Алматы облысында ерлігі аңызға, аты ұранға айналған Қарасай батырға ескерткіш орнатылды. Бұл шара Қарасай ауданының 90 жылдығына орайластырыпты. Мерекеге орай көпбалалы отбасыларына жаңа баспаналардың кілттерін тапрсырып, қуанышқа бөледі. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Подробнее...Новости
Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындауы мүмкін
Елорданың мегаполиске айналғанына жақында қуанып еді жұрт. Енді таяқтың екінші ұшы көрініп отыр. Халық саны күрт өскендіктен, балабақша, мектеп сияқты әлеуметтік нысандардың жүгі артқан. Осыған орай ел астанасындағы халық саны бақыланып отыратын болды. Көшті бәсеңдету үшін ауылдарда қаладағыдай жағдай жасауға білек сыбанып отыр жауаптылар. Тағы қандай шаралар қолданылады?
Подробнее...Заң жобасын ғылым докторларының өзі түсінбеді
3-4 жылдан кейін көп қабатты үйлер, оны қойып қалалар танымастай өзгеретін болады. Бұл мәлімдемені сәуегейлер емес, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы жасады. Ол үшін сенат бүгін әкелінген заңды қабылдаса болғаны дейді. Алайда парламентке әкелінген жобаны ғылым докторлары түсінбей біраз бас қатырған көрінеді. Қолдағанымен, әлі де шикі, толықтыру керек деп сынады.
Подробнее...Ер адамды өлтіріп, дәлізге тастап кетті
Жас жігітті өлтіріп, денесін аурухананың дәлізіне тастап кетті. Сұмдық жағдай Ақтөбе облысының Алға ауданында болды. Марқұмның туыстары жігіт кімнің жолын кесіп кеткенін түсіне алмай әлек. Өйткені, баламыз қой аузынан шөп алмайтын, жуас болатын деп отыр.
Подробнее...Алтын алқа үшін екі баланың анасын өлтірген
Алтын алқа мен 100 мың теңге үшін косметолог келіншекті өлтірген ерлі-зайыптылар сот алдында жауап беруде. Такси жүргізушісі көлік артында отырған әйелге үш рет пышақ сұққанын еш бүлк етпей, баяндап берді. Ал, еш кінәм жоқ деген жұбайы, ешкімге тіс жарма деп күйеуі қорқытқанын
Подробнее...Тұңғышбай Жаманқұловтың ғимараты дау туғызды
Алматыда тұтас бір ықшамаудан тұрғындары Тұңғышбай Жаманұқұловқа тиесілі қаңыраған ғимаратты жиырма жылдан бері сүргізе алмай әлек. Екі қабатты нысан жын-шайтан мен ішкіштердің мекеніне айналыпты. Жұрт маңынан жүруге ұрейленетін күйге түскен. Айналасы қоқысқа толып, екі күннің бірінде ойын балалары құлайды екен биіктіктен. Шенеуніктер өнер иесіне қанша айыппұл салғанымен, қолға алып жатқан Тұңғышбай Жаманқұлов жоқ дейді. Одан бөлек ықшамауданда жол, жарық мәселесі …
Подробнее...Үкімет мүшелері оңбай сөз естіді
Кеше Тоқаев астана әкімдігіне шүйліксе, бүгін Нығматулин Үкімет мүшелерін сілкіп алды. Әсіресе, елдің бәрін жаппай сенбілікке шақырып жүрген Экология министрі оңбай сөз естіді. Себебі, су шаруашылығы, гидротехникалық жабдықтарды жаңартуға бөлінген қаржының 50 пайызы игерілмеген. Сондай-ақ, Мәдениет және білім саласының басшыларында депутаттар жерден алып жерге салды.
Подробнее...Электронды темекінің зияны сұмдық көп
Пойыз құсап будақтатып, айналасын ақ түтінге айналдыратындар көбейді бұл күнде. Олар өздерін вэйпер деп атайды. Шылым шегуді қоямыз деп жүргендер электронды темекіге көшкен. Алайда, әлем мамандары мұның зияны орасан екенін айтып, дабыл қағудла. Бұл не? Халықтың қамын жеген мамандардың жанайқайы ма, әлде темекі өндіруші компаниялардың өз «клиеттерін» қайтарып алу үшін жасап жатқан әрекеті ме? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Подробнее...Неге жалғызбасты аналар көбейіп барады?
11 балалы отбасының үйін қиратпақ
Алматыдағы 11 жаннан тұратын отбасы далада қалуы мүмкін. Сот орындаушылары олардың 14 жылдан бері тұрып жатқан үйін үйін сүруді көздеп отыр. Жалғыз баспанасынан айрылу қаупі төнген отбасы БАҚ өкілдерінен араша сұрады. Ал сот орындаушылары заңсыз салынған үй бәрібір сүріледі деп отыр.
Подробнее...






