0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Жетім бүлдіршіндерді ұрып-соққан

Жүйкесі сыр берді ме? Таразда бала тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жетімдер үйіндегі бүлдіршіндерге баскөз болып жүрген әйел 3 жастағы балаға зәбір көрсетті деп айыпталуда. Іс қозғауға әлеуметтік желіде тараған видео түрткі болған.

Подробнее...

Балаларға теріс дінді насихаттаған

Ақтөбеде бейтаныс адамдар балаларыңды тегін лагерге жіберіңдер деп, ата-аналарды алдап-арбап, артынша діни кітаптар үлестірген. Қазір құзырлы органдар «атымтай жомарттардың» кімдер және олардың көксегені не екенін анықтап жатыр. Ал балаларға тегін таратқан әдебиеттердің мазмұнын мамандар тексеретін болатын.

Подробнее...

Жатақханадан мұғалімдербі қуып жатыр

Алматыдағы Қаныш Сәтпаев атындағы университеттің басшылығы бұрынғы қызметкерлерін жатақханадан қуып жатыр. Өз еркімен босатпағандарды сот орындаушылары келіп, күштеп кетуге мәжбүрледі. Ұзақ жылдардан бері еңбек еткен ұстаздар қауымы енді университетке керек болмай қанғандарына қынжылуды. Араларында жалғызбасты, аяғы ауыр келіншектер де бар. Оқу орны неге бұлай жасауда?

Подробнее...

Тоқаевтың елордаға көңілі толмады

Қожайыны жоқ қала! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың ғимараттарын сынға алып, аудан әкімдеріне шүйлікті. Ол атқамінерлерге кабинетте уақыт өткізбей, ала көшелерін жаяу аралауды тапсырды. Сондай — ақ, шаһардағы құрылысы тоқтаған жерүсті метросы жобасының ұзындығына да көңілі толмаған мемлекет басшысы, мұндай қатынас құралының қажеті шамалы дегенді алға тартты. Бас қаланың даму көрсеткіші мен атқарылған жұмыстарға баға берген Президент сөзбен емес, іспен дәлелдеңдер …

Подробнее...

Саябақ орнына базар салмақ

Жайлы тұрмыс үшін төбелес. Қарағанды маңындағы Шахтинск қаласының тұрғындарына әкімдік бірнеше жыл бұрын қоқыс контейнерлерін сүріп, шағын сквер салуға уәде етіпті. Алайда, шынтуайтына келгенде салынуы тиіс аллеяның орнына коммерциялық нысан бой көтермек. Бір топ адам шенділер тақырға отырғызып кетті деп наразылық білдірді. Ал, жергілікті билік бұл оқиғада түсініспеушілік болды деп ақталып бақты.

Подробнее...

Нобельді алғысы келген жігіт комада жатыр

Математика, физика пәндерінен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы мен оның анасын қымбат көлік мінген адам қағып кеткен. Жол апаты осыдан төрт ай бұрын болғанымен, 19 жастағы жігіт әлі де өз-өзіне келмеген. Дәрігерлер өте ауыр халде жатқан білімді жігіттің беті қашан бері қарайтынын дөп басып айта алмай отыр.

Подробнее...

Перзентхана дәрігерлерінің жанайқайы

Атырауда тоңазытқышта тірідей көз жұмған сәбидің оқиғасынан кейін перинаталдық орталықтағы ахуал ушығып кеткен. Мұнда жұмыс істейтін 400-ге жуық ақ халаттылардың тең жартысы жұмыстан кетеміз деп отыр. Себебі жұрт тарапынан қысым көбейіп кетіпті. Босануға келген келіншектердің туған-туыстары өздеріне «жаналғыш» тәрізді қарайтындарын айтады.

Подробнее...

Ер адам әйелін өртеп жіберді

Елордада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жіберген. Сұмдық жағдай қала іргесіндегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жанында орын алған. Қазіргі кезде денесінің басым бөлігін күйік шалған 43 жастағы әйел ауруханада. Ал, айуандыққа барған азаматты полицейлер ұстаған. Ол қылмысын толықтай мойындаған.

Подробнее...

Головкиннің жеңісі неге дау туғызуда?

Геннадий Головкин жарақат алып қалды. Екі тұжырымдама бойынша әлем чемпионы атағына таласқан отандасымыз украиналық Сергей Деревянченкомен өткен кездесуде қолын ауыртып алған. Бұл жөнінде боксшының промоутері мәлімдеді. Енді, осы жарақат Головкиннің шаршы алаңға оралу уақытын кейінге шегеруі мүмкін. Ал, жерлесіміздің жеңісіне күмәнмен қарағандар кешегі өткен жекпе-жек жөнінде не дейді? Деревянченкомен рематч болады ма?

Подробнее...

Төрт балалыларға тосын сый!

2020 жылдың қаңтарынан бастап барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан міндетті мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Үкімет бір балаға кемі 10-11 мың теңгеден төлейміз деп жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ақтарушы орган аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қосымша әлеуметтік көмек қарастыруда екен.

Подробнее...
X