтпақпыз. 7 жастағы баланың тісін жұламын деп басы дауға қалған дәрігер бүгін жұмыссыз қалды, полиция тергеуді бастады. Жауапқа тартылуы мүмкін жандардың ішінде баланы анасы да бар екен.

Подробнее...

Балкондары қисайған қауіпті үй

Едені дірілдеп, балконы қисайып кетті. Нұр-Сұлтанның кезекті тұрғын үйінің сапасы сын көтермей тұр. Елорданың бел ортасында орналасқан ғимаратты мұндағы жұрт «Кафель құлаған» деп атап кеткен. Сарыарқаның желі тағы қай көпқабатты үйдің сырын ашып берді?

Подробнее...

«Жастар жылы» неге көңілден шықпады?

«Жастар жылы» аяқталып келеді. Алайда, бұл бағдарламаның жастарға тигізген пайдасы шамалы. Оны депутаттар да растап отыр. Бір жылдың ішінде айқындалған 89 жобаның тек 13-і ғана орындалыпты. Ал, оны жүзеге асыру үшін қазынадан 24,6 млрд теңге бөлінген еді. Қаржы берілсе де, жастар арасында жұмыссыздық белең алып барады. Жоба тоқырауға ұшырады деуге негіз бар ма?

Подробнее...

Еуропадан жұмыс іздегендер опық жеді

Алматыда бір топ тұрғын шетелден жұмыс тауып беремін деген алаяқтарға алданып, тақырға отырған. Корея, Литва, Швецария секілді дамыған мемлекеттерде айлығы 2 млн теңгеге жуық жұмыс бар дегендеріне сеніпті. Құжаттарын рәсімдеп, өмірлерін сақтандырып, тіпті жалған құжат жасап беремін деп ауыз толтырыпты. Ол үшін бар жоғы 600 мың теңге сұраған. Ал, ақшаны алған соң тайып тұрыпты. Қазір полиция қызметкерлері тергеуді бастапты.

Подробнее...

Шетелдік турист қазақстандық заңның өзгеруіне себеп болды

Арам атты Армян азаматы еліміздің заңын өзгертуге түрткі болды. Қалай десіз ғой? Елімізге сапарлап келген ол шетелдіктерді тіркеу туралы талапты қисынсыз деп желіге жазба жариялайды. Оған басқа-басқа емес, Президенттің өзі көңіл аударып, заңды түзетуге пәрмен береді. Тілшіміз Олжас Сайлаубекұлы саяхатшыны, ол үшін айыппұл арқалаған хостел қожайынын тауып, тілдескен болатын. Зер салайық.

Подробнее...
X