2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Ақтөбелік мұнайшылар өре түрегелді

«Айлығымыз шайлығымызға жетпейді». Ақтөбе облысындағы Жаңажол мен Кеңқияқ мұнай кеніштерін бұрғылайтын «Восток нефть және сервистік қызмет» компаниясының» мұнайшылары осылай наразылықтарын білдірді. Арызын арқалаған 100-ге тарта жұмысшы бүгін мекеменің алдына келді. Олар жалақыларын 50 пайызға көтеруді талап етіп отыр.

Подробнее...

Террорист Алматыдағы үш сауда орнын жармақ болған

Алматыда «Теракт жасамақ болған» адам 10 жылға сотталды. Айдар Бітімбаев таракт жасаған соң Сирияға кетудің жоспарлапты. Алайда арнайы қызмет оның жолын кесіп, арам пиғылын жүзеге асыруға жол бермеген. Жалпы Соңғы 4 жыл көлемінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 терактінің алдын алған.

Подробнее...

Жүкті болып қалған оқушы қыздар көбеюде

Жүктілік, түсік, жыныстық жұқпалы аурулар! Айналасы бір жылдың ішінде бесіктен белі шықпаған арулардың 3000-ға жуығы дәл осы мәселемен бетпе -бет келген. Ерте құрсағына бала бітіп, оны алып тастаған әрбір төртінші бойжеткен елімізде ана болу бақытанан айырылған.Жуырда мемлекеттік комиссия елді-мекендерді аралап, жаға ұстатарлық статистиканы мәлімдеді.

Подробнее...

«Бәйтеректің» маңы адам өміріне қауіпті

Елордаға көрік беріп тұрған «Бәйтерек» маңы адам үшін қауіпті десе сенесіз бе?! Біз де сенбедік. Бірақ, монумент маңын анық қарағанда, соған көзіміз жетті. Символ жанында сұр жыландай бұратылған тоқ сымдары ашық-шашық жерде жатыр. Ал, халықаралық ЭКСПО көрмесі өткен алаңда астаналықтар аяқ тесетін біздей темірлер бар дейді. Қай жерде?

Подробнее...

Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

Аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы оның адвокаты Сейіт Рахманов мәлімдеді. 10 жылының бар-жоғы 1 жыл 7 айын ғанатүрмеде өткізген оның жазасы жеңілдетіліп, мерзімінен бұрын жіберілген. Ал, шешімді қабылдаған Шымкенттегі Абай аудандық соты болса, Бишімбаев түзеу мекемесінен шығу үшін 25 қыркүйекте өтініш бергенін айтады. Ұзақ жылға сотталып, бірер жылда …

Подробнее...

Қазақ тілі үшін «қара тізімге» енді

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді көздеп, мемлекеттік тілдің мүддесін қорғап жүрген Оғыз Доғанды «Эйр Астана» компаниясы қара тізімге кіргізіп, ұшаққа кіргізбей қойған. Отбасымен астанадан Шымкентке бағыт алған қоғам белсендісі бұл әуе компаниясының сотта жеңіліп қалғаннан кейінгі істеп отырған қитұрқы әрекеті деп баға берді. Билет сатуын сатып, бірақ, ұшаққа кіргізбей қойғандарды енді тағы сот процесі күтеді. Мәселенің мән жайын Айбек Қосан …

Подробнее...

Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Келе сала, бірнеше орынбасарын ауыстырған Алтай Көлгіновтің қарамағындағы тағы бір шенеунік қызметінен кетті. Еден жуып, есімі елге танылған Қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин жұмыстан босатылды. Отыздан енді асқан жас басшының елорданың білім саласында қандай қолтаңбасы қалды?

Подробнее...

LRT-нің 412 миллион теңгесі ұрланған

Елордадағы атышулы жеңіл рельсті метро құрылысында күмәнді құжаттарға қол қойғандардың тізімі белгілі болды. Оншақты адам жалған кәсіпкерлік арқылы жобаға бөлінген қаржының 412 млн теңгені жымқырып үлгерген. Істері май шаммен қаралып жатқандардың арасында қала әкімдігі, мердігер компания өкілдері және ЛРТ басшылығы да бар екен. Бірақ, жемқорлыққа қарсы агенттік нақты күдіктілердің атын атап, түсін түстемеуде. Бұл «сақалды құрылысқа» кім жауапты?

Подробнее...

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Бір ай бұрын мектеп жанында қыз баланы зорламақ болған күдікті полицейлердің қолынан қашып кетті. Бірақ, тәртіп сақшылары түсте көз жазып қалған қашқынды, түнге қарай қолға түсірді. Арам пиғылды қала сыртына шықпасын деген ниетпен бекеттерде жабылып, кептеліс болды.

Подробнее...

Адам сүйектері әр жерде шашылып жатыр

Түркістан облысында ежелгі түркі жауынгерлерінің мәйіттері жерленген ескі қорымның орны табылды. Аумағы атшаптырым жерді алып жатқан аймақта мыңдаған сарбаздың денесі жатыр. Тіпті, кейбірінің басында аты-жөні мен қайтыс болған жылы жазылған құлпы тасы да сол күйі сақтаулы екен.

Подробнее...
X