Баянсыз бастама! Түркістан облысында өңірдің экономикасына тың серпін береді деген алып жоба аяқсыз қалды. Бюджеттің миллиондаған қаражатына салынған «Шаян» индустриалды аймағы іске аспай тұр. Салдарынан бірнеше кәсіпорын топтасуы тиіс «орталық» мал қораға айналып барады.
Подробнее...Новости
Бір сыныпта 48 оқушы
Баламыз сауатсыз болатын түрі бар! Осылай деп Алматыдағы Алатау ауданының тұрғындары дабыл қағуда. Бірінші сыныпта 48 оқушыдан білім алатындықтан мұғалімнің не айтқанын ұқпай келеді деп ашынуда. Сондықтан сыныптарды екіге бөліп, үш ауысыммен оқытуды талап етуде. Ал аудандық білім бөліміндегілер жаңа мектеп салмай мәселені шешу мүмкін емес деп отыр.
Подробнее...Алматы: жүгенсіз жүргізушілер
Төрт күн ішінде Алматылық полицейлер автобус жүргізушілеріне қатысты 700-ден астап әкімшілік хаттама толтырған. Олармен бірге автопарк басшылары да заңды белшеден басып отырғаны анықталды. Тасымалдаушылар техникалық талаптарға сай келмейтін көліктерді бағытқа шығарып, жүргізуші куәлігінің жоқ екені де мән бермейді екен. Тексеру барысында ондаған жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айрылды.
Подробнее...Жаңа үйде жылу жоқ
Ақтөбеде жаңадан салынған үйдің тұрғындары тоңып отыр. Күздің қара суығында бүрсеңегендер қақаған қыста халіміз не болады деп алаңдайды. Өйткені, бес қабатты үйге әлі күнге дейін көгілдір отын бермеген. Оған не себеп? Әкімдік пен мердігер неге ымыраға келе алмай отыр?
Подробнее...Академия жабыла ма?
Қазалыда қысқарту көбейді
Қысқартуға қарсымыз! Қызылорда облысы Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің техникалық қызметкерлері жұмыссыз қалды. Араларында жалғызбасты аналар мен банктегі кредитін жауып бітпегендер де бар. Ал, медициналық мекеменің басшылығы қысқартулар заң шеңберінде жүргізілді дейді. Барлығы Денсаулық сақтау министрлігінің оңтайландыруға арналған бұйрығына сәйкес жасалыпты. Аяқ астынан нәпақасынан айырылғандар енді қайтпек?
Подробнее...Перинаталдық орталықтың былығы
Атырау облысында жыл басынан бері 432 сәби шетінеп кеткен. Ал соңғы екі айдың ішінде 40-қа жуық шақалақ белгісіз себептермен көз жұмды. Мұндай деректі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары анықтап отыр. Олардың дерегенше, балалардың өліміне атышулы орталықтағы түрлі былықтар себеп болуы мүмкін. Мекеменің іші инфекцияға лық толы болса, дәрі-дәрмектер санитарлық талаптарға сай сақталмапты. Айта кетейік, дәл осы фактілер жұртты дүр …
Подробнее...Арыс: екі айдың ішінде 15 әскери зардап шекті
Айналдырған екі айдың ішінде Арыстағы оқ-дәрілерді жою барысында 15 әскери қызметкер зардап шекті. Соңғысы осыдан үш күн бұрын мерт болған еді. Қорғаныс министрі қаладағы халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп тағы бір мәрте мәлімдеме жасады. Ал әскерилердің қашанғы басын бәйгеге тігетіні белгісіз.
Подробнее...«Иегова куәгерлері» жасөспірімдермен жыныстық қатынасқа түскен
Биыл туған сәбилер шығынға батыруы мүмкін
Биыл туған нәрестелер елімізді шығынға батыруы мүмкін. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қарастырылатын қаржыны қазірден көбейтпесе, келешекте ел қазынасы 25 процент кірістен қағылады екен. Мұндай болжамды аналитикалық порталдардың бірі жариялады. Нәрестелердің жазығы не? Болжамға қатысты сала мамандары мен депутаттар не дейді?
Подробнее...






