Басы даудан арылмаған Атырау облыстық перинаталдық орталығында жыл басынан бері 156 нәресте шетінеген. Бұл көрсеткіш бойынша аталған аймақ елімізде көш бастап тұр. Айдың басында жаға ұстатарлық жағдайдан соң, министрлік бірқатар заң бұзушылықтарды анықтапты. Тексеруге барған мамандар орталықтан аурухана ішілік инфекциялардың белгілерін тауыпты. Ал, комиссия мүшелері облыс ақ халаттылары өткен жылғы сәби өлімінің фактілерін қасақана төмендетіп көрсетуі мүмкін деп болжап отыр.
Подробнее...Новости
Жұртты сүлікше сорған ақылы жол
«Қазавтожол» бізді қанап, ақшамызды сүлікше сорып отыр. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары осылай деп дабыл қағып, өре түргелді. «Құлжа» трассасымен қатынайтын жұрт басқа балама жол болмағасын Шелек ауылының қасында дәл осы бетон жолды басып өтуге мәжбүр екен. Ал, 5-6 шақырым жүргендері үшін 5-6 мың теңге төлейтін көрінеді. Сонда құзырлы мекеме «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің азғантай ғана аумағы неге ақылы жасап …
Подробнее...Латын әліпбиі қандай өзгеріске ұшырайды?
Латын әліпбиін пернетақтаға, яғни клавиатураға енгізген кезде түрлі кедергілер туындауда. Мәдениет және спорт вице-министрі осылай деп мәлімдеді. Президенттің кешегі тапсырмасынан кейін іле-шала бүгін журналистер алдына шыққан тіл жанашырлары жаңа әліпбидің төңірегіндегі дауды тағы талқыға салды.
Подробнее...«Ажал» трассасының құрбандары
Ақтөбенің тұрғындары аялдамаға жету үшін жорғалап жүр. Басқа амалдары жоқ. Өйткені, жолды салғандар жаяу жүргінші өтетін орын тастамаған. Аялдама атымен жоқ. Есесіне жол бойын қоршауды ұмытпапты. Соның кесірінен қоршаудан еңбектеп, енді біреуі қарғып өтіп жатқанда талай адамды көлік қағып кеткен. Әкім-қаралар ауыл тұрғындарының жанайқайына құлақ түру үшін тағы қанша адам өлуі тиіс?
Подробнее...3-сынып оқушысын қорлаған
Қыздар үшін төбелес! Павлодар облысының Екібастұз қаласында өз мектебіндегі бұрымдыларды қызғанған жоғары сыныптың балалары 3 сынып оқушысын ұрып кеткен. Онымен қоймай, әрекеттерін видеоға түсіріп, жеткіншекті әлеуметтік желіге жүктейміз деп үркіткен. Қазір, әбден қорқып қалған бала бір жұмадан бері сабаққа бармай отыр. Ал, әлімжеттік көрген оқушының ата-анасы болса жергілікті білім басқармасы бұл жағдайды барынша жасырғысы келгенін айтады.
Подробнее...Құнарлы топырақты ұрлап жатыр
Алматыды құнарлы топыраққа көз тігушілер саны артып келеді. Өткен аптада ғана алма бағындағы ағаштарды түбімен орып, топырағын тонналап ұрлағандар әлі ұсталмай жатып, жекеменшік иелері өз жеріндегі топырақты заңсыз сатуға көшіпті. Енді оларға 10-нан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Ал, табиғат жанашырлары топырақты қазып ақшаға кенелгендердің кесірінен мегополиске үлкен қауіп төніп тұр дейді.
Подробнее...Тоқаевқа халық сене ме?
Қасым-Жомарт Тоқаевақа халық сене ме? Дәл осындай сауалнаманы Еуразиялық интеграциялық институт халық арасында жүргізген. Респондеттердің 70 пайызы бүгіні президенттің трендте болуы көңілден шығатынын айтқан.
Подробнее...Сириядан әкелінген 14 содырдың соты басталды
Лаңкестер кескен басты аяғымен басып суретке түскен. Елордада Сириядан қайтарылған отандастарымызға қатысты сот отырысы басталды. Жат жердегі соғысқа қатысып, кейін елге қайтамын деп шешкен 14 адам айыпталушы деп танылған. Процесс түзеу мекемесінің ішінде өтіп жатыр. 14 күдіктінің бірі келе алмаған. Шам елінен ауыр жараланған күйі жетіпті.
Подробнее...Бензин тағы қымбаттай ма?
900-ден астам жол-көлік оқиғасын бұзған, 50-ден астам адамның өліміне кінәлі — шетелдік көліктердің иесі. Бұл олардың қатысуымен тіркелген жағымсыз статистиканың бір парасы ғана. Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь елдерінде тіркелген нөмірмен елімізде жүрген автомобильдердің иесі азды-көпті 800 миллион теңге айыппұлды төлемеген. Енді бұл мәселе біржақты шешілетін болды. Ал, бензин бағасы қайтпек? Жыл соңына дейін Ресеймен бірдей болады деген қаншалықты рас?
Подробнее...Әйелін атып өлтіріп, 5-тегі баласын жаралады
Отбасылық жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды. Сұмдық жайт елордада болды. Ащы суға тойып алған 59 жастағы ер адам ашу үстінде өз әйелін атып өлтіріп, бес жастағы өгей ұлын жарақаттаған. Қазір бүлдіршін ауруханада жатыр. Ал оқиғаны көзбен көрген көршілері біздің арнаға сұхбат берді.
Подробнее...






