Зейнеткерлікке шыққанда ешкімге керексіз болып қалдық! Еліміздегі экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы мамандары осындай шағыммен арнамызға хабарласты. Ғұмырының көп бөлігін алдымен кеденде, кейіннен қаржылық қылмысқа қарсы тұрғандарға мемлекет тиісті көмегін беруден бас тартқан екен. Неліктен жасына орай демалысқа кеткен жандар зейнетақысыз қалды?
Подробнее...Новости
Трендтегі президенттер
Селфилеткен президенттер Ереванда ерігіп жүрген жоқ. Кешелі бері әлеуметтік желіде, ақпараттық сайттарда бірқатар мемлекет басшыларының өздері түсірген суреттері жарияланды. Ішінде біздің Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Олардың мәз-мейрам фотоларына қарап, Армения астанасында өткен жиынның барлық елдер үшін нәтижелі аяқталғанын байқауға болады.
Подробнее...Зейнетақы қоры керек пе?
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» басшыларының әрқайсысы бір айда 2,5 миллион теңге жалақы алады. Қызметкерлерінің еңбекақысы да 400 мыңнан төмен емес. Заңгер Жангелді Сүлейманов осы ақпараттарды жариялай отырып, қордың айналасындағылар мұндай қомақты сома алатындай не тындырды деп сынады. Ал экономистер болса қордағы қаражат тиімді қолданылып жатқан жоқ, әр азамат өз салымын өзі басқаруы керек деген бастама көтеруде.
Подробнее...Ардагерлер наразылығы
Журналист Марат Тоқашбаевтың Ауған соғысы ардагерлеріне қатысты айтқан пікірі олардың наразылығын тудыруда. Бүгін 28 панфиловшылар саябағында бас қосқан экс-жауынгерлер өз пікірлерін ортаға салды. Ал, басқосуға келген Марат Тоқашбаев олардан кешірім сұрап, хабардың әлі эфирге шықпағанын жеткізді.
Подробнее...Қарттарға бір реттік көмек беріледі
«Қарттар күніне» елордалық әр қарияға 6 мың 313 теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Ол үшін бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, 70 мыңға жуық зейнеткер қамтылады екен. Алайда, белі ауырып, балтыры сыздаған егде тартқан кісілер «бұл қаржы ай сайын алатын дәрі-дәрмегімізге де жетпейді», — деген пікірде. Сыйлықты тағайындаған әкімдік болса, мұнымен қарияларға жеңілдіктер тоқтап қалмайды деп сендіріп отыр.
Подробнее...Жетісайлық әжейлер волейбол ойнауда
Қарттармен жарыс! Түркістан облысында бір топ әже спорттық серіктес іздеп жүр. Допты қолында ұршықша иірген қариялар өздеріне тең келетін қарсыласты кез-келген уақытта қапы қалдыруға дайынбыз дейді. Тіпті, ерлер құрамасынан жасақталған командаға төтеп беруге де әзір екен. Менің әріптесім Пернебек Біләлбек әжелер командасын іздеп тауып, олардың ойындарын көзбен көріп қайтты.
Подробнее...Дәрігерлер ісі
Алматылық дәрігерлердің қамауға алынуына Серік Күдебаевтың қатысы жоқ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай деп отыр. Ол сондай-ақ, бас дәрігердің шашын неге қырып тастағанын да түсіндірді. Қыркүйектің соңында басталған іске қатысты күн өткен сайын жаңа жаңалық жариялануда.
Подробнее...Жұмысшылар жалақы алмаған
Алматыда бір емес, бірнеше көпір салған құрылысшылар жалақыларын даулап, наразылық білдірді. Өйткені, сегіз айдан бері отбасымызды көрінгенге қарызданып, әрең бағып отырмыз дейді. Еліміздегі ең алып компания әр жұмысшының алдында екі млн теңгеге дейін берешек екен. Күнде ертеңмен құр уәдеге тойдырып келген соң, бүгін жергілікті биліктен көмек сұрады.
Подробнее...Азық-түлік қымбаттады
Ауыл шаруашылығы министрлігі шындығын айтты. Егіннің өнімі аз, нан бағасы қымбаттауы мүмкін. Көкөністің де құны шарықтап барады. Жазда 120-150 теңгеден сатылған өнімдер қазір 300-400 теңгеге жеткен. Бұл көтерме базарда. Басқа жерлердегі бағаны бағамдай беріңіз. Үкімет әрдайым уәде бергенімен, әдеттегі жағдай тағы қайталануда.
Подробнее...Зейнеткер де, жазасын өтеуші де 85 мыңға өмір сүреді
Елімізде зейнеткерлер мен өмір бойына жазасын өтеушілер бірдей қаражатқа өмір сүруде. Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 85 мың. Ал Үкімет ауыр қылмыс жасап, жазаға тартылғандарды осынша сомаға асырап отыр. Еркіндіктен бағалы ештеңе жоқ десек те, 36 мың зейнетақы алып жүргендердің жайы қазір қамаудағылардан мүшкіл болып тұр. Тілшіміз тарқатады.
Подробнее...






