0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Кәсіпкерлер талабы

Алматыдағы «Атакент» орталығында кәсібін ашып, күнін көріп жүрген кәсіпкерлер шығынға белшеден батуда. Бүгін осылай деп наразылық білдірген азаматтар Әуезов көшесінен көлік кіретін жер ашып беруді сұрады. Өткен жылдан бері келушілер қатары екі есе қысқарып, көпшілігі жұмысшылар санын азайтуға мәжбүр болыпты. Ал әкімшілік полиция өкілдері кәсіпкерлердің ұсынысы кептелістің жиілеуіне әкеп соғады деген пікірде.

Подробнее...

Желге ұшқан ақша

Алматы облысында ауыз суға бөлінген қаржы желге ұшты. 200 миллионға жуық теңге ауылдағы тек 2 көшеге ғана құбыр жүргізуге жетіпті. Осыдан кейін мердігер компания техникасын жинап, тайып тұрған. Ал қазылған күйі қалған терең шұңқырға малды қойып, адамдар да түсіп кетіп мертігуде.

Подробнее...

Өзектен тепкен өгейлер

Алматыда өгей әкесі өлімші етіп сабап тастаған 2 жастағы бүлдіршін көз жұмды. Өкіншітісі, осындай жантүршігерлік сипаттағы оқиғалар жиілеп барады. Тіпті, жуырда ғана Ішкі істер министрлігі зорлық-зомбылыққа тап болған балалардың жетпіс пайызы өздерінің жақындарынан зәбір көруде» деп, қорқынышты мәлімдеме жасаған. Баласына жаны ашымайтын қатыгез әке, мейірімсіз шеше неге көбейді. Қоғам үшін өгей бала жоқ. Әр бала бақытты болуға лайықты ғой?! Заң …

Подробнее...

17 мыңға тоқ өмір сүруге бола ма?

17 590 теңге. Статистика комитетінің келтірген дерегіне сәйкес, бір адамның 30 күн бойы аш қалмай, үш мезгіл асын ішіп тұруы үшін, осыншама сомма артығымен жетеді екен. Яғни, айына 17 мың теңге табатын адам, тоқшылықта өмір сүреді деп түсінуіміз керек қой?! Алайда, мұны естіген қарапайым жұрт, не күлерін, не жыларын білмей қалған сияқты. Өйткені азық-түлік бағасы сағат сайын өсетін біздің елде …

Подробнее...

8-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Ақтөбе қаласында да қайғылы жағдай болды. Сабақтан шыға салып үйіне қайтқан мектеп оқушысы, асылып тұрған жерінен табылды. Ғұмыры ерте сөнген жеткіншектің жасы бар болғаны он үште. Мұндай қадамға не итермелегені әлі белгісіз. Полицейлер анықтап жатырмыз дейді.

Подробнее...

Үйлердің сапасы сын көтермейді

Іргесі сөгілген, жабындысы құлаған, құрылысы аяқталмаған тізе берсең кете береді. Осындай баспаналар Нұр-Сұлтанның өзінде жетіп артылады. Жұрт арасында «проблемалық үйлер» деп аталып кеткен нысандарға мердігерден қайран болмаған соң, тұрғындар өз беттерінше жамап әлек. Ал, күні кеше құрылыс компанияларының өкілдерімен жиын өткізгенде шаһар басшысы осы мәселені қозғады ма? Келгеніне көп бола қоймаса да, астаналықтардың проблемасымен Айтай Көлгінов қаншалықты таныс?

Подробнее...

Тау басындағы жиын

Көрші Ресей Азиямен қатынасты нығайтуға мүдделі. Сондықтан шығыс елдері басшылары мен сарапшыларының басын қосып, бейресми жиын өткізуді қолға алған. Дәл қазір Сочи қаласында сондай шаралардың бірі өтуде. Оған мемлекет басшысы да қатысуға аттанды. Қара теңіз жағасындағы шаһарда жүрген әріптесім Олжас Сайлаубекұлы, соңғы ақпараттармен бөлісуге әзір.

Подробнее...

Экс-сенаторлар тегін ақыл айтады

«Кеңес» ашу сән бе? Әлде Зейнетке шыққан, депутаттықтан босаған сенаторлардың ақыл-кеңесі Парламентке ауадай қажет пе? Жуырда Сенаттың жанынан сенаторлар кеңесі құрылды. Оның құрамына енгендердің дені Жоғарғы палатаның бұрынғы депутаттары. Құрамын жақында ғана жаңартып алған Сенатқа мұндай кеңестің қандай қажеті бар? Немесе, қазіргі депутаттардың біліктілігі, білімі жетпей жатыр ма екен? Көкейде осындай сауал көп.

Подробнее...

Мың құбылған министрліктер

Бақыт, жалғыздық және йога министрлігі жайлы естігеніңіз бар ма? Әлемде дәл осындай атаулы ведосмтсволар ашылуда. Бәрінің мақсаты бір. Тұрғындардың әл-әуқатын көтеріп, өмірге құштарлығын артТЫРу. Ал біздің елдегі жағдай қалай? Тәуелсіздік алғалы бері министрліктер сан мәрте құрылып, таралды. Тіпті оның шегі жоқ. Қазірдің өзінде 17 министрлік жұмыс істеп келеді. Бірақ, халықтың пікірінше саны бар сапасы жоқ органдардың санын қысқартып, елдің негізгі …

Подробнее...

Тегін картоп

Тегін картоп! Алматы облысына қарасты Ескелді ауданындағы шаруа қожалығының иесі жол бойына картоп төгіп тастаған. Оны көрген жақын маңдағы ауыл тұрғындары көліктерімен келіп, қажеттісін теріп алуда. Алайда, жомарт кәсіпкердің бұл қылығы жергілікті әкімдіктегілерге ұнамай қалған сыңайлы.

Подробнее...
X