2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Бүгін кімдердің кітабы «өтіп» тұр?

Өнерім өз алдына, өмірім бір жыр-дастан! Әнші, күйші, актер, бір сөзбен айтқанда шоу-бизнес өкілдері мен елге есімі танылғандар кітап шығарып, жазушы атана бастағандары қашан?! Туындыларының атаулары да айғайлап тұр. «Айнұрдың аффирмациялары» «Альфонс жігіттің тағдыры», «Дневник безумной женщины», «Бақытты әйел», осылай кете береді. Бірі жалпақ жұрт білмейтін жұмбақтың шешімін таптым десе, екіншілері кітабымды сатып алып үйдің ұтысына қатыс деп, қолынан келгенше …

Подробнее...

Әлеуметтік көмектің әлегі

«Электронды үкімет» жүйесі құрылғалы кезек, қағазбастылық, мұның бәрі өткеннің еншісінде қалды дейтін Үкімет пен біздің халық екі басқа елде өмір сүретін сияқты көрінеді. Сенбесе, Талдықорғанға барып көрсін. Жұмыспен қамту орталығындағы ұзын-сонар кезектің ұшы-қиыры көрінбейді. Ашуға булығып, айғайға басқан аналарды да түсінуге болады. Алты айда тапсыратын құжаттарын әлі өткізе алмай жүр. Кезек талоны үшін талас десем, жұмсағырақ айтқаным. Кәдімгі соғыс. Мұндай …

Подробнее...

Шымкентте көпқабатты үй қисайып кеткен

Шымкентте көпқабатты тұрғын үй қауіпті мекенге айналып барады. Қаланың қақ ортасындағы 60 пәтерлі баспананың қабырғасы сөгіліп, бір жағына қарай қисайып тұр. Бұл көріністен зәре-құты қалмаған тұрғындар биліктің бейғам жатқанына өкпелі. Үй бастапқы қалпынан 15 сантиметрге дейін ауытқып кетіпті. Сондықтан, тездетіп амалын қарастырмаса, үйінді астында қалып қоямыз ба деп үрейленіп жүр.

Подробнее...

Пара ретінде тезек алған

Атырау облысында жер телімін алғың келсе, шенеунікке 350 қап тезек бересің, Маңғыстауда жұмысқа тұратын болсаң басшысына кондиционер сыйға тартуың шарт. Ал, Семейдегі білім бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары ауызбастырық ретінде ақшадан бөлек сиыр етін, көмір алып келген. Соңғы уақытта тергеліп жатқан істердің біраз бөлігі осы. Шенділерге ақшадан бөлек материалдық пара алуға не түрткі болды?

Подробнее...

Жазасы жеңілдетілген шенеуніктер

Елімізде қазына қаржысын жымқырып, істі болған шенеуніктер бірінен кейін бірі бостандыққа шығуда. Бәрімізге мәлім, күні кеше аса ірі көлемде пара алды деп айтыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасы жеңілдетіліп, мерзімінен бұрын босатылды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев та босап шығуы мүмкін деген қауесеттер тарауда. Жалпы соңғы бес жылда ұзақ жылға сотталып, бір-екі жыл ғана отырып …

Подробнее...

Қауіпті селфи

«Атың шықпаса, жер өртенің» заманауи нұсқасы. Бүгінде атақтың құны қоғамға сіңген еңбегімен емес, әлеуметтік желіде жинаған лүпілдің санымен өлшенетін болған. Өкініштісі, сол лайкқа лайық боламын деп, өмірін қауіпке тігіп жүргендер де көбейді. Тек былтырдың өзінде 300 адам селфи жасаймын деп көз жұмыпты. Сонда арзан атақтың құны қымбат болғаны ма? Селфиге тәуелділік неге әкеп соқтыруы мүмкін?

Подробнее...

20 жастағы келіншек емханада көз жұмды

Ақтөбеде 20 жастағы келіншек жеке клинкада емделіп жатып көз жұмды. Жақындары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Өйткені, екпе салғаннан кейін Гүлдана Нұрмағамбетова өзін ауыр сезінген. Жанында болған күйеуі соңғы рет оның жанұшыра шыңғырған даусын ғана естіп қалғанын айтты. Жап-жас келіншектің өліміне не себеп болды? Неге дәрігерлер жедел жәрдем шақыруға асықпады?

Подробнее...

Біреудің қайғысынан пайда көргендер

https://youtu.be/C-Lr1B663jE «Шетелге апарып емдейміз!». Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды үгіттеп, өзге мемлекетте ем ұсынатын компаниялар анықталуда. Олар науқастардың палаталарына кіріп, өз қызметтерін ұсынған. Дәл осы жарнама үшін, олар арнайы мекемден бонус алады екен. Мұндай фактілердің тым жиілеп кетуіне байланысты мамандар арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген.

Подробнее...

Ислам Әбішевтің соты

Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы ланкестермен бірдей жағдайда тасымалданып келген. Ал тергеушілер кінәні мойындасаң, бостандыққа шығасың деп шарт қойыпты. Елордада Ислам Әбішевке қатысты сот ісі басталды. Күдікті кінәсін мойындаған жоқ. Өзіне қарсы лауазымды тұлғалар тапсырыс жасағанына сенімді. Ол кімдер және қандай мүдде ұстанғаны туралы тілшіміз Олжас Сайлаубекұлы күдіктінің өзімен тілдесіп, біліп келген еді.

Подробнее...

Орамал таққысы келмейтін оқушы араша сұрады

Орамал тақпаймын! Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданындағы мектеп оқушысы мемлекеттік органдардан араша сұрайды. Себебі, оған әкесі мәжбүрлі түрде хиджаб кигізіп, бес уақыт құлшылық қылуға итермелеп жүр екен. Тіпті, әбден теперіш көрген қыз сабақтан соң үйіне баруға да қорқатын көрінеді. Ал, бұл жөнінде білім ошағы не дейді? Кәмелетке толмаған қыз қазір қайда?

Подробнее...
X