2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Қайғылы оқиға қайталанбай ма?

Жылыту маусымын үреймен күтетін тұрғындар бар. Тағы да қайғылы қайталанбай ма деп алаңдайды. Өткен қыста бір түнде өртеніп кеткен бір үйдің бес перзентін жерлеген астаналықтар қайғылы жағдай биыл қайталанбаса екен деп отыр. Сол бес сәбиге зират тұрғызылды ма, ата-анасының жағдай қалай?

Подробнее...

Құрылысы бітпеген үй қолданысқа берілген

Елордада құрылыс жұмысы толық бітпеген үй қолданысқа беріліп кеткен. Оны тұрғындар кездейсоқ жағдайда біліпті. Біразы ашулы. «Осылайша әлдебіреулер ақысы төленген пәтерлер үшін тағы ақша жинамақшы, дейді. Жұрт күдігі орынды ма? Әкімдік неліктен асығыс шешім қабылдаған?

Подробнее...

Ән айту харам ба?

Әншілердің арасында «ән айту харам» деген сөз тіркесі «модаға» айналғалы қашан. Мәселен, микрофон ұстап ән айтқандарын емес, мешітке барғандарын мақтан тұтатын әншілер көбейді. Бұл нені білдіреді? Сахнада «жүн» мен дін, микрофон мен тәспі таласқа түсіп жүрген кезеңде қайсысының асығы алшасынан түсері әзірге беймәлім.

Подробнее...

Жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алған

Шымкентте 41 жастағы келіншек өлім аузынан аман қалды. Дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алып шыққан. Ақ халаттылардың сөзінше, науқас №1-ші клиникалық ауруханасына шұғыл түрде жеткізілген. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде оның бауырының оң жақ аймағында көлемі 19 сантиметр болатын «эхинококк кистасы» табылыпты. Ішінде 36-37 апталық сәбиі бар әйелді аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл ота жасауға шешім қабылдайды. Алайда, дәл …

Подробнее...

Жол апаты: марқұмның 3 баласы қалды

Елорда іргесіндегі Талапкер ауылында үш баланың анасын көлік қағып, мерт қылды. Азаматшаның өлімінен кейін тұрғылықты жұрт «үстілерінен» өтетін халықаралық тасжолды жапты. Әкім келмегенше қаламен байланыстыратын торапта бөгет болғандар 41 жастағы әйелдің сұм тағдырына ең алдымен билікті кінәлады. Өйткені, көпшілік үш жылдан бері асфальт жолда жаяу жүргінші өтетін сызық пен оны түндемелік көру үшін жарық мен бағдаршам қоюды сұрап келген. Кептеліс …

Подробнее...

7 шақырым жердегі мектепке қатынайды

Қызылорда облысы Қазалы ауданында 500-ден астам оқушы білім алу үшін 7 шақырым жердегі мектепке қатынап оқиды. Себебі өздерінің ескі мектептерін 2013 жылы шенділер апатты деп таныпты. Ата-аналарға жергілікті билік сол кезде ескі мектептің орнына жаңасын салып береміз, ал әзірге балалар шалғайдағы мектепке уақытша қатынап оқиды деп сендіріпті. Десек те 6 жыл өтсе де балалар әлі де шеттегі білім ордасына қоғамдық …

Подробнее...

Өнер туындылары із-түссіз кеткен

Қазақстандық суретшілер бір жылдан бері 200-ден астам туындыны шетелден қайтара алмай жүр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында заманауи туындылардың көрмесі өтіпті. Ол аяқталған соң ұйымдастырушылар суретшілердің еңбектерін елге жеткізіп берулері тиіс болған. Алайда бұл шараның өткізуге ұйытқы болған ұлттық музей мен Мәдениет министрлігі әлі күнге үнсіз отыр. Өзге амалы қалмаған қылқалам шеберлері президенке хат жазып, араша түсуді сұрауда.

Подробнее...

Алма бағын күреп тастаған

Қазақстандық суретшілер бір жылдан бері 200-ден астам туындыны шетелден қайтара алмай жүр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында заманауи туындылардың көрмесі өтіпті. Ол аяқталған соң ұйымдастырушылар суретшілердің еңбектерін елге жеткізіп берулері тиіс болған. Алайда бұл шараның өткізуге ұйытқы болған ұлттық музей мен Мәдениет министрлігі әлі күнге үнсіз отыр. Өзге амалы қалмаған қылқалам шеберлері президенке хат жазып, араша түсуді сұрауда. …

Подробнее...

700 адам қаржы пирамидасына алданған

800 млн теңге! Елімізде аты шулы «Questra World» пирамидасына қаржы құйып кейіннен бармақ тістеп қалғандар саны 700 адамға жеткен. Ұйым өкілдері бірнеше қалаларда жиын өткізіп, сертификат табыстаған. Онымен қоса салған «инвестиция» арқылы жылына 200-300 есе пайда табасыз деп жұртты сендіріпті. Жиған-тергенін алаяқтарға беріп, соңында жер сипап қалғандар бүгінде Елордада әділдікке қол жеткізе алмай келеді.

Подробнее...

Ислам Әбішев: Мені өзіне қол салды десе, сенбеңіздер!

Сотта ісі қаралып жатқан Ислам Әбішев өз өмірі үшін қауіптеніп отыр. Бірнеше өңірде әкім болып, Су ресурстары комитетін басқарып, зейнетке шығуына екі ай қалғанда істі болған экс-шенеунік, өзі туралы жалған ақпар тарауы мүмкін екенін айтады.

Подробнее...
X