9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Мектептерге шетелдік инвестордың есімі беріле ме?

Астанадағы бірнеше мектепке Шейхтердің есімі берілгелі жатыр. Шетелдік инвестордың атын қоюды ұстаздардың өзі сұрап жатқан көрінеді. Нұр-Сұлтандық мұғалімдердің бұл бастамасын ономастикалық комиссияда қолдап жіберді. Қазір мектептің іші-сыртында арабша жазулар да тұр.

Подробнее...

«Мәнізоров» майданы

Бағдат Мәнізоровтың айналасында кәдімгі ақпараттық майдан басталған секілді. Алматы облысы әкімінің орынбасарын бірде қылмыскер дейді, бірде судан таза, сүттен ақ дейді. Жемқорлыққа қарсы агенттік тергейді, прокуратура істі жабады. Шыны керек, тек ақпараттық емес, органаралық айқас та басталғандай сезіледі.

Подробнее...

Биліктегі ханымдар үйде қандай

Ангела Меркельдің сөмкесіне азық-түлік салып, дүкен аралап жүруі Германия тұрғындары үшін қалыпты жағдай. Ал, біздегі биліктегі ханымдар үйде қандай? Немесе қазақ әйелдеріне тән үй жинау, ас дайындау олар үшін ұят санала ма? Өміріміздің 80 пайызын кабинеттерінде өткіземіз дейтін депутатат ханымдардың қайсысы қолынан бал тамған аспаз? Гүлнәзия Жалғасқызы шенеунік әйелдердің билікте де ошақ қасында да үлгілі болу үшін қолданатын арнайы лайфхақтарын …

Подробнее...

Қоянбаев жаңа фильмнің тұсауын кеспекші

Отандық кино индустриямызға тағы да бір фильм қосылғалы жатыр. Нұрлан Қоянбаевдың продюсерлігімен «Менің махаббатым Айсұлу» атты комедияның тұсауы кесілмек. Басты рөлді өзі сомдаған әзілкеш бұл жолы да көрерменді шетелге саяхаттауға шақыруда. Өйткені, кино АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында түсіріліпті. Оның ғашығы ретінде елімізге танымал актриса Әсел Сағатова ойнайды.

Подробнее...

Тұрғындар стадионның сүрілуіне қарсы шықты

Павлодарда тұрғындар полицейлермен төбелесе жаздады. Тәртіп сақшылары тіпті таяққа сүйенген қарияны сүйрелеп, жөнге салмақ болған. Бұған шамданып, қарсылық танытқан әйелдердің бірі дереу учаскіге жеткізілді. Сөйтіп айыппұл арқалап шықты. Қос тарап арасындағы тартысқа не себеп? Мектеп маңындағы дау қалай аяқталды?

Подробнее...

Шымкентте дәмханада атыс болды

Шымкентте төтенше жағдай! Тарсылдап атылған оқтың дауысынан тұрғындар әлі үрейленіп жүр. Полицейлерді аяғынан тік тұрғызған қарулы қақтығыстан бір адам мерт болды. Тағы 4-еуі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Қазір дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барын салуда. Ал, тәртіп сақшылары оқиға орнынан екі қымбат автокөлік пен іші ақшаға толған сөмке тауып алғандарын айтады. Сонымен, кім кімді атты? Күдіктілер қазір қайда?

Подробнее...

«Көкжайлау» салынбайды

Басынан дау арылмаған Көкжайлау мәселесіне Президент нүкте қойды. Қоғам белсенділері, экологтар мен қала билігі бұл жобаны жасау барысында бір шешімге келе алмай талай талас-тартыс, пікірталас болған еді. Енді бұл атышудлы жоба тек қағаз күйінде мұрағатқа өтетін болды. Оған жұмсалған қыруар қаржының өтеуі кімнен болады? Ол жағы әзірге белгісіз.

Подробнее...

Қордағы қаржыдан кім үмітті?

Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында «қарттықты күтпей-ақ, оқу оқимын немесе баспана аламын дейтіндер, зейнетақы жинағын пайдаланса болмай ма» деген сауалынан кейін, талайлар үмітпен үмітпен жүргені белгілі. Ал, енді айтайық. Біздегі зейнетақы қорының 10 миллион салымшысы бар. Бірақ, соның тек он бір мыңы ғана жиналған қаржысының бір бөлігін мерзімінен бұрын пәтер, не білім алуға жұмсай алады. Кешелі бері бұқаралық ақпарат көздерінде осындай …

Подробнее...

Жалған есеп жайында бірер сөз

Қостанай облысының әкімі премьер-министрді алдап соқты ма? Әлеуметтік желіде кешелі бері осындай атаумен видео тарады. Архимед Мұхамбетовтің диірмен басындағы азаматтарға «өндірістің көлемін қосып айта беріңдер, кім біліп жатыр?» деп нұсқау беруі таспада тайға таңба басқандай жазылған. Сөз күйінде, қағаз бетіндегі әп-әдемі статистиканың, көрсеткіштің іс жүзінде жақсаруы үшін не істеу керек?

Подробнее...
X