Ақтөбеде адам азаптағаны үшін сотталып кеткен полицейлер ақталып шықты. Істі болған төртеудің туысы «балаларымыз сүттен ақ, судан таза» деп апелляциялық шағым түсірген еді. Соттың үкімді өзгертуіне не себеп болды? Жәбірленушінің жанайқайы неге ескерілмеді? 52 күн абақтыда отырып шыққан полицейлер енді жұмыстарына қайта орала ма?
Подробнее...Новости
“Сыбаға” сан соқтырды
«Сыбаға» бағдарламасына бөлінген 1 млн еуро желге ұшты. Не ақша жоқ, не сиыр жоқ. Сыбаға бойынша қомақты кредит алған шаруалар, ұзақ күткен асыл тұқымды малын сол күйі алмаған, ал алғандарының өзі алданған. Қалай дейсіз бе? Шетелден жеткізілуі керек болған Ангус, герефорттың орнына, басқа ірі қара салып жіберілген. Ал, тұқымы басқа малға субсидия да ала алмайсың. Көмек сұрап министрлікке барғандардың айтар …
Подробнее...Мегаполистегі ахуал
Алматы қылмыс деңгейі бойынша бірінші орында тұр! Сонымен қоса, жемқорлықтың қайнар көзіне айналды. Бүгін оңтүстік астанаға барған Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің шаңын шығарып, біраз резонанс туғызған мәселелерге нүкте қойды. Соның бірі Көк-жайлау құрылысына түбегейлі қарсы шықты. Трамвайдың жұмысын тоқтатқаны да мемлекет басшысына ұнамады.
Подробнее...Сапасыз жанармай сатқан
Алматы облысына қарасты Ескелді ауданында сапасыз дизельдік отын сатқан жанармай бекеті қызметкерлерінің әрекеті әшкереленді. Ол жерден солярка құйған автокөліктер дәл сол жерде бұзылып, оталмай қалған. Салдарынан жүргізушілер біраз шығынға батқан көрінеді. Олар бірден жергілікті полицияға хабарласып, шағым түсірген. Қазір сапасыз жанармайға қатысты сараптама жасалып жатыр.
Подробнее...Медициналық сақтандырудың артықшылығы
«Қатерлі ісік» деген диагноз «өлесің» деген сөз емес. Дер кезінде қаралсаң, емделуге әбден болады. Мысалы Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 175 мыңнан астам адам тегін скринингтен өтиті. Есесіне, біршама адамнан алғашында жанға батпайтын қауіпті кесел дер кезінде анықталды. Қазір тұрғындар арнайы жасалған мобильді қосымша арқылы кезекте тұрмай ақ, қажетті мамандардың қабылдауына жазыла алады. Пилоттық жоба іске қосылғалы өңірде …
Подробнее...Құлпытас аяқасты болды
Аяқ астында тапталған құлпытас. Өскемен тұрғыны қаладағы сауда орталығының еденіндегі мәрмәрден адамның суретін көрген. Анықтай келе бұл қайтыс болған азаматтың басына қойылған естелік белгінің бір бөлігі екені анықталыпты. Бұл жаңалықты естіген марқұмның туыстары есінен танып, денсаулықтары нашарлаған.
Подробнее...Браконьерлер 3 мың киікті қырған
Елімізде браконьерлерді тоқтатар күш болмай тұр. Жақында ғана Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш мың бас киіктің мүйізін тәркіледі. Ол үшін Қазақстаннның түпкір-түпкірінен азаматтар ауыз біріктіріп, қылмыстық топ құрған. Ұзақ уақыт бойы дала еркесін аямай атқандардың көздегені — мүйіздерін шетелге сатып, қыруар қаржы табу. Бұл үшін олар ештеңеден де тайсалмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
Подробнее...Депутат: Бізде бәрі «Показуха»
«Бізде бәрі показуха». Еліміздегі цифрландыру бағдарламасының жұмысына ашынған депутат Қуаныш Сұлтанов осылай деп ағынан жарылды. Ал оның кейбір әріптестері депутаттар туралы жағымсыз ақпараттардың кім көрінгеннің қолында жүргеніне кейіді. Сонымен, бүгін цифрлы Қазақстан бағдарламасының орындалуы бойынша Парламентте келген министр Асқар Жұмағалиевтің мәліметтері депутаттарды неге қатты ашуландырды?
Подробнее...Полицияның мал ұрлығына көз жұматыны рас па?
Түркістан облысында мал ұрлығы өршіп тұр. Әсіресе, Сарыағаш ауданында барымташылар есіріп кеткен. Олар өрістегіні былай қойғанда, қорада тұрған төрт-түлікті топтап айдап әкетіп жүр екен. Көз алдындағы қойды ұрлап бара жатқандарды жұрт өздері ұстап, полицияға тапсырғанымен жазадан құтылып кетіп жатыр дейді. Сонда, кім кімді алдап жүр? Тәртіп сақшысы мен барымташы сыбайлас па? Ауыл тұрғындары неліктен тергеушілердің ісіне қапалы?
Подробнее...Балабақша тәрбиешісі сотталды
Алматының қақ ортасындағы балабақшадан тапа-тал түсте бала ұрламақ болған тәрбиеші сотталды. Қылмыстық кодексте адам ұрлау бабы бойынша 12 жыл қарастырылған. Судья оған не себепті 6 жыл берді?
Подробнее...






