2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Алматы метросының құрылысы тоқтап қалуы мүмкін

Алматыда метро құрылысына жұмылдырылған шахтерлар бас көтерді. Жалақыларын ала алмай жүрген жандар несиеміз төленбей, қарызға әбден баттық деп ашынды. Егер олар жұмыстарын әрі қарай жалғастырудан бас тартса, жаңадан салынып жатқан Сарыарқа және Достық бекеттерінің құрылысы тоқтап қалуы бек мүмкін. Ал жауаптылар қандай уәж айтты?

Подробнее...

Қазақстандықтар неге ұялы байланыссыз қалды?

https://youtu.be/fMRWU4jZF80 Байланыс аясынан тыс жерде! Бүгін таңнан бастап еліміздегі бірқатар ұялы операторлар абоненттерінің нөмірін бұғаттады. Бұл әрекетке ашуланған жүздеген тұрғын оператор кеңсесінде шу шығарған. Аталған мәселеге жауап берген телекоммуникация комитеті өкілдерінің сөзінше елімізде күмән тудыратын, еш жерде тіркелмеген 2 млн-нан астам нөмір бар екен. Соған байланысты тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Бар қиындық осында дейді.

Подробнее...

Депутаттар қандай киім киеді?

Бір костюм үшін 130 мың теңге. Еліміздегі шенді-шекпенділер киетін ең арзан киімнің бағасы осындай. Бұл тек костюм-шалбардың құны. Оған галстук пен жейдені, туфлиді қосыңыз! Одан қалса, қол сағаты бар. Ал бұрымды депутаттар ай сайын бір киімге қанша теңге жұмсауға дайын? Жалпы, отандық өнім отандық шенеуніктердің арасында трендте ме?

Подробнее...

Қала күніне берілген үйдегілер бүрсеңдеп отыр

Кім кімді алдап отыр? Талдықорғанда қала күнінде тапсырылған баспаналар тұруға толық дайын емес болып шықты. Көгілдір отынмен жылитын тұрғын үйлер табиғи газға да қосылмаған. Соның кесірінен 80 отбасы қоныстана алмай, пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал, паналар жері болмай, ерте көшіп келген 20 отбасы күздің қара суығында жылусыз отыр. Мереке деп үйлерді уақытынан бұрын тапсырған шенеуніктер үшін жұмыс сапасы емес, абырой …

Подробнее...

Медициналық сақтандырудың мүмкіндіктері

Инсульт алған науқастардың ем-дом алуын және оңалуын енді тәуелсіз сарапшылар тексеретін болады. Қосымша бақылау келердің жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қатар енгізіледі. Инсульттық орталықтарда қандай өзгерістер болады? Науқастарға қандай қосымша көмекке ие болатына жайында тілші материалында.

Подробнее...

100-ден астам отбасы далада қалуы мүмкін

Алматыда жүзден астам отбасы далада қала жаздады. Көпқабатты үй салынған жер телімі талас тудырып, оның қожайыны сотқа жүгінген. Ал, сот болса бастапқы сатып алу туралы келісімді заңсыз деп тапқан. Осыдан кейін тұрғындардың үстінен шағым түсіріп, сатып алған баспаналарының заңдылығына күмән келтірген. Ал пәтер иелерінің арасында мемлекеттік бағдарламамен баспана алған көпбалалы аналар, мүгедектер және жас отбасылар бар.

Подробнее...

Құрттаған су ішетіндердің жанайқайы

Түркістан облысында екі жыл бұрын басталған құрылыс аяқсыз қалды. Миллиондаған қазына қаржысы жұмсалған ауыз су жүйесі мен табиғаи газдың құбыры қаңырап бос тұр. Жұмыстың 90 пайызы атқарылған қос нысанның осы күні неліктен тоқтап тұрғанын аудан әкімдігіндегілдер де дөп басып айта алмайды. Салдарынан ауыз суға зарыққан жұрт амалсыз құрттап кеткен суды қайнатып ішуге мәжбүрміз дейді.

Подробнее...

Имамдар да жәрдемақы ала алады

Табысы төмен болса, имамдар да Атаулы әлеуметтік көмек ала алады. Астанада дәл қазір өтіп жатқан имамдар форумына келген вице-премьер Бердібек Сапарбаев осылай деп айтып қалды. Дәстүрлі жиында діни қызметкерлер атқаратын рәсімдердің тізімі, мұсылманның тұғырнамасы тақырыбы, өзге де мәселелер қаралуда.

Подробнее...

Мүгедек жанның мойнына 700 мың ілген

Ақтөбеде терможаңғыртумен жөндеуден өткен үйдің тұрғыны шу шығарды. шағымданушы әйел бағдарламадан бас тартқаныма қарамастан, компания мойныма 700 мың теңгені іліп қойды дейді. Көз жанары су алған, мүгедек зейнеткер қомақты қаражатты қайдан тауып берерін білмей дал. Жөндеу жүргізген компания болса, жарымжан кейуананың үстінен сотқа шағымданған.

Подробнее...

Бюджет қаржысы суға сіңген құмдай жоқ болуда

Бүгін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин кей министрлікті жерден алып жерге салды. Бюджет қаржысын оңды-солды қолданып қана қоймай, табыс алып келудің орнына шығынға батырған ірі холдингтер бар. Сондай-ақ халық қалаулылары беріліген қаржыны толыққанды жұмсамай, оны қайтарғандардың жұмысына сын білдірді.

Подробнее...
X