2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

«Астана Клубы» отырысының өтетін күні белгілі болды

Мерейтойлық саяси форум бесжылдық жұмысын қорытындылайды   «Астана клубы» халықаралық пікірталас алаңы бесінші басқосуын өткізеді. Әлемнің 50-ге жуық сақа саясаткері мен Еуразияның әйгілі зиялыларын, халықаралық қатынастар саласындағы үздік мамандарды бір жерге тоғыстыратын кезекті кездесу Қазақстанның бас қаласында 2019 жылы қарашаның 11-12 аралығында өтеді.   Іс-шараның ұйымдастырушылары Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры.   …

Подробнее...

Қазақ қыздары төбелескіш болып кетті

Соңғы уақытта нәзік жандардың жасап жүрген кей әрекеті қатты қажытатын болды. «Әлеуметтік желідегі хаттарын көрсетпеді деп, құрбысының шашын тақырлап алып тастайды» , «жігіт үшін көк ала қойдай етіп сабайды», «бейәдеп сөзге тепкімен жауап береді», ал енді бірін айтуға тіпті ауыз бармайды. Қаракөздеріміз неге қатыгез болып барады өзі

Подробнее...

Оқушылар орманшылар кеңсесінде оқуда

Ақмола облысы Бұланды ауылының оқушылары мектепсіз қалды. Себебі, ескі білім ордасы әбден ескіріп, апатты жағдайға жеткендіктен жабылып қалыпты. Басқа амалы қалмаған мұғалімдер мен олардың шәкірттері амалсыздан орманшылардың кеңселерін паналауға мәжбүр болып отыр.

Подробнее...

Әншілердің лоторея ойнатуы заңсыз

Бар болғаны мың теңгеге билет алып, көлік мініңіз! Отандық шоу-бизнес өкілдері соңғы кездері әлеуметтік желілерде лоторея ойнатып, ұтысқа қымбат дүниелерді тігуді жиілетті. Аз ақшаға, қымбат автомобиль мен зәулім үй ұтып аламыз деп аптыққан жұрт әрбір жұлдыздың жазбасын аңдып, эфирін көріп әлекке түсуде. Ал танымал жандардың бұлай табыс тауып, лоторея өткізуге заң жүзінде құқығы жоқ екен. Мамандардың сөзінше оларға тіпті қылмыстық …

Подробнее...

Ойнап жүрген екі баланың мүрдесі өзеннен табылды

https://youtu.be/GWkLTYwpnZI Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданына қарасты Жанама ауылында бір үйдің бес және екі жастағы балалары жоғалып, үлкені өлі табылды. Есік алдына ойнауға шыққан балақайлардан кеше кешқұрым ата-анасы көз жазып қалған. Содан бері іздестіру амалдары қолға алынған. Әлі де жалғасуда. Дегенмен, үйдің кенжесінен еш хабар жоқ. Ойын баласының көз жұмуына не себеп болды?

Подробнее...

Елордада бітпеген үй опырылып құлады

Кеше түнде астанада оқыстан қатты дыбыс шығып, тұрғындар үрейленіп қалды. Кейбір елордалықтар Арыстағыдай жарылыс, әлде теракт екен деп далаға қашпақ болыпты. Нұр-Сұлтандықтарды ұйқыдан шошытып оятқан құрылысшылардың қауырт жұмысы екен. Есілдің сол жағалауындағы 15 жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған тұрғын үй кешінін құлатыпты.

Подробнее...

Лукашенко қазақтарға өсиет айтты

Белорусьпен жүрсең, жолда қалмайсың. Александр Лукашенко Қазақстан халқына осындай сәлем айтты. Белорусь лидері елімізге ресми сапармен келген еді. Әдеттегідей бірнеше екіжақты келісімге қол қойылды, Президенттердің бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Ақордадағы кездесуге тілшіміз Олжас Сайлаубекұлы да қатысып келген болатын. Ресми жиынды бейресми көріністермен араластыра жеткізіп көрсетпекші.

Подробнее...

Жол апаттары жұрттың өмірін жалмауда

Елімізде тәулігіне орта есеппен алғанда 8 жол-көлік оқиғасы болады екен. Ал, соңғы бес жылда еліміздің жолдарында көлік апатынан 6 мың 500 адам көз жұмған. Ал, тәуелсіздік алған жылдан бері есептесек бұл сан 82 мың тұрғынды құрайды. Кәдімгі кішігірім қала халқымен пара-пар. Бұл көрсеткіш бойынша біз әлемде алдыңғы қатарда екенбіз. Мұндай жаға ұстатарлық статистиканы құзырлы органдар жариялады. Жол көлік оқиғасынан зардап …

Подробнее...

Семіздікті қалай жеңуге болады?

«Ішкен зиянды асын сорғымен қайта сорып алу», «ұшақ билетін екі есе қымбат бағамен сату», «артық салмағы үшін салық төлеткізу» айта берсең көп. Бұл әлем елдерінің семіздікпен күресу үшін жүргізіп отырған шаралары. Өйткені, статистика жағаны ұстатады. Жыл сайын әлемде артық салмақтан 3 млн адам қайтыс болады екен. Ал біздің елдегі жағдай қалай? Алаңдауға негіз бар ма?

Подробнее...

Президенттік кадр резервіне байқау әділ өтті ме?

Тамызда құжаттар қабылданып, бүгінде екінші кезеңі аяқталған Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу әлеуметтік желіде дау тудырды. Ғаламторда тест тапсырғандарға «Нобель» сыйлығын беру де ұсынуда. Өйткені, сандық және сұрақ түрінде өткен тестілеу келеңсіз дейді, бағын сынап көргендер. Сондай-ақ резервтегі орынға таласқандар оның әділдігіне күмән келтіруде.

Подробнее...
X