Басы даудан арылмайтын білім министрлігі қайтадан ата-аналардың қытығына тиді. Осы уақытқа дейін Күнделікпен алысып келген мұғалімдер мен ата-аналар үшін, тағы бір бас ауру пайда болды. Ол оқушылардың білімін бағалайтын жаңа жүйе! Ешбір ережесі нақтыланбаған жаңа жобаға қарсы топ жүздеген ата-ананың қолын жинап үлгерген. Ал министрлік жаңа бағдарламаның тиімді тұстарын айтып, ата-аналардың жаңа заманға лайықты болуға шықырды.
Подробнее...Новости
Сырттан әкелінетін арзан еттің сапасы қандай?
Бір ел бар, телефон, компьютер шығарады. Біреулері машина ойлап табады. Бренд тауарын, киім-кешегінен сатып жатқан мемлекеттер бар. Ал әлем танитындай Қазақстанның қандай өнімі бар? Ет өндірісі бойынша біздің елдің әлеуеті 10 Қазақстанды асырауға жетеді екен. Бірақ өзіміз етті шетелден, Уругвай, Аргентина, Беларусь, Моңғолия, Исландиядан тасып жатырмыз. Неге?
Подробнее...Ақтөбе: жолы жоқ қала
«Ақтөбеде жоқ, жоқ». Миллион тұрғыны бар төртінші мегаполиске айналады деп үміттеніп отырған шаһардың «жоғы» көп болып шықты. Қаланың сырты былай тұрсын, орталығындағы көп көшесінің жолы жүруге жарамсыз. Тіпті, өмірі асфальт төселмеген жерлер де бар. Әкімдіктегілер бұдан хабардар ма? Қала әкімі Мавр Абдуллин жолға жауапты шенеунікті неге қорғаштайды?
Подробнее...«Ақылды» орындықтар істен шыққан
Елорданың 20 жылдығына 100 «ақылды» орындық тарту етіліп еді. Ақылды деп отырғанымыз, көшеге орнатылған орындықтарда отырып, телефонды қуаттауға болады, WI-FI-ы бар, аязға шыдамды деп еді. Оның әрқайсысын Қытайдан 1,2 млн теңгеге сатып алып, орнаттық. Ал, қазір сол орындықтарды көрсеңіздер, танымайсыздар. Басым көпшілігі істен шыққан. Тегін интернеті бар деп жарнамаланған құрылғылар шаң басып, сымдарын пысықайлар ұрлап жатыр екен. Ал, қоғам белсенділері …
Подробнее...Пәкістан: 70-тен астам адам тірідей жанып кетті
Теміржол бойында трагедия! Өртеніп жатқан пойыз ішінде 70-тен астам адам тірідей жанып кетті. Тағы бірнеше жанның денесі күйіп, жарақат алған. Бүгін Пәкістанда жолаушылар пойызы өртке оранды. Бір қаладан екіншісіне бағыт алған вагондардан неге аяқ астынан өрт шықты? Ал аман қалғандар бар ма?
Подробнее...Томография бөлмесі ашылды
Қарағанды облысының тұрғындары енді ауруларына ем іздеп шетелге сабылмайды. Өкпе қуыстары, буын, онкологиялық, туберкулер тіпті бас сүйектің түрлі ауруын анықтайтын компьютерлік томография бөлмесі ашылды. Қалалық № 1 емханада бүгінде адам ығы-жығы. Өйткені, аппаратта тексерілу тегін. Бар болғаны сәулелі ренгеннің ішіне кіріп, 30 минут ішінде кеселіңіздің қайдан шыққанын біле аласыз.
Подробнее...Элеваторлар жұмысы жанданды
https://youtu.be/WGRhu9sdmQM Еліміздегі ең, ең деген 4 ірі элеватор жұмысы жаңаша жанданбақ. Бұрын ресейліктердің иелігіндегі нысан қазір отандық меншікке алынды. Бесеуі де Қазақстанның инвестициялық қорымен аукционда саудаға түскен болатын. Енді оны басқаратын қожайындары да өзгерді. Инвесторлар білек сыбанып жұмысқа кірісіп кетті. Солтүстіктіктегі науқан — жаңа қожайындар үшін алғашқы егін жинағы.
Подробнее...Кәріз құдығындағы өлім
https://youtu.be/4_sk-HfJWy0 Метан газына тұншығу үшін 20 секунд жеткілікті екен. Елордада мамыр айында мерт болған «Астана су арнасының» 4 қызметкері жөнінде осындай тың деректер шықты. Бүгін арада 6 ай уақыт өткен соң алғашқы сот отырысы басталды. Айыпталушылардың қатарында екі басшы бар. Ал, қайғылы жағдайдан тірі қалған куәгер жұмыс кезінде улы газдан қорғайтын бетперделерді алуды ұмытып кеткен. Басшылық қауіпсіздік техникаларын сақтауға арналған …
Подробнее...Ұлттық университеттегі дау
Ұлттық университеттегі дауға Білім және ғылым министрлігі араласты. Осыдан үш күн бұрын елордадағы оқу ордасында мұғалімнің үстіне төбедегі плитка құлаған еді. Шошынған маман сабақты әрі қарай жалғастыра алмайтынын айтқанда, университет диспетчері мұны дәрісті үзудің амалы деп айыптаған. Оның соңы жан-жалған ұласты. Зардап шеккен мұғаліммен тілшіміз тілдесіп келген еді.
Подробнее...Қарызға белшеден батқандар
Алматылықтардың мемлекет алдындағы берешегі 5 миллиард теңгеге жеткен. Қарызға белшеден батқандар қатарын полицейлер мен әскерилер бастап келеді. Олардың арасында жылдар бойы салық төлемегендер бар. Мамандар қарызды жабу үшін оларға коттедждері мен қымбат көліктерін сатсын дейді.
Подробнее...






